Разработка по казахскому языку жапсыруАққала

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка по казахскому языку жапсыруАққала

Тақырыбы: «Аққаланы жапсыру»

Мақсаты: Балаларға көлемдері әр түрлі

дөңгелектерден аққаланы бейнелей

білуді үйрету, бөліктерді көлемі бойынша

дұрыс орналастыра білуін дамыту

Сөздік қорын арттыру.

Көрнекіліктер: Қысқы суреттер, аққала, т.б

Сабақтың барысы: «Сәлем- сөздің анасы,

Сәлем берер әр қазақтың баласы» демекші келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Ұйымдастыру кезеңі:

Білгір қазақ баласы,

Сәлем-сөздің анасы.

Тобымызға келіп отырған

Апайларды қарашы

Бәріне де ізетпен ,

Біздер сәлем береміз

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Балалар, мен қазір жұмбақ жасырамын, кім шешуін табады екен?

Аяз қысып, өрнек сызып

Терезені торлайды

Қарға омбығып, бет домбығып

Сырғып бала ойнайды

Кейде ұлып, кейде ысқырып

Ұйытқып боран соғады

Айтыңдаршы бөбектерім

Бұл қай кезде болады?

-Қыс

-Балалар, қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

-Аяз қысып, өрнек сызып, терезені торлайды, боран соғады деген жолдарынан қыс мезгілі екенін білдік

-Ал, енді балалар осы қыс мезгілдің айларын атайықшы?

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тәрбиеші: Қыс мезгілі суық болғандықтан, осы мезгілге байланысты қандай киімдер киеді екенбіз?

-Үстеріне тон, Бас киім (тымақ), етік (байпақ) т.б

Балалар енді қыс туралы кім тақпақ біледі?

Нұрдана:Далада қар борайды

Ақ мамаққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады.

Разработка по казахскому языку жапсыруАққала

Даяна: Менің атым-Ақпан

Келдім суық жақтан

Тоңып қалмай балалар

Аязымнан сақтан

Бекұлан: Лебі мұздай ызғарлы

Алып келді қыс қарды

Ұзақ күндер қысқарды

Қысқа күндер ұзарды

-Балалар қыста қандай ойындар ойнаймыз?

Шанамен сырғанаймыз, қар лақтырып ойнаймыз, коньки тебеміз, шаңғы тебеміз қардан әр түрлі мүсіндер жасаймыз,аққала құрамыз.

-Балалар көрдіңдерме? Қыс мезгілі қандай тамаша! Әр мезгілдің өз ерекшелігі болады.

-Балалар, ендеше менің қолыма қараңдаршы !Бұл не нәрсе?

-Сылдырмақ

-Балалар бұл жай сылдырмақ емес сиқырлы. Қане, тексеріп көрейік . Сылдырмақ соғылғанда музыка қосылады.Балалар сылдырмақты үш рет соқсақ, бізге қонаққа бүгінгі қыс мезгілінде ойнайтын сүйікті киіпкеріміз қонаққа келеді келеді.

Тәрбиеші:

-Аққала келеді

-Балалар аққаламен амандасайық.

-Сәлеметсіз бе, Аққала!

-Балалар аққаланың бізге әкелген қолында тапсырмасы бар екен. Ендеше, тапсырманы орындап көрейік.

-Дайынсыңдар ма?

-Иә, дайынбыз

(Слайд арқылы көрсету)

Разработка по казахскому языку жапсыруАққалаТөрт бұрышы бар

Төрт қабырқғасы бар

Бұл қандай пішін?

ӨРазработка по казахскому языку жапсыруАққаламірің сенің қызық

Жолыңда жоқ түзеу сызық

Басы да жоқ аяғы,

Бір айналым баяғы .

ПРазработка по казахскому языку жапсыруАққалаішіні қауын тәріздес

Балалар маған тез іздес

Разработка по казахскому языку жапсыруАққала

Үш бұрышы бар

Үш қабырғасы бар

Бұл қандай пішін?

-Сонымен не құрастырдық?

-Аққала

Ой жарайсыңдар,балалар біздер тапсырманы орындадық.

- Қане, аққала арнап кім тақпақ айтады?

Нұржайна: Ойын құмар көп бала,

Шұрқырасып топтала

Аппақ қардан жасаймыз

Әп-әдемі аққала

Мерген: Аула сырты, бақтада

Тұрғызамыз аққала

Аққаланы айнала

Ойнаймыз біз шаттана

Азиз: Ойнайық біз Аққала

Домалатып ақ қарды

Ойнайық біз шаттана

Салып ғажап бақтарды

-Балалар аққала неден жасалады екен ?

-Қардан жасалады

-Қане, балалар қарды қолмен ұстап көрейікші

(балалар қарды қолмен ұстайды)

-Қар қандай? Жылы ма, әлде мұздай ма?

-Мұздай

-Балалар аққала неше бөліктен тұрады?

-Үш

-Оның бөліктерінің пішіндері қандай?

-Дөңгелек

Ой жарайсыңдар,балалар бәрекелді

-Қане ,балалар келген аққаламызға достар жасап берейік. Ол үшін алдарымызда тұрған түрлі -түсті қағазға аққаланың суретін жапсырамыз.

Балалар, аққаланы әдемі, таза , ұқыпты жапсырсаңдар аққала бізбен бірге қалады. Ал, дұрыс жапсыра алмасаңдар, аққаланы боран алып кетеді. Сондықтан аққаланы әдемі етіп жапсыруымыз керек.

Балалар,аққаланың суретін жапсыру үшін, алдымен құрылысымен танысайық:Балалар, қардан аққала жасағанда бірінші қай бөліктен бастаймыз?

-Үлкен бөліктен бастаймыз.

-Дұрыс, айтасыңдар қане, үлкен бөлігін жапсырайық.(Тәрбиеші жапсырып көрсетеді)

-Балалар қане, аққаланың ортаңғы бөлігін жапсырайық. (балалар аққаланың ортаңғы бөлігін жапсырады)

-Басын, содан соң басындағы шелегін жапсырамыз.

-Ой, жарайсыңдар балалалар аққаланы өте әдемі етіп жапсырдыңдар жарайсыңдар!

Сергіту сәті

Күзде жеміс тереміз

Қыста шаңғы тебеміз.

Көктемде гүл егеміз

Жазда суда жүземіз.

Ойынның аты «Кім жылдам» деп аталады.

(Аққаланы жылдам құрастыру.)

Қортындалау:

-Сонымен балалар қонаққа не келді?

-Аққала

-Түсі қандай

-Ақ

-Аққала неше бөліктен тұрады және пішіндерін атайықшы.

-Үш бөліктен ,пішіні дөңгелек

-Балалар ,сендер тақпақты өте жақсы жаттап алдыңдар жарайсыңдар!

-Балалар аққала сендерге ұнадыма?

-Иә

-Біздің топта қалсын ба?

-Иә

-Балалар, сендерге аққала өзінің сыйығын алып келіпті

(сылық таратылады)

Қане,балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық

Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Бүгінгі келген қонаққа

Сау болыңыз деп, айтамыз.

























































































































© 2010-2022