Көркем әдебиет пәнінен сабақ жоспары Аққала

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы:Қатынас

Сабақ: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру

Тақырыбы: Аққала (Ғ.Орманов)

Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру.Қардан аққала соғып,қар қамалдарын тұрғызуға болатынын түсіндіру.

Қолданылатын көрнекілік:Аққаланың,балалар аққаланы соғып жатқан суреттер

Әрекет тің кезең

дері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотива

циялы-ынта

лан дыру

кезең

Ⅰ.Ұйымдастыру.

1)Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру.

2)Жаңа сабақ мақсаттарымен таныстыру.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?Оларды ата.

-Қысқы ойындарды ата.

Шаттық шеңбері:

Жүріңдер,балалар,

Сырғанақ тебеміз.

Құрыспай,құрыштай,

Шынықсын денеміз.


Шаттық шеңберін орындайды.






Ұйым дастыру-ізденгіш кезең

Ⅱ.Жаңа сабақ:

Дәптермен жұмыс:

Ғ.Ормановтың «Аққала» өлеңін жаттау:

Ауыл алды ақша қар,

Ақша қарда балалар

Соғып жатыр аққала.

Тәрбиеші:

-Қыста жерде не жатады?

-Қардан не жасауға болады?

-Аққала соғып көрдің бе?

Сергіту сәті:

Аула сырты,баққа да,

Тұрғызамыз аққала.

Аққаланы айналып,

Би билейміз шаттана.

Дидактикалық ойын: «Аққала құрастыр».Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді.Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.

3.Бекіту: Дидактикалық ойын - «Қар жинау» - шелекке қар жинау ойыны.

Суретпен жұмыс: суреттерге қарап әңгіме құрастырады.

Жұмбақ шешу:

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны. (аққала)

Өлеңді жаттап айту


Сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәтін орындау


Ойынды ойнау


Ойын ойнау

Суретке қарап әңгіме құрастырады.

Жұмбақты шешу

Рефлек сиялы -

түзету кезең

Ⅳ.Рефлексия:

-Балалар біз бүгін көркем әдебиет пәнінде қандай тақырыпта әңгімелестік?-Қандай тақпақ жаттадық?Сабақта тағы не істедік?Сабақ сендерге ұнады ма?

Қорытынды:

-Аққаланы неден оғамыз?

-Қардан қолымыз тонбас үшін не киеміз?

Суық тиіп қалмас үшін қалың киінуіміз керек.

Ⅴ.Бағалау.

Сұрақтарға жауап беріп , сабақты өз ойларымен қорыту.


© 2010-2022