Тәрбие сағаты қазақ тілінде Бала тілі -бал

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты қазақ тілінде Бала тілі -бал

«Бала тілі - бал»

Мақсаты: 1. Балалардын балдырған тілдерін дамыта отырып,анна тілінің көркемдігін сезініп, сөздік қорларын молайтып,сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру,тіл мәдениетін дамыту.

2. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу,ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру. Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бекеттер-топ аттары жазылған плакаттар, кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары .

Тәрбиеші:Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағым асіңірген таныс үнім.

Ең бірінші солтілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

С.Торайғыров.

Тәрбиеші::Құрметті балалар бүгін сендердін балғын бала тілдерінмен айтқан өлең шумақтарынды, тақпақтар тыңдап, мақал -мәтел жалғастырамыз.

Мақал-мәтелдерді жалғастыр:

Шешеннің тілі...

Бал тамған тілден...

Ақыл көркі ...

Анасүті...

Жақсы сөз...

Жақсығасөзілеседі...

Тілінбілмеген...

Аяқ қа кісен салуға болар...

Тәрбиеші: Балаларымыздын бал тілімен айтқан тақпақтарын тыңдаймыз.

Роза: Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқи-ытқи жүгірді.

Ұлту: Бала, бала баламыз

Бақшаға барамыз

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.

Шапағат: Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Қараймыз бәріміз

Аяққа бір, қолға бір

Ринат: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Мұстафа:Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.

Сымбат:Бала-бала балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнат.

Айсымбат:Қане балалар тұрайық,

Қолды белге қояйық

Оң аяқ, солаяқ

Шынығып алайық.

Жайсан: Шаршасаңдар балалар

Қолдарыңды созыңдар

Бір,екі,үш,төрт,бес

Саусақтармен ойнаңдар

Денелерің шынықсын

Саналарың тынықсын

Серікболсын:Біз аяқпен топылдаймыз,

Біз қолмен шапалақтаймыз.

Баспен біз шайқаймыз

Қолымызды көтереміз

Одан кейін ақырын

Орнымызда жүгіреміз.

Тәрбиеші: ал енді балаларымыздын «Қасқыр мен түлкі» көрінісін тамашалаймыз.

Дінмұхамед:

Сағаттың тіліндей, иіліп оңғабір,

Сағаттың тіліндей, иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ.

Жаттығу оңай-ақ.

Нұртілеу: Жел еседі бетімізге,

Шалқаяды ағаштар.

Желге айтамын тыныш-тыныш

Тынышталсын ағаштар.

Тәрбиеші: « Балдырған» әні балабақша балалары.

Әриә:Ішке тартып ауаны,

Деміңдіа лшы тереңнен.

Денсаулықтың жауабы,

Қайталасаң менімен.

Ерсұлтан:Аю, аю тұршы,

Беті қолыңды жушы

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Есенберді:Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

1,2,3 қарлығаш боп ұшамыз.

Нұрболат: Қоян шықты далаға,

Жан-жағына қарады.

Жүгірді, секірді.

Орнына келіп отыршы.

Естай: Орнымыздан тұрайық

Қолымызды жаяйық.

Қарлығашқа ұқсайық

Ұшып, ұшып алайық.

Тәрбиеші: Ана тілі - асыл күні бабамның,

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.

Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,

Туған тілді жаттап өскен баламын.

«Оң жол ізде өмірде көп ойланып,

Алдыңнан атар таңың арайлап.

Азаматы бар ел деп - бұл қазақтың,

Талай жұрт құрметтесін қарай қалып».

«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы.

Балалар тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Бала- тілімен тәтті дей отырып, бүгінгі ертенгілігімізді аяқтаймыз.







Тәрбиеші: Каядарь О.

«Келісілді» «Бекітемін»

ОІМ: ------------- Мектеп директоры м.а.------------

Рашат Н. Ахметова Г. Б.

«----» --------- 2015ж. «----» ------------ 2015ж.









10.12.2015 жыл







© 2010-2022