«М. Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ӨРЛЕУ» АҚ

ПК БАИ ШҚО бойынша филиалы

Ж О Б А





ТАҚЫРЫБЫ: «М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму»





Жетекші:п.ғ.к. Нуртазина.Е.М.

Дайындаған: Сабырбаева.Д.А













Өскемен,2015



Мазмұны

КІРІСПЕ

1. М.Монтессори өмірінен.

1.1 М. Монтессоридің қағидалары

1.2 М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық дамудың мақсаты.

1.3.Жобаның өзектілігі

2.М. Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму

2.1. Монтессори әдістемесі.

2.2.М. Монтессори жасаған жүйе бойынша оқу бағдарламаларында көрніс табуы

2.3Баланың сенсорлық сезімдерін дамытуға арналған ойын түрлері.

3. Болжау

3.1. Қорытынды

3.2. Әдебиеттер тізімі





КІРІСПЕ


Баланы дамытуға арналған бағдарламалар өте көп.Бірақ М.Монтессори әдістемесі қазіргі таңда баланың танымдық белсенділігін, сенсорлық эталондарды қалыптастыруда негізгі тиімді әдістері болып табылады. Баланың сенсорлық тәрбиесі- бұл заттардың сыртқы қасиеті туралы көзқарастарын қалыптастыру және қабылдау тәрбиесі, яғни олардың формасы пішіні,түсі, көлемі. Кеңістікте орналасуы, сонымен қатар иіс және дәм сезу т.б.

Ерте жас сезім мүшесінің іс-әрекетін жетілдірудің сәтті кезеңі.Қоршаған ортаға деген көзқарасының жиынтығы.Cондықтан сенсорлық тәрбие бұл мектеп жасына дейінгі тәрбиенің аса маңызды жағы. Сенсорлық тәрбие жалпы ақыл-ой дамуының негізін қалайды, ол баланың сәтті оқуының қажеттілігі. Заттарды қабылдау, және қоршаған ортаға деген танымдық айғағы.

Мектепке дейінгі ұйымдарда Монтессори әдісін қолдану арқылы баланың небір қасиеттерін ашуға болады.Баланың сөйлеу тілі 6 жасына дейін қарқынды дамиды.Яғни ол тек қана сөйлеп қоймай,заттарды ұстап,сипаттап,көріп,танып,ойланады.Және де қоршаған ортамен тығыз байланыста болады.Ол үнемі ізденісте,жаңа бір ұғымды танып білуге осы әдіс арқылы құштар болады.Бүгін біз өз жобамызда Монтессори әдісі бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың сенсоматорлық дамыуын жетілдіруде М.Монтессори технологиясын қолдану мүмкіндіктерін ұсынамыз.

.



1«М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/.М.Монтессори өмірінен.

Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори (1870-1952) тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен ырғақта дамиды Итальяндық дәрігер және педагог М.Монтессори балабақшадағы балалардың және бастауыш мектеп оқушыларының ерте дамуы мен еркін тәрбиелеу идеясын алға тартқан . Алғаш рет өзінің жүйесін ақылы кеміс мектепке дейінгі жастағы балаларға қолдануды 1907 жылы бастады.Ол қиындығы бар кішкентай балаларға ересен еңбек сіңірмей-ақ білім мен дағдыларды сондай жоғары деңгейде меңгеретіні соншалықты, олар, тіпті, дені сау құрдастарымен теңесіп, кейде асып түсетін ерекше дамытатын ортаны жасай алды. Баланың тұлға ерекшеліктері мен дағдыларының қалыптасуына мүмкіншілік туғызу және де интелектуалдық , жеке бас қасиеттерімен физиологиялық дамуын жүзеге асыру. Яғни тәрбие және білім беру процесі үнемі жүзеге асады. Жұмыс жасау барысында баланың жас ерекшелік психологиясын, даму процесінің психофизиологиялық заңдылықтарын ескере отырып, әрбір балаға ерекше көзқараспен қарым - қатынас жасайды. Монтессори педагогика жүйесінде жүргізілетін жұмыстардың барлығы бақылауда жүреді.

«М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/

1.1. М.Монтессоридің қағидалары

М.Монтессори Әдістемесі


  • Антропологиялық қағидасы - Монтессоридің педагогикасы "баладан" басталады, оның ортасында білімі антропология мен психология тұрғысынан құралатын бала тұрады. Бұл педагогикалық жүйеде адамның еркіндігі мен қадір-қасиетіне деген көзқарас бала кезінен маңызды болып келеді.

  • Бала дамуы еркіндігінің қағидасы - тәрбие құрылымының өзгеруінің астарында Монтессори тәрбиелеу үрдісіне "еркіндік жағдайларын" жасауды түсінеді.Басты мақсат еркін, өздігінен ойлай алатын, өзін басқара алатын, жауапты жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Осыдан Монтессори бойынша білім берудің девизі пайда болады: "Өзіме істеуіме көмектес".

  • Назарды шоғырландыру қағидасы - Ұзақ уақыт алаңдамай бір нәрсеге назарын аударып жұмыс істеу, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, материалмен қалай жұмыс істеуді көрсетіп беретін педагогтың қимылын мұқият бақылау, егер қажет болғанда түсініктемелерді тыңдау, өздігінен жұмыс істеу және өзінің қателерін бақылауда басқаларға бөгет болмау орындалғанда ғана еркін және өздігінен бір іспен айналысуға болады. Монтессори мұны "назардың поляризациясы" деп атады.

  • Арнайы дайындалған оқыту орта қағидасы - қоршаған оқыту ортасын жасағанда баланың физикалық мүмкіндіктері міндетті түрде ескеріледі. Оңай қол жететін сөрелерде оқып үйренушіні жан-жақты дамытатын керемет мүмкіндігі егжей-тегжейлі ойластырылған көптеген дидактикалық материал қойылады. Өз еркімен таңдап алынған істің мәнін ақылға салу пайда болады.

  • Сензитивтілік қағидасы - Монтессоридің дидактикалық материалы өзінің құрылымы мен заттық логикасы бойынша бала дамуының сензитивті кезеңдеріне сәйкес келеді. Монтессори, мысалы алты жасқа дейінгі баланың дамуын алты сензитивті кезеңдерге бөлді: сөйлеу дамуының сензитивті кезеңі, қабылдау мен тәртіп орнатудың ("ұқыптылықтың сензитивті кезеңі"), ұсақ заттарды үйрену, қимыл мен істі үйрену, әлеуметтік дағдылардың дамуы.

  • Шектеу мен тәртіп қағидасы - тәртіпті бұзу мен қайта қалпына келтіру - бала іс-әрекетінің ең күшті мотиві деп санады Монтессори, себебі балаға өзінің айналасындағы заттардың бір орында тұрғаны ұнайды, ол осы тәртіпті бұзған болса, қайтадан өз орнына келтіргісі келеді. Тәртіпті жасағанда және орнатқанда баланың табиғи қажеттіліктерін ескеру керек.



  • Әлеуметтік тәрбиелеу мен интеграция қағидасы - жеке жұмыс пен жеке қызығушылықтың болуы жасы мен тәжірибесі гетерогенді (даму кезеңі мен тәжірибесі бойынша әртүрлі және әр жастағы) топтарда жеке жұмыс істеуге арналған оқу құралдарына байланысты болады. Балалардың арасында өзара көмектің табиғи жүйесі дамиды: кіші жастағылар үлкеніректерден көмек сұрайды (сондықтан, кейбір қиналған кездерде педагогтың көмегі керек бола бермейді).Олар үлкендердің ісін қайталайды, тәртіпті үйренеді.













1.2 М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық дамудың мақсаты.

Мақсаты:

Балалардың ұсақ кол моторикасын дамыта отырып ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Міндеттер:

1. Баланың қабілетін дамытуда сенсорлық даму ортасының ролі.
2. Сенсорлық ойын арқылы баланың алғашқы қарапайым ұғымдардың қалыптастыру.



1.3.Жобаның өзектілігі

Тақырыптың өзектілігі Баланың дамуына арналған орта ұйымдастыру.Баланың өз бетімен жұмыс жасауына кедергі келтірмеу, тек қана бір жағдайда көмектесу керек, тек қана өзі көмек сұрағанда.Балаға айналаны қоршаған ортаны тануға көмектесу, соған арнайы жағдай туғызу.Баланың қызығушылығын ояту, дамыту: Заттық орта баланың көру, есту, тату, сипау,дәм,иіс сезімдерін тәрбиелейді. Осы алтауы бізді заттық ортамен таныстырады.Мектепке дейінгі балалардың тұлғасының негізгі құралдарының бірі - орта. Орта бала үшін жаңа білім мен әлеуметтік тәжірибенің көзі. Мектепке дейінгі ұйымның тұтас педагогикалық үрдісінде дамытушы ортаның рөлі. С.Л.Новоселованың пікірінше, дамытушы заттық орта балалардың дербес шығармашылық және ойын әрекеттерін ұйымдастыру үшін қажетті материалдар, ойыншықтар, құралдар, іс-әрекетінің материалдық нысаналардың жүйесі. Оның басты бағыттарының бірі балаларды әлеуметтендіру және оған сәйкес заттық дамытушы орта құру. «Заттық ортаны» осылайша игерудің баланың тұлғалық жағын дамыту, бұйымдық әлемге шығармашылық көз қарасын ояту үшін зор маңызы бар. Баланы әлеуметтендіруде дамытушы заттық ортаны құрудың педагогикалық талаптарға сәйкестігі болашақтың зерттеу мәселесі деп есептейміз. Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын түрі- заттық орта. Заттық орта әр түрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық , дене, адамгершілік т.б тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады. Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі педагогикалық құрамның бір бөлігі деп айтуға болады. Заттық ортаны алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдау мен түйсікке негізделеді. Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды көру, есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер: ес, қиял, ойлау пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көру не есту керек. Адамның ақыл-ойының дамуына қабылдау мәнді рөл атқарады, әр түрлі іс-әрекетте әрқилы тәжірибелік істердің реттеушісі болады.Көркемдік шығармада заттық ортаның рөлі зор. Мысалы: музыкалық шығармаларды музыкалық есту қабілетінсіз, бейнелеуді нәзік түстерді қабылдаусыз, поэзияны жетілген тіл сенімінсіз түсіну мүмкін емес.Психологиялық дамуда заттық үрдісінің рөлін бағалай отырып, белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруде баланың жеке қабілетін ескеру өте маңызды. Ақыл-ой және дене еңбегінің барлық түрлерінде, баланы болашаққа қоғамдық іс-әрекетке даярлауда, оның сезімдік қабілетін дамыту қажет, яғни түстерді, пішіндерді, дыбыстарды дәл және дұрыс айыра білуге үйрету, қоршаған ортадағы құбылыстардың өзіндік қасиеттерін дұрыс қабылдау қажет. Сәбилік шақта айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте маңызды мәнге ие болады. Дәл осы шақта баланың психологиялық дамуының негізі қаланады. Баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүние танымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой-

Жылдың аяғында 3-4 жас аралығында балалар заттық ортадағы қойылатын негізі талаптар мынадай: Балалар бес түсті (ақ, қара, қызыл, сары, көк) білуге тиісті, жылдың соңына қарай жасыл түсті үйретуге болады. Түстеріне сәйкес топтау заттық құрамына қарай түстерге белгілеу. Үш пішінді (үшбұрышты, төртбұрышты, дөңгелекті) білуге тиісті. Пішіне сәйкес топтау. Заттық ортада құрастыру жұмыстары арқылы үйренген сөздерін (киіз үй, ағаш тостаған, ағаш қасық, қоржын, көрпеше, кілемше, ою, білезік, сақина, алқа, сәукеле, тақия, белдік) толық меңгеруге тиісті. Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында шынайы өмірде тиімді ету қабілеттерін дамыту үшін - монтессори әдісін қолдану тиімді деп білдім. Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Монтессори материалы қандайда бір іс- әрекетке итермелейді.



2 М.Мантессори жүйесіндегі сенсорлық даму

М.Мантессори жүйесіндегі сенсорлқ даму - әр сезім мүшелерін дамытуды ұсынады. Бұл материал арқылы заттардың көлемін, түсін, өлшемін, дыбысын ажырата алады. Жеңілден ауырға көтеру ұғымы қолданылады. Бала моторикасымен сенсорикасын жаттықтыру үшін материалды қайталауға тура келеді. Материалды қолданған соң бала жоспарлау, дайындау, бір тапсырманы соңына дейін орындауға тырысады. Бірақ сабақ кезінде бала сол материалмен жұмыс жасау жолын толығымен таныс болу керек. Мұнда жұмыс барысында балаға сөз беріледі. Тапсырманы орындай алмайтындарға қайтадан тағы бір сабақ өткізу керек. Алған білімін бекітіп, содан кейін жаңа сабақты өтілуі керек. Сабақ 3 құрылымнан тұрады:

1. Көлемін анықтауға арналған материалдар;

2. Бір сызықтың бойымен жүру;

3. Тыныштандыру жаттығулары;

Сабақ балаға өзін-өзі танытуға талпындырады.

1.Көлемін анықтауға арналған материалдар:

Ойынның түрі «Қызғылт башня»

Керекті құралдар: «Қызғылт башня» 10 шаршыдан құралады (ауыр ағаш, қызғылт түс) шаршының мөлшері 1см ден 10 см ге дейін барады.

Мақсаты: үлкен, кішкентай түсініктері қалыптасады. Моторикасын дамытады. Жас мөлшері 3 жастағы балалар. Материалмен жұмыс жасау жолдары: кілемнің үстінде шаршылар шашылып жатады. Мұғалім баланың алдына ең үлкен шаршыны қояды, ал бала сондай шаршыны сол шаршының үстіне қою керек.

1.Затты дұрыс атауға үйрету.

2.Заттың атын атау бала сол затты алып келеді.

3.Затты атап жаттығады.

2.1. Монтессори әдістемесі.

Әдістің ұраны: «Мұны менің өзімнің орындауыма көмектес»

Өз бетіммен жұмыс жасауға қолдау көрсет

1870-1952 жылдар аралығында кішкентай балаларды тәрбиелеп оқытуға байланысты, ерекше әсерлі жүйені жер шарына кеңінен әйгілі еткен көрнекті үздік итальяндық ғалым, дәрігер-антрополог, философ, психиатр және психолог, педагог-гуманист Мария Монтессори. Монтессори педагогикасының феномені: даму жолындағы адамға түсетін кез-келген авторитарлық қысымды жоюға тырысу және де бала табиғатына шексіз сенім арту. Монтессори өзінің әдістемесін қалыпты табиғи жағдайда баланы бақылай отырып құрды.

Бала оқытушының әрекетін тура қайталай отырып , өмір талабына үйренуі мүмкін бе? Баланың мұндай жағдайда өзін жарыққа шығару мүмкіншілігі жоқ, сол себептен де баланың нақты табиғатын тану мүмкін емес. Біздің әріптестер әр уақытта оқу мен тәжірибе ала жүріп , білімдерін жетілдіруде. Әрбір баланың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру мақсатында біз монтессори жүйесінің негізгі принциптеріне еруге тырысамыз.

Монтесори білім ортасында балалар өмірге қажетті келесі төмендегі дағдыларды бойларына сіңіреді:

Өз бетімен жұмыс жасау қабілеті

  1. Шыдамдылық

  2. Өз бетінше шешім қабылдап оған жауапкершілікпен қарау

  3. Талапкерлік

  4. Қоршаған ортаны сыйлау

Сонымен қатар:

  • Өзінің таным белсенділігін дамыту

  • Табиғи қабілеттерін дамыту

  • Өзіне деген оң көзқарасын, сенімділігін, өзін-өзі бағалауын арттыру

  • Әлеуметтік белсенділігінің артуы

  • Оқып білуге деген сүйіспеншілігін арттыру сияқты, тұлға қасиеттері қалыптасады.

АЛ ЕҢ БАСТЫСЫ,

Монтессори педагогтары, әрбір баланың ерекше дарынды тұлға екендеріне кәміл сенімде!

Монтессори жүйесінің тіршілік етуі, төмендегі тұлға ерекшеліктерін дамытуға себеп: өзі-өзіне деген сенімділік, талапкерлік, жауапкершілік, білуге деген құштарлық, өзі-өзін тыңдау және таңдау мүмкіншілігі

2.2. М. Монтессори жасаған жүйе бойынша оқу бағдарламаларында көрніс табуы

8 айдан 1,5 жасқа дейінгі балаларға арналған монтессори - топтары.

Сабақ аптасына 2 рет өтеді. Бөбектерге арналған даму ортасының ерекшелігі балалардың жасерекшелік психологиясын ескере отырып , көру-моторлық үйлесімділікті қалыптастыруға , көру, есту, сезу түйсіктерін дамытуға арналған материалдарды орталықтағы монтессори- педагогтарымен , психологтарының әзірлегені.

8 айдан 1,5 жасқа дейінгі ортада монтессори педагогының негізгі қызметі кеңес беру. Оқыған тәжірибелі педагог-психологтың міндеті , анасының түрлі материалдарды қолдана отырып, баламен тиімді қарым-қатынас жасауына көмек беру.

«М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/ «М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/

1,5 жастан 3 жасқа дейінгі топ.

Түрлі жас аралығындағы балараға арналған сабақ аптасына 2-3 рет өтеді. Балалар анларымен бірге арнайы дайындалған ортада даму материалдарын еркін таңдай отырып , жекеше жұмыс жасайды. Бұл еркін жұмыс жасау тәжірибесінің негізін қалаған дәрігер - педагог, итальяндық оқымысты М.Монтессори.

Бала сабақта тек жекеше жұмыс жасап қана қоймай , топпен де жұмыс жасайды, мысалы: монтессори -педагогының жетекшілігімен өтетін қысқа тақырыптық сабақ «шеңбер»; шеңбер тақырыбымен үйлестіріліген ИЗО аумағындағы шығармашылық жұмыс ; қимыл-қозғалыс аумағындағы спорт және ән - күйге байланысты өтетін сабақтар.

Балалар қызығушылығын арттыруға , бала қиялын тебірентуе, қоршаған ортаны жеке сезімі арқылы тануға, сенсорлық дамуын арттыруға мүмкіншілік туғызатын арнайы материалдарды ұсынады. Сабақ қызықты да көңілді өтеді.

Жұмыс жасау мақсаты ата-аналарға көп көңіл бөлу, сұрақтарына жауап бере отырып кеңес беру. Осы себептен де кейбір ата-аналар өз балаларының қайталанбас ерекше тұлға екендерін көруге үйрене бастайды.

3 жастан 6 жасқа дейінгі мектепалды даярлық тобы.

Балалардың өмір сырын білуге деген талаптарын, таңқаларлық қабілеттерін, түйсіктерінің ашықтығын, әрбір сәттен әсерлі қуаныш ала білу мүмкіншіліктеріне қолдау көрсетУ.

«Табиғаттың бар құпиясы, баланың ішкі дүниесінде!»- М.Монтессори.

Бұл топта түрлі жас аралығындағы балалар жұмыс жасайды, осының арқасында бүлдіршіндер ересек балаларға талпынып, ал ересек балалар білген тәжірибелерін бүлдіршіндерге беруге тырысады. Осы себептен де балалар өз бетімен жұмыс жасауға ,өз мүмкіншіліктеріне сенімді қарауға, еркін таңдау және шешім қабылдауға қалыптасады.

Педагогтар әрбір баланы қадағалап , оған материал таңдауға, онымен әрі қарай жұмыс жасауға көмектеседі. Сонымен қатар педагогтар топтық сабақты да жиі өткізеді, себебі бұл жас аралығындағы балаларға бірге болу ерекше ұнайды.

«М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/


Дене бұлшық еттерін дамыту.


Бағдарламаның негізгі базасы келесі міндеттерді жүзеге асырғанда орындалады: баланың физиологиялық және психологиялық денсаулығын нығайтқанда гигиеналық және қозғалыс мәдениет негіздерін қалыптастырғанда. Бағдарламада мектепке дейінгі даярлық тобындағы балаға салауатты өмір салты , гигиеналық және қозғалыс мәдениеті жайлы түсініктерін жаңғырту қарастырылған.

«М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/ «М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/ «М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/

«М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/ «М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/

Би.

Би сабағында балалар ән мен би қозғалысы арқылы ішкі дүниетанымын ашуға үйренеді.

2.3.Баланың сенсорлық сезімдерін дамытуға арналған ойын түрлері

Мақсаты: Сенсорлы бұрыш, тәрбиелеу-білім беру үрдісінде, қосымша білімнің тәрбиешілері және пелагогтарының ұйымдастырушылық сабақтарында, өзіндік ойындарда, балалардың ізденіс-экспериментальды әрекеттерінде қолданылады. Сенсомоторлы бұрыш балабақшаның топтық мекемесінде бұл - қымбат құралдарсыз жабдықталған сенсорикалық бөлменің бейімделген нұсқасы.

Сенсомоторлы бұрыш, негізі:

  • сенсорлы функциялардың стимуляциясы үшін (көру, сезу, есту т.б.);

  • ұсақ моториканың дамуы, қозғалушы активтілік стимуляциясы;

  • бұлшық ет және психоэмоционалды қауыртпалықты кетіру үшін, балалардың жақсы сезінуі және релаксацияға жетуі үшін;

  • баланың еңбекқорлығын арттырып, жақсы эмоционалды жағдай қалыптастыру;

  • когнитивті үрдістердің белсенділігі (ойлау, көңіл бөлу, қабылдау, ес);

  • ектеп жасына дейінгі балалардың іс әрекетінің экспериментальдылығы және өзіндік жұмысқа уәжділігінің артуы.

Біздің ортаның, топтың моделі екі қарапайым мақсатқа негізделді:

1.Балабақша - балалар үшін екінші үй, сондықтан оның ішінде балаларға қуанышты және жайлы болу керек;

2. Балалардың толық және жан-жақты дамуы үшін, ойнауға, демалуға және оқуға арналған ұйымдастырылған орта болу керек.

Бағдарламаларды талдау нәтижесінде, дидактикалық және ойын материалдарының қандай болу керектігін ойластырып, балаларға олардың жас ерекшелігін ескере отырып, заттық-даму ортасын құру, әсіресе негізгі көңілді, балаларда сенсорикалық қасиеттерінің дамуына бөлу керек.

Балабақшаға алғашқы келген балаларды әдемі, ашық түсті, түрлі-түсті көмекші құралдармен, ойыншықтармен қызықтыру керек. Театр ілгіштен басталса, балабақшада шешінетін жерден басталады. Сондықтанда балаларды балабақшада қарсы алған кезде кіреберістен бастап жайлы болуы керек. Балаларға түрлі-түсті полкаларда орналасқан ашық түсті, жұмсақ, сүйікті т.б. түрлі ойыншықтарды ұсынамыз. Үйдің образын балабақшада бөлменің интерьері қалыптастырады. Үйықтайтың бөлмеге кірген кезде балалар сенсорлы-түрлі түсті жолақтан өтіп, оны дене түйсігі арқылы сезінеді.

Сенсорлы бұрышты ұйымдастыру барысында біріншіден топтық мекеме ішіндегі орналасу орнын анықтау керек. Ол балаларға ыңғайлы жерде орналасуы керек. Бұрышқа сенсомоторлы объектілерді таңдауда ерекше көңіл бөлінеді. Олар балалардың өміріне және денсаулығына қауіпсіз объектілер болуы тиіс. Бұрыш сабақ тақырыбына және қажеттіліктерге байланысты енгізілетін, негізгі және қосымша объектілерден тұрады.

Біздің топтағы сенсорикалық бұрыш келесідей жабдықталған: достық ағашы, үй, жануарлар, көбелектер, құстар, шөп, гүл, күннің көзі салынған қабырға. Бала үйін сағынған кезде алақанын анасының салынған алақанына қоюын сұраймыз, осылай анасымен амандасып, оның жылуын және жақын екенін сезінеді.

Сонымен қатар сенсорлы тәрбие мәселелерін шешу үшін әр-түрлі тақырыпты қосымшалар алынады. Арнайы дайындалған ойыншық-тасбақалардың көмегімен балалар әр-түрлі қосымшалармен жұмыс жасайды. Табиғат мезгілдері құбылыстарымен таныса отырып, спектр түсін атауда, көңіл көтеріп, жаттығады.

Осындай үйдің формасы сияқты «Ковралин» - ойын арқылы оқыту құралы, осы үйге балалар түрлі-түсті жіптер, геометриялық пішіндер, қыстырмалар, жанында түрлі-түсті вагондары жабыстыра алады. Қолдың ұсақ моторикасын дамытып, заттардың қасиеттері, түстері, өлшемдермен таныстырады.

Сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін - қуыршақтарды, қолғап қуыршақтарды қолданып театр ұйымдастырады, туған күндерде, ерекше күндерде ертегілер ойналады. Бала ерекше қызығатын заттар туралы талдау жасау керек, сонымен қатар баланың, сөздерді дұрыс айтуын, сұрақтарға жауап беруін қадағалау, үйрету.

Көру қасиеттерінің дамуы үшін: түстерді атап, анықтайтын, контрастылы өлшемдерді (үлкен, кіші), формаларды қарастыратын ойындарды ойнау

Біз келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз:

Түске байланысты ойындар: «Кесеге сәйкес келетін қасық таңдау»,

«Ауа шарлары», «Қуыршақтарға моншақтар мен ойыншықтар таңдау», «Сиқырлы қапшық», «Әдемі қоршау», «Гүлді отырғыз», «Қоңыз адасты» және т.б.

Формаға байланысты ойындар: «Кез келген затты құрастыр», «Құрлысшы», «Сиқырлы мозайка», «Түрлі-түсті пішіндер» және т.б.

Өлшемге байланысты ойындар: «Сиқырлы көбдиша», «Шарлар», «Құрлысшы», « Затты құрастыр» және т.б.

Қолдың ұсақ моторикасының дамуы үшін және заттардың әр-түрлі қасиеттерімен таныстыру үшін келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз: «Моншақ жаса», «Қысқышты сыйла», «Жапырақтарды қой», «Сиқырлы таяқшалар», «Түймелі алаң», «Баулар», «Баланы ора» және т.б.

Құммен, сумен, қармен ойнау барысында балаларды осы материалдардың қасиеттерімен таныстырамыз (құм шашылады, сулы затты жабыстыруға болады, ыдыстағы суды шәшкелерге құямыз).

Әр-түрлі жазу құралдары арқылы түрлі-түсті және қасиеті әр-түрлі заттардың бетіне жазу, қамырдан әр-түрлі заттарды жасауды үйрету.

Балалардың қозғалу белсенділігін арттыру үшін топ ішінің әр бұрышында әр түрлі материалдан жасалған ойыншықтар орналасқан. Балалар жұмсақ сырғымадан сырғанауды, әр-түрлі көлемдегі доптармен ойнауды, баспалдақтарға мініп, одан түсуді, гимнастика жасауды, тастармен ойнағанды, суарғанды, арам шөп жұлғанды, ойыншықтарды сүйрегенді жақсы көреді. Балалар бір заттың үстіне отырып жүргенді, сырғанағанды, музыкамен билегенді, қол және аяқ координациясын сақтауды да жақсы көреді.

Сонымен қатар әр-түрлі қимылдар жасайтын ойындарды ұнатады: «Допты қуып жет», «Өзен арқылы», «Ұшақтар», «Мені қуып жет», «Қақпаға», «Ақ қоян отыр», «Қайда дауыстайды», «Пойыз» және т.б.

Есту қабілетін дамыту үшін әр-түрлі дауыс шығаратын ойыншықтар алу керек немесе мультфильмдерде айтылатын әндерді салу керек. Музыкалық қабілетін арттыру үшін, музыкалық аспаптарда ойнаймыз, музыкалы-дидактикалық ойындар ойнаймыз: «Үйде кім тұрады», «Динь-дон», «Қай аспапта ойнағанымды тап» және т.б.

Әр-түрлі дауыстары бас касеталар мен дисктер қолданамыз: үй жануарларының және құстарының дауыстары, табиғаттың әр-түрлі дауыстары, судың дауысы, жаңбырдың даусы, жапрақтардың қозғалған даусы.

Иіскеу сезімдерін дамыту керек. Иістер дене мен сана арасындағы байланыс функциясын атқарады. Бірнеше студенттің ішінде белгі иіс сезу орталығынан, эмоциямен басқарылатын мидың белгілі-бір бөлігіне беріледі.

Осыған байланысты баланың көңіл күйіне әсер етуге болады; яғни сергітуге немесе тыныштандыруға болады және т.б.

Ойындар: «Менің жақсы ұнататын иісім», «Гүлдердің жұпар иісі», «Иісті таны» және т.б.

Ұстап сезіну үшін әр-түрлі фактурадағы материалдар (тері, жібек, қағаз т.б.), қолға білінетін әріптер мен сандар. Балалар формасы әр-түрлі заттармен ойнағанды жақсы көреді.

Ойындар: «Қолмен ұстап біл», «Тауып көрсет», «Затты сипатта» және т.б.

В.В. Воскобовичтің ойындары дамушы ортаға өте жақсы енеді. Оның ойындары көп функционалдылығымен және әдемі түрімен, ылғи балалардың ойынға деген құштарлығын оятып, көңілін аудартады.

Ойынның құндылығы - баланың психикалық ерекшелігін ескеріп, оны қызықтырады, көңілін мобилизациялайды, бала берілген тапсырманы шешу жолын ойлау үрдісіне қатыстырады. Ойынның бірінші кезеңінде тек фигураларды құрастырсақ, кейін жылдан жылға үлкен сарайлар, ракеталар, космонавттар салып, толық оқиғаларды құрастыруға болады. Қолданатын ойындар: «Екі түсті квадрат», «Мөлдір квадрат», «Кавролин», «Ғажайып пішіндер».

Ойын барысында психологиялық үрдістердің терең әрекеттесуінің (анализдаушы қабылдағышы, ес ойлау, сөйлеу), сонымен қатар тұлға қасиеттерінің (мақсаттылық, тұрақтылық, өзіндік т.б.) дамуы жүреді. Барлық осы ойындар бір күндік емес.

Саусақтар, жүйке импульстары орталық жүйке жүйесіне жіберетін үлкен санды рецепторлардан тұрады және ағза жүйесінің жұмысын жақсартады.




Б«М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/алабақшада қолданылатын сенсориканы дамытушы ойындар

«Себеттегі қысқыштар»

Мақсаты:

қолдың ұсақ қимылдарын дамыту

Қажетті құралдар:

ағаш қысқыштар, шеткі жиегі қалың емес

ағаш себеттер.

Барысы: кәдімгі себеттің жақтауларына киім қысуға

арналған қысқыштар қыстырылады. Бұдан кейін балаға оларды үш саусақпен (қалам ұстайтын саусақтарымен) қайтадан шешіп алып, себетке салу ұсынылады. Бар жаттығу осы. Бұл өте қарапайым болып көрінуі мүмкін, алайда кішкене балаға затты сезіну және онымен механикалық іс-әрекет істеуі маңызды. Аталған саусақтарды дамыту баланың тез жазып үйренуіне түрткі болады.

Егер тапсырманы қиындату керек болса, жылдам орындау нұсқауын беруге болады. Балаларды екіден жұптастырып қысқыштарды алдымен қыстырып соңынан шешкізіп ойнатуға болады

«М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/






«Моншақтарды пинцетпен ауыстыру»

Мақсаты: ұсақ қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Үйлестік.

Қажетті құралдар: кішкене ыдыста ұяшықтары бар тұғырнама, пинцет және моншақтар салынған ыдыс. Ыдыстағы моншақ саны ұяшықтағы моншақ санына тең болуы керек. Барлық бұйымдар түстері бойынша бір-біріне сәйкес.

Барысы: бала бұйымдар бар ыдысты алдына қояды. Пинцетті оң қолына алып, ыдыстағы моншақтарды тұғырнаманың ұяшықтарына ауыстырады. Ұяшықтар толтырылғаннан кейін керісінше моншақтарды пинцетпен ыдысқа ауыстырады. Бұл жаттығу қол қимылдарының үйлесуін жақсы жетілдіреді, бала кейін ұысақ әріптерді жазады. Жаттығу баланың зейінінің шоғырлануын және ішкі тыныштықты талап етеді. Бала жаттығу үстінде моншақты түсіріп алса, ол қате деп есептелмейді. Жіберген қатесін бала өз бетінше түзете алады.


«М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/«М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму» /жоба/







Осы мақсатта ата-аналармен жұмыс өткізіліп, кеңестер берілді:

  • «Саусақтар сөйлеуге көмектеседі»;

  • «Саусақ гимнастикасы»;

  • «Баланың сенсорикалық мәдениетін дамыту»;

  • «Баланың сенсорикалық мәдениетін және ақыл-ойын дамыту»;

  • «Қызықты гимнастика»;

  • «Көзге арналған жаттығу»;

  • «Кел сенімен ойнайық»;

  • «Құмнан келген басқа планеталықтар»;

Берілген технологияны қолданып, бірінші сәбилер топта жақсы нәтиже алдық. Балалар түсті, форманы, өлшемдерді жақсы игере бастады. Бұл сабақтың балаларға ойын түрінде берілуіне де байланысты. Балалар ойынға баулып, сабақ үрдісіне қатысып жатқандарын аңғармайды. Сондай-ақ қала деңгейінде жүргізілген сабақтар бойынша анғарғанымыз бала емін еркін өз ойларын жас шамалық ерекшеліктеріне байланысты жеткізе білулері мен негізгі 5 тс пен пішіндлерді өте жоғарғы деңгейде ажырата білуі айғақ. Сондай-ақ кіші топтан бастап білім салалары бойынша орталықтарға бөліне жұмыс жүргізілуіне балалардың бейімделуі. Ал ата-аналар баласының кәдімгі сабақтарсыз ойында дамып жатқанын байқайды.

Біз балабақшада балаларға жайлы, жылы, қызықты болғанын қалаймыз. Біздің өзімізге де тобымыз балаларға да үлкендерге де жайлы үйімізге айналды.

3. БОЛЖАМ:

Егерде тұлға ерекшеліктері мен дағдыларының қалыптасуына мүмкіншілік туғызу және,М.Монтессоридің жүйесіндегі сенсорлық дамыту әдістемесін пайдаланса баланың жеке бас қасиеттерімен интелектуалдық физиологиялық дамуы жақсы нәтиже береді.

Егерде біз М.Монтессоридің әдістемесінің барлық қағидаларын бұлжытпай орындасақ, балаларда сенсорлық эталондарды қалыптастырудың практикалық әдістері иен тәсәлдерін қолдануда тәрбиеші яғни, біз, тиімді әдістерді, өзінің тәжірбиесін, ойын , ақылдылығымызды дұрыс пайдалана отырып оқу-тәрбиелеу процесін дұрыс жасасақ,онда біз болашақта ақылды елін жерін сүйетін ,білімді, жан-жақты саналы ұрпақ тәрбиелейміз.Оқыту мен тәрбие егіз ұғым,үздіксіз процес,баланың ең маңызды кезеңінде ойната,оқыта білейік.

3.1.ҚОРЫТЫНДЫ:

Монтессори бір әдісінде бірнеше жақты қамтиды.Яғни,ол педагогты бағыт-бағдар беруші,ал балалар сол дұрыс бағыт бойынша ойнай отыра дамиды.Балалар іс-әрекетіндегі қабылдау мүшелерін дамыту ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

М.Монтессори жүйесіндегі сенсорлық даму баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігі арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.

«Балалардың дарындылық пен қабілеттілік қайнар көзі өздерінің саусақ ұшында болады» В.А.Сухомлинский өсиетімен қорытындылаймыз.




.

















Әдебиеттер тізімі:

Республикалық педагогикалық журнал «Балабақща: тәрбиелеу және оқыту»

№ 5 2014 ­ Қыркүйек-Қазан . Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсоиаторлық дамуын жетілдіруле М.Монтессори технологиясын қолдану мүмкіндіктері 10-12 беттер.

Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу - тәрбие үдерісіне М.Монтессоридің педагогикалық жүйесін енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулық.

Алматы, 2013

  1. Ақпараттық технологиялар

2. «Я сам» балалар білім беру орталығы © 2008 - 2015yasam2008.kz

3.Монтессори М. Баланың үйі. Ғылыми педагогика әдістемесі М.: Задруга, 1913. - 339б.

4.Монтессори М. Менің әдістемем бойынша жетекшілік. М. Типолитогр. Т-ва И. Н. Кушнерев и К, 1916. - 64б.

5.Монтессори М. Мұғалімнің дайындығы. Пер. с итал. Ю. И. Фаусек/ / Просвещение. - 1921. - № 1. - C.125-133.

6.Монтессори М. Ортағаи тәрбиенің әсері. Пер. с итал. 7.К.Памфиловой //Шет елдегі орыс мектебі - Прага, 1926. - Кн.17. - C.419-424.

7.Монтессори М. Ғылыми педагогткалық әдістемені Бала үйінде тәрбилеуді балаларға қолдану. - М.: Тип. Госснаба, 1993. - 168c.

8. Монтессори М. Баланың ақыл-ойы. Москва. 1997.- 176 с.

9. Монтессори М. «Маған өзім жасауыма көмектес»// Составители М. В. Богуславский, Г. Б. Корнетов ( М. Монтессори кітабынан үзінді бөліктер мен и М. Монтессоридің педагогикасы туралы ресей авторларының баяндамалары ). ИД «Карапуз». М. 2000.













© 2010-2022