Ата - аналарға кеңес «Музыка не үшін қажет?»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Музыка не үшін қажет?»

Балалның өміріне музыканы қосудың ең қарапайым формасы әр түрлі сәтте ересектің әні, сонымен қатар баланы ұйқтатып, жұбатарда айтатын бесік жыры, сауықтырып, баланы дамыту кезінде айтатын әр түрлі тақпақтары, белгілі бір жұмыс кезінде айтылатын лирикалық әндер болуы мүмкін.

Сәбиге бесік жыры тындату өте пайдалы.

Бесік жыры - ересек адамдардыңәлемінен балалардың әлеміне байланысы.

  • Анасы бесік жырын жырлағанда бала тез ұйықтайды.

  • Бала тынышталып, жақсы түстер көреді

  • Бала барлық сәтсәз жағдайларын ұмытып, ансының мейірімін сезінеді.

  • Баланың денсаулығына, даму денгейіне, кішкенай бөбектің мінезіне әсер етеді.

Геттингент университетінің ғалымдары Германияда эксперемент жүргізді.

Ересек тобында бесік жырларын ұйқығаәсерін зерттеген болатын. Әуенді тындаған кейін, балалрдың ұйқысы тыныш және қатты болды. Сонымен әуен үздік психотерапевт болды. Адам жағымды әуен тындап ұйықтағанда, ол жақсы түстер көреді.

Алынған әсерін бекіту үшін баланың балабақшада әрекетәі сұрап, ән айтуды, би билеуді немесе есіне сақтағанының сүретің салуды ұсыну.

Баланың есту қабілетін дамыту маңызды, бірінші кезекте зейіні мен есте сақтау. Көріп қана қоймай, тамшының дыбысын, өзеннің ағысын,жапырақтын шулын, қардың сықырлағанын, құстардың әнің, қоңыраудың үнін естіген дұрыс. Осы үндер мен дыбыстар балаларға денсаулық пен қуаныш сыйлайды. Дыбыстар әлеміне, оның дыбыстық палитрасына үңіле білуіне баулу басталады.

Музыканы күнде балалармен 5-10 минут тындауға болады

Музыканың әсер-ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез-құлқын өзгерте алады, сондықтан да, бұрынғының басшылары халықтың жөндеп музыка тыңдауын кадағалап отырған. Дүниеге келген адам баласы, өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілей туады, ал кайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің жаңғырығы ғана, әрі-беріден соң сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер. Содан да болар, баяу да бойлауық, зарлы да сарнауық әуен бел алған ортада халықтың санамен сарғайып, мұңға батқаны; егер ерке де еркін, жайдары да жеңіл, иірім-қайырымы алабұрта елпілдеген әуен бел алса, онда халықтың шат-шадыман ғұмыр кешкені; егер, қатқыл да қаһарлы, бастауы жігерлі, қоштауы асқақ, қайырмасы кең орамды әуен бел алса, онда халықтың өзіне-өзі сенімді де табанды болғаны; егер, қоңыржай да ашық, орнықты да қалыпты, байсалды да шыншыл әуен бел алса, онда халықтың сыпайы да ізетшіл болғаны; егер, шалқар да шалқымалы, жүрекке жылы жанға жайлы әуен бел алса, онда халықтың мейірім мен махаббатқа бөленгені. Сондықтан тек музыка арқылы, балаларды бөтен адамдардың қамығуын, қуанышын сезуге үйретеді, адамгершілікке тәрбиелейді! Ән көңілдің ажары деп текке айтпаған, тек ән мен музыка арқылы балаларды адамгершіліккке,мейірімділікке, әсемділікке тәрбиелеу мүмкін.

Отбасы музыкалық тәрбиеге баулудың алғашқы баспалдағы. Балаға музыканы сүюге тәрбиелесеңіз, сіздің өміріңіз жарқын, қызықты бола түседі.

Сонда нені тындаған абзал?

  • Барокко стиліндегі баяу музыка /Бах, Гендаль, Вивальди, Корелли/ тұрақты, қауыпсыздығын сезімін тудырып, сабаққа және жұмысқа қажетті рухани ортаны құрайды.

  • Класикалық музыка /Гайди және Моцарт/ түсінілігімен, тазалығымен, ерекшеленеді. Концентрацияны, есте сақтауды, жеке дарлығын оятады.

  • Романтизм музыкасы /Шубер, Шуман, Чайковский, Шопен және Лист/ Мәнерлігі мен сезімталдығы көрсетіп, жеке дарляғын оятады.

  • Поп музыка дененің қимылын білдіріп, игілік жағдайын құрайды

Музыка тындау, қабылдау баланың жалпы тұлға ретінде дамыуына пайдасы зор. Эмоционалды ілтипаттылыққа, қайырымдылыққа, ақыл-ой іс-әрекетін белсенді етуге, қозғалысты жетілдіріп ықпал етеді, эстетикалық сезімдрін дамытады.


© 2010-2022