Сауат ашу Ашық сабақ ъ белгісі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ъ белгісі және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ъ белгісімен таныстыру. Оқуға жаттықтыру. Ой белсенділігін арттырып сөздік қорын молайту. Оқуға деген белсенділігін арттыру. Ұйымшылдыққа, әдемі, сауатты жазуға машықтандыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Дыбыстардың дауысты және дауыссыз екенін ажырату, дыбыстық талдау жасауға, баланың ойлау қабілеттін, сөздік қорын дамыту. Дидактикалық ойындар арқылы пәнге қызығушылығын ояту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Балаларды достыққа, мейірімділікке, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Ъ белгісі мен әрпі, интерактивті тақта.Текшелер, буындар,

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын мадақтау.

Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар, осы аптада біз не туралы айтып жатырмыз?

-Көктем мезгіліне тән құбылыстарды айтыңдаршы!

-Көктемде күн жылына бастайды. Ағаштар бүршік жарады. Құстар қайта келеді.

Сауат ашу Ашық сабақ ъ белгісі

-Жарайсыңдар, балалар!

Ендеше көктем сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

К-дауыссыз

Ө-дауысты

К-дауыссыз

Т-дауыссыз

Е-дауысты

М-дауыссыз.

-Балалар, біздің қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

-он бес дауысты дыбыс, жиырма бес дауыссыз дыбыс, жәнеде біздің екі таңбамыз болатын.

Өткен сабақта ь белгісін өткен болатынбыз.

ь белгісінен келетін сөздер айтайық.

Лагерь, коньки,

Сабақтың тақырыбын баяндау.

-Балалар, тақтаға қараңдаршы!

ъ белгісі ешқандай таңба емес. Дауыссыз дыбыс пен кейбір дауысты ажырататын таңба ретінде қазақ тілінде орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады.

Мысалы: Разъезд. 7-әріп 6 дыбыс

Разезд дегеніміз , пойыздар келе жатқанда шағын елді мекендерде тоқтап тұратын жерлерді разъезд деп атайды.

Подъезд. Подъезд дегеніміз бұл не балалар?

Өте дұрыс айтасыңдар!

Подъезд дегеніміз көп қабатты үйлерде болады.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар

Таудай болып өседі.

Қимылмен көрсету.

Дәптермен жұмыс:

Ъ белгісін дәптерге әдемі жазу.

Сауат ашу Ашық сабақ ъ белгісі

Ъ белгсі бар сөздерді оқу. Дыбысқа талдау жасау.

Сауат ашу Ашық сабақ ъ белгісі

Ойын: Жоғалған буындар ойыны:

Ойынның шарты: Мен бірінші буынды көрсетемін. Сендер жоғалған буынды табасыңдар.

Сауат ашу Ашық сабақ ъ белгісі

Қорытынды:

Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не үйрендік.

-Ъ белгісі бар сөздерді оқып үйрендік, дыбыстық талдау жасадық. Ойын ойнадық. Мадақтау, жұлдызша тарату

Мұнайлы ауданы

№5 орта мектеп


Ашық сабақ





Пәні: Сауат ашу және жазу

Тақырыбы: ъ белгісі және әрпі

Өткізген: Селбаева Р. М.

«О» И сынып



2013-жылы

2013жылы












© 2010-2022