Шығармашылық. Тақырыбы: Ұзын құлақ сұр қоян

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Шығармашылық. Тақырыбы : Ұзын құлақ сұр қоян.

Кіші сала : Сурет.

Мақсаты : Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру, дөңгелек және үлкен-кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс : ұзын құлақ сұр қоян. Үш тілділік : ұзын құлақ сұр қоян- длинные серые уши кролика, Long gray rabbit ears. Көрнекі құралдар : демонстрациялық материалдар.

Әрекеттің кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Талаптандыру, дәлелдеу.

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберін жасау үшін ортаға шақырады.Қолдарын созып, бір-бірімен жақсы көңіл күймен амандасады.

Шаттық шеңбері :

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік бәріңізге

Құрметпенен біз

Шаттық шеңберге тұрып, өлең сөзіне сәйкес қимыл жасайды.


Ұйымдастыру ізденіс.

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдар.

Ұзын құлақты, жылдам аяқты,

Сәбізді жақсы көретін, ол не?

Тәрбиеші қоянның суреттерін көрсете отырып , балалардан қоянның қайда тіршілік ететіні, құлағы неге ұзын екені, қалай қалай секіретіні, неге сұр қоян деп аталғаны жайлы сұрап, өзі жауаптарды толықтырып түсіндіреді.

Балаларға ұзын құлақ сұр қоянның суретін салуды ұсынады. Қоянның дене мүшелерін: басын дөңгелек, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектермен сызып салуға болатынын көрсете отырып түсіндіреді.Көрсетілген үлгі бойынша қоянның суретін салғызады.Әдемі болу үшін сұр түсті қарындашпен немесе бояумен солдан оңға қарай бояуға болатындығын көрсетеді.

Сергіту сәті:

Қояным, қояным,

Орныңнан тұра ғой.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бетіңді жушы,

Қолыңды жушы,

Орныңда секірші!

Секір-секір-секір!


Балалар қоянның сәбізді жақсы көретінін, өзі сондай қорқақ екендігі, орманда тіршілік ететіні жайлы айтты.


Балалар тәрбиешінің түсіндіруі бойынша тәрбиешімен бірге үзік сызықтарды жүргізеді. Дайын суреттерді түрлі - түсті қарындаштарды пайдаланып бояйды.


Қорытынды.

Тәрбиеші балалардың қоянды әдемі салғандарын айтып мадақтайды. Қоян жайлы әңгімелесіп, қоян туралы қандай өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар білетіндерін сұрайды.

Балалар қоян туралы не білетіндерін айтады.

Күтетін нәтиже :

- қоянның дене мүшелерінің атаулары.

Игереді : - қоянның дене мүшелерін, жейтін азық түрлерін.

Меңгереді :

- суретті түрлі түсті қарындашпен біркелкі етіп бояуды. Есепберу:_________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



© 2010-2022