Айналаны қоршаған орта. Сабақ жоспары: Көрікті көктем

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыбанберлиева Ақнұр Бейсенбиевна

Мектепалды даярлау сыныбының жетекшісі

Білім беру саласы «Әлеуметтік».

Бөлімі Айналаны қоршаған орта

Тақырыбы Көрікті көктем

Мақсаты:

Балаларды көктем мезгілінің әсемдіктерімен таныстыру, түсінік

беру

Көрнекілік көктем мезгілінің суреттері

Әдіс-тәсілі сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар көктем мезгілінің ай аттарын біледі.

  • Ойындар, суреттер арқылы, көктем мезгілінің бейнелеуді біледі.

  • Бірлесе жұмыс жасауды дағдыланады.

  • Бірін- бірі бағалауға, тыңдай білеуге үйренеді.

  • Пәнге деген қызығушылығы , белсенділігі артады.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы



Іздену- ұйымдастыру



























































Рефлексивті коррекциялау

Шаттық шеңбері

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше баламыз.

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсіздер ме?-деп,

Амандасып аламыз.



  • Рахмет,өте тамаша!Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Дұрыс айтасыңдар!

  • Көктем мезгілінде қандай айлар бар?



  • Енді, көктем мезгіліндегі табиғатты суреттеп беріңдерші.



  • Көктемгі күн жерді қыздырып, табиғаттағы бар тіршілік иелері тәтті ұйқысынан оянып, гүлдер Жер-Анадан күш алып, жапырақтарын жайып, күнге қолын созады. Көктемде жаңбыр себелеп жауып, күн жан-жануарға шуағын шашады.

«Ой қозғау»

  • Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.

Бұлтты айдап , желдеткен,

Нөсерлеткен , селдеткен.

Шалшық кешіп ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?



  • Дұрыс, көктем мезгілі

  • Балалар,сендер көктем мезгілінде алғаш шыққан гүлдерді білесіңдер ме?

  • Көктемде қар астынан шығатын гүлдерді «бәйшешек» деп атаймыз.

  • Балалар мен сендерге әртүрлі суреттер көрсетемін. Мына суреттерді көрсеткен себебім :бұл жәндіктер көктем мезгілінде тіршілігін жалғастырып , күн жылынғанына қуанады екен.

  • Үйдегі өзіміздің күнде көріп жүрген үй жануарлары да көктемде төлдейді.

Сергіту сәті

Екі қоңыз би - биеп,

Тамаша бір күй күйлеп.

Оң аяқпен топ -топ,

Сол аяқпен топ - топ,

Көтер қолды жоғары,

Өрле биік көкке.

Сәйкестендіру ойыны

  • Балалар қане «Төлін тап» ойынын ойнайықшы.

Шарты: Тақтаға жануарлардың анасын іліп қоямын , ал сендер олардың төлін тауып , дауысын саласыңдар.

  • Өте жақсы «Қайсысы артық?» ойыны

Шарты: Мен сендерге көптеген, жыл мезгіліне байланысты суреттер көрсетемін. Сендер соның ішінен көктем мезгіліне қатысы жоқ артық суреттерді табасыңдар!

  • «Сипатын тап» ойыны:

Шарты: Мен сендерге жемістерді көрсетемін.Сендер көздеріңді жауып , қандай жеміс екендігін табасыңдар.

  • Жарайсыңдар,балалар!

Венн диаграммасы

Мен тақтаға суреттерді ілемін, осының ішінен көктем мезгілінің суреттерін тауып , бір көрінісін жасап шығыңдаршы!

көктем

жаз



  • Дұрыс , тамаша!

«Кім зейінді» құрастыру ойыны

Мен сендерге көктем мезгіліне байланысты суреттерді көрсетемін , сендер өз ойларыңмен суреттерді дұрыс жапсырып шығасыңдар!

Қорытынды ой

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қай жыл мезгілі туралы әңгімеледік? Бүгін орындаған тапсырмалар ұнады ма? Не білдік!

Не үйренгіміз келеді!

Белсене қатысқан оқушыларды жұлдызшамен бағалаймын.

Балаларды мадақтап, бағалау

  • Сабағымыз осымен аяқталды!

Шаттық шеңберіне тұрып өлеңді орындайды.



көктем

Наурыз,сәуір, мамыр

Балалар өз ойларын айтады.







Сөз сөйлеу

Көктемде күн жылынып, байшешек шығады

Бәйшешек нәзік, әдемі гүл

Балалар суреттерге мұқият қарап , мұғалімді тыңдайды.

Ойын ойнайды. Анасын төлімен қосып, даусын салады.

Суреттерден артық суретті табуға тырысады.

Балалар көздерін жұмып , жемісті табады.

Балалар суреттерді екі бөлікке бөледі.





Балалар педагогты мұқият тыңдап, берілген тапсырманы орындайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.



© 2010-2022