Алтын күз тәрбие сағаты

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күз мерекесіне арналған ертеңгілік: «Қош келдің алытн күз».

Топ бөлмесі күз мерекесіне орай әдемі безендірілген. Балалар музыка ырғағымен залға кіріп, жарты шеңбер құрып тұрады.

1.Жүргізуші:

Тоңазып отырып

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ

Судырап түседі.

Үстінде енгіжай

Салқын жел соғады.

Гүл, жапырақ шөптер де

Қурап солады.

Айтындаршы балалар

Бұл қай кез болады?

Балалар жауабы. /Күзде/

Балалар орнына отырады.

2.Залға сазды әуенмен күз кіреді.

Амансыңдарма балалар,

Ерінбестен еңбек етіп келетін.

Еңбекшіге бар жемісін беретін,

Мен - Алтын күз

Ынтымақты еліме

Берекелі ырыс болып енетін.

Балалар мен сендерге құр келген жоқпын, өзіммен бірге піскен жемістерді ала келдім.

Күзде қандай жемістер піседі білесіңдер ме? /алма, алмұрт т.б/

Балалар мен сендермен бірге «Дәмін ажырат» деген ойын ойнағым келіп тұр.

  • Сендер ойын ойнағыларың келе ме?

  • Ия, ойын ойнағымыз келеді.

Ойнның шарты: мен сендердің ауыздарыңа бір жемісті саламын, ал сендер сол жемістің дәмін татып көріп қандай жеміс екенін айтасыңдар.

3.Балалардың тақпақтары

Алтын сары, қызыл көк,

Алуан - алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Жемісті мол беретін,

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді,

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі,

Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз алытын күз

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқан күз.

4. «Қол шатыр» ойынын ойнау.

5. Балалар енді күз ханшайымға арнап Нұрай ән айтады.

6. «көкөніс және жеміс жинау» ойынын ойнатады.

Ойынның шарты: жерде жатқан жемістердің ішінен себетке көкөністермен жемістерді бөліп жинау.

7. Әмина «Өзбекше би»

8. «Шар жару» ойыны

9. Аяулым ән айтады

10. «Гүл сыйлау» ойыны

11. Қорытынды:

«Алтын күз»

Осыма, осы ма күз деген?

Берекесін сыйлайтын кез екен,

Мына күздің сыйын қабыл алыңдар, балалар.

Бүгін сендермен өткізген алтын күз мерекесі осымен аяқталды.

Сау болыңдар.



© 2010-2022