Бәйшешек бүр жарғанда. .. . тақырыбындағы іс-шара

Раздел Дошкольное образование
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№249 мектеп-лицей













Тақырыбы: Бәйшешек бүр жарғанда....

(Ата-аналарға арналған ашық тәрбие сағаты)



Өткізілген күні: 6.03.2013 ж

Сыныбы: 3 «Б»







2013-2014 оқу жылы

Тәрбие сағаты (сынып ұлдарымен)

Тақырыбы: Бәйшешек бүр жарғанда....

І жүргізуші: Аялайық аналарды әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің аналардың қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен дариды. Ана-ұлы адам, ана құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар! Ортаға сыныбымыздың ару қыздарын қошеметпен шақырайық. (ұлдар қыздарды сыныпқа алып кіріп, қыздарға арнаған 1 шумақ өлеңдерін оқиды)

ІІ жүргізуші: Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

І жүрг: Құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар, бүгінгі «Бәйшешек бүр жарғанда...» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Хор: Ана туралы

І жүрг: Дүниеде анасыз адам болмайды. Мына отырған сендер де, менде осы біз бәріміз анадан туып, ананың көкірегінен нәр алған жандармыз. Дүниеге келген жас нәресте де ең алғашқы сөзді анасынан үйренеді, ең алғашқы әнді анасынан естиді. Қай ұлт болмасын, баласына өз ана тілін үйретеді.

ІІ жүрг: Дұрыс айтасың . Біздің ана тіліміз - қазақ тілі екен. Осындай беййбітшілік, бақытты заманда қалай өмір сүріп жатырмыз?

І жүрг: Әрине, біз бейбіт күнде жақсы өмір сүріп жатырмыз. Бізде бәрі жеткілікті.Киетін киім де, ішетін тамақ та, оқитын оқулық та тегін беріледі. Бұл Отанымыздың бізге деген қамқорлығы.

ІІ жүрг: Дұрыс айтасың . Аяулы анамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалды.

Ана еңбегін ардақтаған, Ана орденін беріп саған

Біздің елдің заңы ғана. Деп мақтады Даңқты ана

І жүрг: Бізге Қолғанат ананың сарқалмас екпінді күші туралы айтылған әңгіме айтып берсе.

Қолғанат: Құрметті аналар. Ару қыздар сіздерді келе жатқан мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! (Тургеневтің «Торғай» әңгімесін айтады)

ІІ жүрг: Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген қалаларының көшелерінде, кең байтақ даламызда әлі де қар жатады. Бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады.

І жүрг: Ал, Әділет, біз осындай ұлы мейрамда анамызға қандай қуаныш сыйлаймыз?

ІІ жүрг: Шыңғыс, біз анамызды ешқашан ренжітпей, айтқанын қылып, көмек көрсетсек соның өзі қуаныш емес пе?

І жүрг: Дұрыс айтасың, ал мен мына жердегі апайларымыздан анасына жасаған ең алғашқы көмегі туралы сұрап өтейін. (2 ата-анадан сұрайды)

ІІ жүрг: Біздің бүгінгі мерекеде анамызға көрсететін қуанышымыз әсем ән мен тәтті күй сыйлап , ару қыздарымыздың көңілін көтермейміз бе?

І жүрг: Ендеше ортаға Фархадты шақырайық. Фархадтың әні кетеді.

ІІ жүрг: Дүниенің жарық күні -анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз

І жүрг: Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын,

Анаға арнап тағы бір өнер саламыз.

Нысанаға би: Бауыржан, Қолғанат, Нұраят.

(4 бала ортаға шығып 1-шумақтан өлең оқиды)

ІІ жүрг: Ән де шырқап, би де билеп жатырмыз, асыл ана, осының бәрі сіздің ғана арқаңыз.

І жүрг: Ендеше ардақты аналарымызды ортаға шақырып ойын ойнатсақ қалай қарайсың?

ІІ жүрг: Әрине, қуана келісер едім. (3 ананы шақырып ойын ойнату)

І жүрг: Біздің сөз тапқыш аналарымыздың құрметіне Мерейдің «Мама» Әнін қабыл алыңыздар.

ІІ жүрг: Әділет, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай?

І жүрг: Бәйшешек бүр жарғанда....

ІІ жүрг: Бәйшешектің қандай өсімдік екенін білесің бе?

І жүрг: Әрине, бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қардың астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктілігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.

ІІ жүрг: Иә, дұрыс айтасың Әділет. Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған, ортамызда жүрген 13 бәйшешек қыздарымыз бар екенін ұмытпалық.

І жүрг: Сыныбымызды нұрға бөлентіп жүрген қыздарымызды ұмытуға болмайды. Мен қыздарға арнап өз өнерімді көрсетейін.

ІІ жүрг: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті асыл да, қадірлі де қыздар сіздердің құрметтеріңізге арнап Жігіттеріміздің биін қабыл алыңыздар. (Асылан, Басбақбай, Егізбай)

І жүрг: Ана дегеніміз-әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана ақылшы, ана тәрбиеші, ана ұстаз дегенге келісесің бе?

ІІ жүрг: Әрине келісемін. Бүгін біздің ортамызда парасатты ұстаз, ақылшы ана, екінші анамыз бола білген

І жүрг: Құрметті------------------------------ апай, сіздің ең лағаш анаңызға сыйлаған сыйлығыңыз есіңізде ме? Сіз 8-наурыз мерекесіне қалай дайындалар едіңіз?

ІІ жүрг: Сіз балаңыздан ең алғаш рет алған сыйлығыңыздыұмытқан жоқсыз ба және ол қандай сыйлық еді?

Жүргізушілер І,ІІ: Жауап бергеніңіз үшін рахмет!

Қарақат: Әрине, әр бала өз қолынан келгенше анасын қуантуға тырысады. Ананың қуаныуы біз үшін үлкен қуаныш. Мен де анама арнаған әнімді айтып берсем деймін, қабыл алыңыздар!

(4 бала 1-1 шумақтан тақпақ айтады)

І жүрг: Әжелерім асыл менен ақылды

Ажыратар алыс пенен жақынды

Үйретеді салт дәстүрді әжелер

Сөз берейік ақ батасын берер ме,- деп ортамызға келіп отырған ақ жаулықты аналарымызға сөз кезегін берсек. (ата-ана сөзі)

ІІ жүрг: Анаға арнап айта берсең сөз жетпес, ол дегенің-өмірдегі асыл жан!

І жүрг: Шырылдап жерге түскеннен-ақ біздің ең жақынымыз-ана.

ІІ жүрг: Ең бір досымыз

І жүрг: Ең бір ұстазымыз.

Бірге: ОЛ-ана.

ІІ жүрг: Ол біз үшін бәрінен қымбат

І жүрг: Сондықтан біз бір-ақ жанды білеміз

Бірге: Ол-ана.

ІІ жүрг: Ананың жолы басқа.

І жүрг: Ана деген сөздің өзі ыстық.

ІІ жүрг: ана десе толқымайтын жүрек

І жүрг: Тасымайтын қан

ІІ жүрг: Сезінбейтін сезім болуы

Бірге: Мүмкін емес.

І жүрг: Өмірде ана - бұлақ, ана пана

Өмірді өркендетер ана ғана - дей отырып денсаулықтарыңыз қуатты.

ІІ жүрг: күндеріңіз шуақты

І жүрг: өмірлеріңіз мәнді

ІІ жүрг: үйлеріңіз сәнді болып

І жүрг: жанұяда бақытты, уайым -қайғысыз ғұмыр кеше беріңіздер,-деп сіздерге арналған мерекелік кешімізді аятқаймыз.









© 2010-2022