Валеология сабағының конспектісіКүн тәртібі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Валеология

Тақырыбы: « Күн тәртібі»

Мақсаты: Балалардың күн ережесі туралы білімдерін кеңейту.

Білімділік мақсаты: Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы мағызын түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты:күн тәртібінің адам өміріне қаншалықты маңызы бар екендігін түсіндіріп, күн тәртібін сақтауға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: салауатты өмір салттын ұстанып дені сау, ойы сергек азамат болып өсуіне көмектесу.

Көптілдік компонент: күн ережесі - режим дня, таңғы жаттығу- утренняя зарядка

Сөздік жұмысы: күн тәртібі, күн ережесі, менің бір күнім.

Көрнекілер: картиналар, сурет.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші өзі балалармен амандасып, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте -бірте көбейіп, тәрбиешінің өзіне бір құшақ гүл «тілек шоғы» болып оралады. «Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, өзіңе қайтып оралады»

Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады, тәрбиешіге тілектерін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Менің таңым,, өлеңін мәнерлеп оқып беру.

д.о. «Менің бір күнім».

Сұрақтар бойынша әңгіме.

-Таңертеңгілік жаттығу не үшін қажет?

-Омыртқаның қисаюы деген не?

-Омыртқа қисаймау үшін не істеу керек.?

-жалпақ табан деген не?

-Омыртқаның қисаюынан және жалпақ табандыққа қандай жаттығулар көмектеседі.?

-Таңертең ұйқыдан тұрған кезде не істейміз және немен шұғылданамыз?

-Күндіз немен шұғылданамыз?

-Түнде не істейміз


Ұйқыдан оянып асығып тез тұрма. Керіліп, бойыңды жазғанда, күлкіңді сыйла анаңа! Терезе, есікті ашқанда, үйіңді, бөлмеңді толтырсын таза ауа!

Әліппе дәптермен жұмыс.

«менің таңым» атты өлеңін мәнерлеп оқу. Өлең мазмұны бойынша берілген суреттерді қарастырып, әңгімелесу.

Сергіту сәті:

Балалар тәрбиешімен бірге өлең мазмұнына сәйкес жаттығулар жасайды. Д/о: «Жыл мезгілдері» табиғат өз өмірінде белгілі бір тәртіпті сақтайды. Ол тәртіп - «жыл мезгілі» деп аталады. Адам табиғаттың бір бөлігі, сондықтан ол да өз өмірінде белгілі бір тәртіп сақтап, арнай бір өмір салтына бейімделуі керек. Адамның бұл тәртіппен өмір сүруі - күн тәртібі деп аталады. Күн тәртібін сақтайтын балалар ақылды, сымбатты, дені сау болып өседі. Табиғат өз заңдылықтары бойнша өмір сүреді.

«Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

-сергек жүру үшін.

-арқан бүкір болып қисайып кетеді.

-аяқтың астына домалақ зат қойып массаж жасау.

-таңғы жаттығу жасаймыз.

-балабақшада боламыз. Ойнаймыз

-түнде ұйықтаймыз.

-Балалардың жауабы:

- керілеміз, терезе көзін ашып, таза ауа жұтамыз т.б.

- тамақтанамз, серуендейміз, жуынамыз, бөлмені желдетеміз, ұйқыға дайындаламыз т.б.



Балалар қызығушылықтарын танытады.





«Жыл мезгілдері» деп аталатын дидактикалық ойындарды ойнайды.

Рефлексия

лық- түзету

  • Адам табиғаттың бір бөлігі, ол табиғатты сүюге, қорғауға, қамқорлық жасауға міндетті.

  • Адамдар бір-біріне күлімсіреп қарауды үйрену қажет, тек сонда ғана бір-бірін сыйлап, қателерін, кемшіліктерін кешіре алады.



  • Балалар шеңбер құрып, бір-біріне күлімсіреп қарап, жақсылық, денсаулық тілейді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: балалар өздерінің бір күндік ережесі жайлы білімдерін кеңейтеді

Қандай түсініктерді игерді: таңіртеі ұйқыдан тұрған кезде не істеу керектілігін, кешке немен шұғылданатындарын

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бір күн ережесін, күн тәртібін сақтау ережерін ұмытпауға.




© 2010-2022