Тіл дамыту. Жеті қазына. МАД тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім саласы: Қатынас

Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»

Мақсаты: Балаларға жеті саны киелі екенін ұғындыру. Ертегі бойынша анық сұраққа жауап беруге дағдыландыру. Жеті қазынаны суреті бойынша ажырата білуге, сөздік қорын дамыту, мәнерлеп сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық: Айтылған ертегі бойынша анық сұраққа жауап беруге дағдыландыру, ертегі арқылы анық, мәнерлі сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік: Қазақ халқының салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын қастерлеп, дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жеті қазынаның суреттері, үнтаспа, интерактивті тақта

Қолданылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, мақал-мәтел айтқызу, ойын ойнату.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық,

Жинаған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.





Іздену ұйымдастыру-шылық

Өткенді пысықтау

Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?

Қазір қандай жыл мезгілі?

Осы жыл мезгілінің қандай айлары бар?

Балалар бір аптада неше күн бар?

Бүгін қай күн, ертең ше?

Кеше қандай күн болды?

Кім апта күндері жөнінде санамақ айтып береді?

Тағы қандай тақпақтар білеміз?

Ата бабамыз «Жеті атасын білу-міндет»-деген екен

Кәне кім жеті атасын біледі екен?

Барлық жерде жеті саны жиі кездеседі. Біз аталарымыз туралы қандай мақал-мәтел білеміз?


Балалар жеті шелпек туралы не білесіңдер?

Балалар біздің қазақ халқы 7 санын қасиетті, киелі сан деп есептейді. Мысалы 7 күн, 7 шелпек, 7 ата, 7 қазына

-Қыс, көктем,

-Қыс

-Желтоқсан, қаңтар,ақпан

-Бір аптада жеті күн бар

-Бүгін-сейсенбі, ертең-сәрсенбі болады

-Кеше-дүйсенбі болды

-«Жеті күн», «Жеті ұл» санамақтарын екі оқушы айтып шығады

Жеті атамыз: Ата, Әке, Бала, Немере, Шөбере, Шөпшек, Немене.

-«Жеті атасын білмеген-жетесіз»

-«Атасы бардың батасы бар»

-«Ата-байтерек, бала-жапырақ»

-«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»
-«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер».

Жеті шелпек-жұма күні аналарымыз отбасының амандығын тілеп, аруақтарға сиынып жеті нан пісіріп, таратады.



Іздену ұйымдастыру-шылық

Жаңа сабақ.

Бүгін балалар сендерге «Жеті қазынаның бірі» атты аңыз ертегіні үнтаспа және интерактивті тақта арқылы оқып, түсіндіремін.

Арыстан барлық аңдарды жинап, кімнің күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді. Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады. Бірақ ит үндемейді. Оған арыстан сен неге үндемейсің депті, ит оған ең ақылды, қайратты - адам депті. Арыстан оған ашуланады. Ит осылай аңдардан бөлініпті. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты. Бертін келе «Ит жеті қазынаның бірі»деген қанатты сөз қалыптасыпты.

1. Ертегі қалай аталады?
2. Арыстан өзі туралы не білгісі келді?

3. Түлкі арыстанды қалай мақтады?

4. Арыстан итке не деді?

5. Ит арыстанға қандай жауап қайтарды?

6. Неге итті «жеті қазынаның бірі» деп атайды екенбіз?
7. Осы ертегіде арыстан, ит және түлкінің не айтқанын әңгімелеп кім қайталап береді?


Сергіту сәті

Дүйсенбіде доп ойнадық далада

Сейсенбіде серуен құрдық бақтарға

Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп

Бейсенбіде би биледік әндетіп

Жұма күні жидек тердік ағаштан

Сенбі күні кино көрдік театрдан

Жексенбіде үйде болдық демалдық.

Сонымен бірге жеті қазынаға жататын қалған

6 қазынамыз

1.Ер жігіт - елімізді, жерімізді қорғайтын ер азамат.

2.Әйел ана- аяулы анамыз, ақылшымыз, отбасы ұйытқысы

3.Ақыл-білім - оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ.

4.Жүйрік ат- адамзат баласын барамын деген жеріне жеткізеді.

5.Қыран бүркіт -

6.Мылтық - қорғану үшін.

7.Құмай таз - серігі, қорғанысы, көмекшісі.




1.Жеті қазынаның бірі

2.Әлемде ең қайратты, ең ақылды, әрі епті кім екенін білгісі келді

3.Бұл өмірде сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ

4.Неге үнсіз жатқандығын сұрады

5. Мен үшін дүниедегі қайратты әрі ақылды, ол тек- адамзат

6.Ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болғандықтан


Қорытындылау



Ойын «Кім шапшаң?»

Ойын шарты: Тәрбиеші әр түрлі сұрақ қою арқылы ой қозғап шапшаң ойлап толық жауап беруге үйрету .

1.Бір жылда неше ай бар?

2.Жеті атаңды ата?

3. Жеті қазынаны ата?


4.Бір аптада неше күн бар?

5.Кемпірқосақтың неше түсі бар?


1.Бір жылда он екі ай бар

2.Ата, Әке, Бала, Немере, Шөбере, Шөпшек, Немене.

3. Жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау,өткір кездік.

4. Бір аптада 7 күн бар

5. 7 түсі бар

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Балалар қазақ халқында жеті саны «қасиетті, киелі сан» екенін білді толық меңгерді
Меңгеруі: Жеті қазынаны атауға, олардың жеке қасиеттерімен танысып, ертегі арқылы тақырыпты толық меңгерді



© 2010-2022