Кім боламын? технологиялық карта

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Таным

Ұ.о.і.ә. Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Кім боламын?

Мақсаты: Дәрігер, тәрбиеші, мұғалім, құрылысшы, аспаз, шаштараз т.б. мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділігі: Мамандықтар туралы түсінік бере отырып, білімге, білуге құлшыныстарын ояту.

Тәрбиелілігі: Бір -бірін тыңдап, құрметтеуге, ұқыптылыққа, ізеттілікке үйрету.

Дамытушылығы: Ой ұшқырлығы мен қиялдарын дамыту.

Көрнекілігі: Мамандықтарға байланысты суреттер, карточкалар т.б.

Әдіс - тәсілдер: Сөздік, ойын, көрнекілік т.б.

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың іс - әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Жарқырап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.

Тілеймйз Сізге ақ таңның

Қуанышын шаттығын.

Тақпақты бірге қосылып айтып,қимыл - қозғалыспен орындайды.



























-Балалар, біздер бүгін «Кім боламын?» деген тақырыпта әңгіме айтамыз.

Суретпен жұмыс.

Аспаз,құрылысшы, шаштараз, мұғалім, тәрбиеші т.б.

Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?» .

Шарты: Әр маманға керекті заттарды топтастыру.

Енді осы мамандықтарға байланысты кім қандай тақпақтар біледі екен? Қане, айтайықшы.







Сәйкестендіру тесті:

Сергіту сәті.

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті, ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.

Жұмбақтар шешу.

1.Қолдағы жұмыс құралы

Қайшы менен тарағы.

2.Тұмсығына жіп салып сүйретеді.

Бар жыртықты бүтіндейді.

3.Айқасқан қос қылыш,

Қолға тисе жоқ тыныш.

4.Қабат - қабат қаттама

Ақылың болса аттама.

Бес жол өлең

1.Мамандық

2.Білімді. Еңбекқор.

3.Оқытады. Тігеді.Тамақ пісіреді т.б.

4.Кәсіп.

5.Мамандықтың бәрі жақсы.

Әр бала өзі білетін мамандық туралы, ата - анасының жұмысы, мамандығы туралы әңгімелейді.

Аспаз дәмді тамақ пісіреді.

Құрылысшы зәулім үйлер салады.

Мұғалім балаларға білім береді, оқытады т.б.

Әр маманға тиісті заттың суреті бар карточканы сәйкес маманның суретіне апарып іледі.

Темірлан:

Мен құрылысшы боламын,

Зәулім үйлер саламын.

Өз қаламды көркейтіп,

Ел алғысын аламын.

Айзере:

Әжеме тіс саламын

Көзіне әйнек тағамын.

Сондықтанда өскенде

Мен дәрігер боламын.

Әзиза: Жаққан білім шырағын

Таққан ғылым тұмарын.

Әліппені үйреткен

Ол кім десең - мұғалім!

Әр маманның құрал - сайманын сәйкестендіріп сызықпен қосады.

Тақпақты айтып, қимылмен орындайды.



Балалар ойланады. Шешуін айтады.

Шаштараз.

Ине.

Қайшы.

Кітап.

Әр бала өз ойын айтады.

Қорытушылық

«Менің арманым...».

Көңіл - күй.

Белсенді балаларды мадақтау.

Балалар өздері қалап, армандаған мамандықтары туралы әңгімелейді.

Смайликтер арқылы алған әсерлерімен бөлісу.

Нәтиже: Мамандықтар туралы түсініктері бар.

Мамандық алу үшін білім алу, оқудың қажеттілігін түсінді.

Мамандардың еңбегінің адамдардың өздері үшін және қоғам

үшінде маңызы бар екенін білді.



© 2010-2022