Открытый урок для предшколы по теме Бақшада

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу іс-әрекетіне ұйымдастырылған технологиялық карта

Білім беру саласы:Таным

Білімі:Қоршаған ортамен таныстыру, экология

Тақырыбы:Көкөністер. Жемістер.

Сабақтың мақсаты:Баланың ойлау және сөйлеу қабілеттерін одан әрі қарай дамыту; көкөністерді жемістерді ажырата білуге үйрету;сәбіз, қызанақ, пияз жерде, сабақта өсетіні туралы білім беру.

Әңгімені қайталап айтуға үйрету, мүсіндеу әдіс-тәсілдерін дамыта отырып, домалақтау, шымшып созу, иық бұлшық еттерін жетілдіре отырып, қимыл-қозғалыс үйлесімдігін дамыту.

Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, бастаған існ аяқтауға ,еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу:

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, өз-өздерін бағалау, практикалық, ізденіп зерттеу...

Көрнекіліктер:Күз туралы сурет, көкөніс және жеміс суреттері,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Аспанымыз ашық болсын

Күнімізді бұлт баспасын

Әрқашан жақсылық болсын

Бәріміз дос болайық!

Балалармен шеңберлеп отырып әңгімелесу.

Тәрбиеші:-Балалар, сендер ұйқыдан тұрғанда сыртта нені көресіңдер?

-Күнді көреміз, күннің жарқыраған нұрын көреміз.

-Күннің нұрын көргенде қалай қуанасындар?

-Алақай, алақай деп қуанамыз.

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?Оны жеке-жеке атаңдар?

-Бір жылда төрт мезгіл бар:қыс, жаз, көктем, күз.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі.

-Дұрыс айтсаңдар, балалар,мына суретте не көріп тұрсыңдар?

-Күз мезгілі.

-Ал, балалар, күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Жапырақтар сарғаяды, күн суытады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Жемістер, көкөністер піседі.

Суретпен жұмыс:

Тәрбиеші:-Балалар, мына суретте күзгі бау-бақшаны көріп отырмыз, мұнда балалар алма теріп жүр.Мынау Темірлан, алманы талдан теріп жатыр, ал қыздар алманы себетпен тасып, жәшікке жинайды.Бақшада не өседі, балалар, қызанақ, қияр, пияз, қырыққабат.

-Ал, балалар, алма, алмұрт, жүзім, өрік талда, бұтақта өседі.Қызанақ, қияр, пияз, қырыққабат жерде өседі.Сонымен, балалар, біз көкөністердің, жемістердің қайда өсетінің білдік.Ал мына суретте не көріп тұрмыз, балалар. Қызанақ, құлпынай, қияр қай жерде өсіп тұр?

-Құлпынай сабақта өсіп тұр.

-Күз мезгілі туралы тақпақ немесе жұмбақтар білесіңдер ме?

-Білеміз.

Тәрбиеші:- Жарайсыңдар, балалар, ендеше сендерді тыңдаймыз.

2-3 бала өлең жолдарын оқиды.

Күз келіпті дегенше

Мереке болсын дегецсін

Қонаққа келіп тұратын

Апайларымыз көбейсін


Сары алтындай сары күз

Қамбадағы дәніміз

Шелек-шелек балымыз

Ағыл-тегіл дәніміз

Тәрбиеші:-Ал, енді жұмбақ жасырамын шеше аласыңдар ма?

-Иә.

Жапырағын сыпырды

Қайыңды жел тонады

Қар тайған шал сықылды

Қайың енді тонады

-Бұл қай кезде болады?

-Күзде болады.

Тәрбиеші:-Ал, енді сендер жасырыңдар.

Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді

(Күз)



Қызыл сары кемелер

Су бетінде қалқиды

Соқса егер салқын жер

Ырғалады толқиды

(Жапырақ)

Тәрбиеші:-Балалар, бізге қонаққа Алтын күз келемін деп еді,қараңдаршы келе жатыр ма екен?

Балалар қарап, Алтын күзді қарсы алады. Осы кезде көңілді әуенмен Алтын күз билеп кіреді.Сәлемдеседі, күз туралы өлең оқиды.

Алтын күз:-Міне, балалар, манадан бері мен туралы сендер тақпақ, жұмбақ айтып жатырсыңдар.Сендерге ормандағы аңдар мынадай ойын түрлерін тапсырма ретінде беріп жіберді.Алдымен тапсырманы орындау үшін екі топқа бөлінейік те, әр топқа ойланып ат қояйық.

Балалардың көмегімен топтпрға Қояндар, Кірпілер деп ат қояды.Балалардың жеміс, көкөніс сөздерінің мағынасын тереңірек түсініп,есте сақтау үшін Алтын күз балалардың өздеріне осы сөздерге мысалдар келтіреді.

Алтын күз:-Балалар, қандай жеміс түрлерін білесіңдер?

Балалардың жауабы.

-Ал қандай көкөністерді білесіңдер?

Балалардың жауабы.

Алтын күз:-Енді, балалар, кірпіні бәріміз білеміз.Кірпінің азығы саңырауқұлақтар.Саңырауқұлақ қайда өседі?Орманда, қалың ағаш арасында, ал сәбізді сендер білесіңдер.

Сәбіз бақшада өседі.

-Ал қазір кірпілер келіп орманға саңырауқұлақтарды жинайды, ал қояндар сәбіз жинайды.

Тәрбиеші:-Ал балалар, кірпі мен қоян туралы тақпақ білесіңдер ме?

2 бала тақпақ оқып береді.

Алтын күз:-Ой, жарайсыңдар, енді тағы бір ойын ойнайық.Ол ойынымыздың аты Ғажайып қоржын.Қояндар мен кірпілер ортаға шығып, қоржыңдағы жеміс көкөністерді сипап сезу арқылы аттарын табады.

Тәрбиеші:-Өте тамаша, балалар, рақмет сендерге.Ойынды барлығын жақсы ойнадыңдар.Бізге Алтын күзді құр қайтармайық, саз балшықтан көкөніс-жеміс жасап берейік.Келісеміз бе, балалар?Біздің жасаған жұмыстарымызды ормандағы аңдарға ала кетсін. Олар да қуанып қалсын.

Саз балшықпен жұмыс жасау.

Алтын күз сыйлығын алып, балалардың тапқырлығына, ептілігіне, зеректігіне риза болып, орманнан алып келген сыйлығын табыстап,қош айтысып кетеді.



© 2010-2022