Жұмбақ арқылы балалардың тілдік қорын дамыту. Достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жұмбақшы апаймен сырласу клубы»

Ортаңғы топқа арналған

Мақсаты: Ертегі арқылы балалардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін,қиялын жетілдіру.Тіл дыбыстарын нақты,анық айтуға дағдыландыру.Жұмбақ арқылы балалардың тілдік қорын дамыту.Достыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Пештің макетті,бидай,келі,ұн,дайын қамыр,таба,нан.

Қатысатын кейіпкерлер:Тауық пен тышқан.

Өтілу барысы

«Жұмбақшы апаймен сырласу клубын» жұмбақты «Қыт-қыттың сыры» атты ертегі желісі бойынша өтіледі.

Жұмбақ арқылы балалардың тілдік қорын дамыту.Достыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.

Ертеде тышқан мен тауық дос болыпты.Тышқан жата беретін жалқау болса,ал тауық күні бойы қыт-қыттап тамақ іздейді екен.

Бір күні тауық қыт-қыттап жүріпіз көреді.Іздің бойымен жүреді де,іздің бетінде жазу болады. «Егер де жұмбақ шешсең азық табылады»,-делінгенді оқиды да жүгіріп тышқан досынан көмек сұрайды.

Тауық: Тышқан досым,мен бір із таптым.Сол ізде «Егер де жұмбақ шешсен азық табылады»,-делінген.Кел екеуміз жұмбақ шешіп азық тауып алайық.Маған көмектесші.

Тышқан: Қойшы,өзім шаршап жатсам,мазамды алмашы.Басқалардан көмек сұрашы,-деп тауық досына көмектеспейді.

Тауық балалардан көмектесулерін өтінеді.

Тауық:Балалар,маған көмектесіндерші,Мына жұмбақтарды бірге шешейік.

Балалар тауыққа көмектеседі. Жұмбақ нанның қандай жолмен жасалатына байланысты жасырылады?

1-ші жұмбақ

Елге астық сыйлаймын

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма сыймаймын.

Сонда мен қандай дәнмін? (бидай)

2-ші жұмбақ

Жаңа табақ түбі тесік,

Тақ-тақ етті,

Астынан ақ керуен өтті. (Елеуіш,ұн)

3-ші жұмбақ

Үсті тас,

Асты тас,

Ортасында піскен ас. (Таба нан)

4-ші жұмбақ

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан)

Тауық қулана дауыстап «Дәмді нанды кім жейді»,- деп дауыстайды. Тышқан: «Мен жеймін, мен жеймін»- деп жүгіріп,тауықтың қасына келеді.

Тауық: «Сен маған көмектеспей қойдың,ал балаларға ризамын. Олар барлық жұмбақтарды шешуге көмектесті. Мен досымды ешқашан ренжітпеймін,екеуміз және балалармен де бірге дәмді нанды жейміз»-деп бәрі бірге дәмді нанды жейді.

Балалар тауыққа жұмбақты шешу арқылы көмектескендеріне риза болады.

Тауық: Балалар, бүгінгі «Жұмбақшы апаймен сырласу клубына» өте жақсы қатыстыңдар.Мен сендерге ризамын.Білімді,ақылды бала болып өсулеріңе тілектеспін.Келесі кездескенше,сау болыңдар.



© 2010-2022