1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Джанасова Саина Жанболатовна

1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.Ересек топ балаларына арналған ашық ұйымдастырылған

оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: 1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.

Мақсаты: Заттардың биіктігі мен қалыңдығы туралы түсінік қалыптастыру және оларды салыстыруды үйрету.

Білімділік: «Биік - аласа», «қалың - жұқа», «жуан - жіңішке», «тар - кең» деген сөздерді пайдалана отырып салыстыру, заттарды көзбен салыстыру, бір-бірінің үстіне қою арқылы салыстыруды үйрету. Баланың танып-білуге деген қызығушылығын күшейтуге бағытталған оқу процесіне ынтасын ояту.

Дамытушылық: Зейін, есте сақтау қабілеті, қабылдау, шығармашылық қабілет, ой-қиялы мен жан-жақты ойлау қабілеті сынды танымдық процестерді дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру. Жеке жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, практикалық.

Қажетті көрнекіліктер: интерактивті тақта, буратино, тиіннің суреті, қасқырдың суреті, қоянның суреті, мысықтың суреті, геометриялық пішіндер, дидактикалык карточкалар (әр балаға).

Билингвалдық компонент: биік - высокий - tall, аласа - низкий - low, қалың - толстый - thick, жұқа - тонкий - thin, кілт - ключ - key.

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

Тәрбиеші: - Балалар, қараңдар, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен қонақтармен сәлемдесіп алайық. (Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады.)

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы - жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар? (Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші: - Қане, балалар, жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайық:

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Күніміз жарқын болсын!

  • Еліміз тыныш болсын!

  • Ауырмайық , денсаулық болсын!

  • Нанымыз көп болсын!

  • Ата-анамыз аман болсын!

  • Бейбітшілік болсын!

  • Балабақша гүлдене берсін!

Тәрбиеші: - Қане, балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді келген қонақтарға сыйлайық. (Балалар жүрекшелерді қонақтарға сыйлайды.)

(Осы кезде есік қағылады.)

Тәрбиеші: - Балалар, есік қағылған сияқты кім екен бұл?

Буратино: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар, осы жер «Ғажайып білім әлемі» ме?

Балалар: Жоқ, Буратино, бұл жер - балабақша.

Буратино: Балалар, мен алтын кілтімді жоғалтып алдым, кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне» қалай барсам екен, баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме? (Балалардың жауаптары.)

Тәрбиеші: - Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне» біз де саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.



- Балалар, саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір-бірімізді сыйлап, тыңдауымыз керек. Балалар, қане, енді паровозға мініп, жолға шығайық.

Тәрбиеші: - Балалар, міне, біз 1-ші аялдамаға да келіп қалыппыз.

Бірінші аялдама: Тиіннің аялдамасы

- Балалар, мына ағашқа не болды?

- Бұл ағаш қай мезгілді бейнелейді?

- Тиін бізге жерге түскен жапырақтарды ретімен жина дейді.

- 1 - 6-ға дейін тура және кері санау.

1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.



- Тиіннің бізге арналған 2-ші тапсырмасы бар екен.

Жоғалып кеткен цифрларды тауып ретімен орнына қояйық.

1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.









Екінші аялдама: Қасқырдың аялдамасы

Мақсаты: Балаларды топтай білуге және оларды санай білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиеші: - Қасқырдың туған күніне арнап достар оған кітаптар сатып әкелді. Сол кітаптарды оған топтастыруға көмектесейік. Қалың кітаптарды қызыл сөреге, ал жұқа кітаптарды сары сөреге қоямыз.

1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.



Үшінші аялдама: «Бау-бақша» аялдамасы

Тәрбиеші: - Қане, балалар, бақшаға барайық. Алдымызда көлшік жатыр ғой, одан қалай өтеміз? Аяғымызды ластамай, батпаққа батпай, көлшіктен ақырындап, абайлап өту үшін не керек?

Балалар: Көпір керек

Тәрбиеші: Балалар, мына жерде таяқшалар жатыр екен, енді осы таяқшалардан көпір жасайық. Балалар, мына таяқшалардың қандай (жуан, жіңішке)? (Балалардың жауаптары.) Енді осы түрлі-түсті таяқшалардан көпір жасайық. (Балалар таяқшалардан көпір жасайды.)

1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.



- Міне, балалар, бау-бақшаға да келіп қалдық. Мына жерде біреу көкөністер мен жемістерді араластырып қойыпты. Бақшаға барып жемістер мен көкөністерді ажыратыңдар депті. (Балалар жемістер мен көкөністерді ажыратады. Жемістерді жуан талға іледі, көкөністерді жерге отырғызады.)1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.








Төртінші аялдама: Мысықтың аялдамасы.

- Мына тапсырманы орында:1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.


- Мына мысалдардың шешуін тауып, сөз құрастыр.

1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.



- Енді, денемізді сергітіп алайық!

Тыныштық сәті: (жәй музыка қойылады)

Күн ана жер әлемге шуағын шашып, жылуын беріп тұр, құстар ән салып, көбелектер ұшып жүр. Сендер өздеріңді жап-жасыл алқапта жүрміз деп сезініңдер. Алқапта әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр. Тып - тыныш. Кенет, жаңбырдың жылы тамшылары денемізді сипағандай болды. Өздеріңді жалаң аяқ жасыл шөптің үстінде жүгіріп жүрміз деп ойлаңдар. Қандай керемет!

Жаңбыр толастап, күннің көзі күліидеп, айнала нұрға бөленді. Аспанда доға тәріздес түрлі-түсті кемпірқосақ пайда болады.

(Көздерін ашу кемпірқосаққа таңдану.)

1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.



- Көңіл - күйлерің қалай, не сезіндіңдер?

5-ші аялдама:

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?»

(Буратиноның кілтін құрастыру.)

1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.


Буратино: Алақай, алақай менің кілтім табылды. (Қақпаның аузында, Буратиноның алтын кілті тұрады. Қақпаның үстіңгі жағында «Ғажайып білім әлемі» деген жазуы бар.)1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.

1-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға арналған жаттығулар.


Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біз алтын қақпаға да келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.

Буратино: Балалар, сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Ақ ерке» балабақшасының тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын. Мен сендерге және қонақ апайларға арнап гүл ала келдім. Ол жәй гүл емес, әрқайсының ішінде сіздерге арналған өлең шумақтарым бар.

(Буратино сыйлықтарын таратып кетіп қалады.)

Тәрбиеші: Міне, балалар, Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық.

Қорытындылау

Тәрбиеші:

- Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

- Сендер саяхатқа қайда бардыңдар?

- Біздер кімге көмектестік?

- Өте жақсы, балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып қонақтар мен қоштасайық:

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау- саламат болайық.

Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:
- заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруды;
- геометриялық пішіндердің ажырата білуді;

Нені игереді:
- «биік - аласа», «қалың - жұқа», «жуан - жіңішке», «тар - кең» сөздердің мағынасын;

Нені біледі:
- 1-ден 10-ға дейінгі цифрларды таниды.



© 2010-2022