8-наурызға арналған ертеңгілік Аяулы анашым

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 наурыз мерекесі


Ортаңғы «Ә» тобы

Залға ата-аналар кірмес бұрын (жетон) 5-раушан гулінің суреті. 5 - күннің суреті. қалған ата аналарға тілектер жазылып таратылады.

Балалар музыка залына музыка сүйемелдеуімен кіреді. Орындарына отырады.

Жүргізуші:

  1. Ұл. Сәлеметсіздерме мейірімді аналар!

  2. Ұл. Сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

  3. Ұл. Сіздерге денсаулық, бақыт, шаттық тілейміз.

  4. Ұл. Және біздің топтың қыздарын да ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ұлдар бірге айтады.

5 - Қыз. Рахмет жігіттер,

Ана деген мейірім,

Ана деген шапағат,

Ана деген құдірет,

Ана деген махаббат.

Әніміз бүгін шырқалады,

Аналарға арналады.

Ән: Аяулы анашым

Музыка сүйемелдеуімен залға сайқымазақ кіреді.

Сайқымазақ Қош кедіңдер балалар! деп ата-аналармен амандасады.

Жүргізуші: Сайқымазақ мұның не? Біздің балаларымыз міне отыр,олармен дұрыстап амандас!

Сайқымазақ: А-а-а-а, әр баланың аяғымен амандасады,

Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы сайқымазақ дұрыс амандасты ма?

Балалар: жооооқ

Сайқымазақ: а-а-а-а есіме түсті.. балалармен әрқайсысымен қол алысады.

Жүргізуші сайқымазақты тоқтатып.

Жүргізуші: Балалар сайқымазаққа қалай дұрыс амандасу керектігін үйретейікші! қалай амандасамыз?

Балалар: Сә-ле --мет- сіз- бе!

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме балалар. Сендер бүгін қайда жиналдыңдар? Қандай әдемісіңдер? Әр баланың (галстугын, шашын ұстап көріп)Бүгін қандай мереке?

Балалар: 8-наурыз қыздар мерекесі.

Сайқымазақ: Рұқсат болса, мен де сендермен бірге ән айтып, аналарыңды құттықтағым келеді. (жабырқап)

Жүргізуші: Әрине сайқымазақ, кел біздің балалармен бірге ән салып көңіл көтер.

І бала. Аналар мен әжелер бала. Біз бәріміз баламыз

Әпкелермен сіңілдер Байқамай - ау қамыз

Сегізінші наурызбен Ренжітіп - ап қыздарды

Құттықтаймыз сіздерді Соңынан анғарамыз

ІІІ бала. Достықтыда ойлаймыз Айналайын анашым -

Сіздерді біз сыйлаймыз Әлемдегі жан асыл.

Қыздардыда құттықтап Болса маған не керек,

Мерекесін тойлаймызІ Бәрін іздеп табасың.

1-қыз. Жігіттер, мында тез келіңдер,

Ортаға, асығып жетіңдер

2-қыз. Аналарды құттықтап

Би де билеп, көріңдер.

Би: «Ұлдар биі»

Сайқымазақ: Жарайсыңдар жігіттер.

Жүргізуші: Рахмет ұлдарым, келесі көрінісімізді қарсы алыңыздар ортада қызы, анасы және әжесі.

Көрініс.

Қызы қуыршағына: Анасы қызына: Әжесі қызына:

Қуыршағым менің Балапаным менің, Шырағым менің,

Құлыншағым менің, Құлыншағым менің, Шұнағым менің,

Қарның ашты ғой, Қарның ашты ғой, Қарның ашты ғой

Ас іше ғой. Ас іше ғой. Ас іше ғой.

Жаным менің Жаным менің Жаным менің

Алтыным менің Алтыным менің Алтыным менің

Жүргізуші: Көрдіңдер ме балалар, әр ана өз баласына жаны ашып, уайымдайды. Сондықтан балалар аналарымызды ренжітуге болама?

Дана сөздер:

1-бала 2-бала

Әке - асқар тау, Өмірдегі ең жақын, ең жылу жан - Ана

Ана - таза бұлақ,

Бала - жағасындағы құрақ.

3 - бала 4 - бала

Ана - сәби үшін ең жылы ұя. "Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер"

5-бала

Анасы бар аламдар ешқашан қартаймайды.



Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар.

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақатаған

Анашым деп мақатаған

Айналайын ақ анам- демекші кезекті балалар әндеріне береміз.



Ән: «Құттықтаймын ана»

Ойын: «Орамал жуу»

Ұлдар ортаға шығып орамал жуу биін орындайды. Қыздар сол орамалдарды жіпке жаяды.

Ойын: «Өз балаңды тап»

Сайқымазақ орамалдардың дұрыс жуып жайғандығын тексереді.

Сайқымазақ: енді ата - аналармен ойын ойнап көрейік: Ортаға 5-раушан гүлі түскен аналарымызды ортаға шақырамыз.

1-раушан гүл. ананың көзін байлап, қолдарын ұстау арқылы өз баласын табу...

Жүргізуші: Бәрекелді балалар балалардың тақпақтарын қарсы алыңыздар.

Балалар шығып, тақпақтарын айтады.

1бала: Айналайын анашым -

Асқар таудай панасың,

Күн көзіңдей күлімдеп,

Құшағыңа аласың.

2бала: Ақ сүт беріп аяладың,

Жан шуағын аямадың,

Қанатыңды саяладым,

Қандай әсем күлгенің.

3бала: Ай қабағың таңдай ашық,

Папамыз да саған ғашық.

Ортамызда қандай бақыт

Аман-есен жүргенің.

4бала: Қабағыма қараған,

Көңілімді таба алған.

Ең ақылды адам да

Ол - өзімнің жан анам.

Жүргізуші: Ал ардақты аналар, қыздар сіздерге әдемі гүл биін дайындады.

Би: «Қуыршақ»

Жүргізуші: Тамаша биін тамашаладыңыздар, ал енді балалар, 8 Наурыз мерекесі тек қана аналарымыздың мерекесі ме? Кім айтады, бұл тағы кімнің мерекесі.

1ұл: 8 Наурыз меркесеі аналарымыз және ардақты әжелеріміздің мерекесі. Біз ардақты әжелерімізге де тосын сый дайындадық. Әжелерімізге тамаша ән айтып береміз.

Ән: «Айналайын ақ әжем»

Жүргізуші: Әжемізгі арналған тақпақтарымызды «Ардақты әжелерімізге» арнаймыз.

Әже отыр кәріміз,

Қуат берер дәріміз

Әулетпенен аялап,

Ардақтаймыз бәріміз.

Әжем өрнек тереді

Сырмақ отыр оюлап

Басы ауыра береді

Шай ішпесе қоюлап

Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп

Жамандықтан шектейді

Әжеме ешкім жетпейді

Жүргізуші: Аяулы аналар, сіздер жұмысқа қалай дайындаласыздар? Оны балаларыңыз күнде көріп жатады екен. Енді қыздарымыз оны бізге көрсеткілері келіп отыр. Кәне, ойын ойнап бәріміз тамашалайық.

Ойын: «Аналар жұмысқа жиналады».

2 қыз 2 үстел үстінде жайылған помада, сөмке, моншақтар, үлкен туфлиді киіп жарысады.

Сайқымазақ: Енді кезек аналарымызда. Күннің көзінің суреті түске аналарымыздың жетондарында, белгілі бір әріп бар. Сіздер сол әріптен басталатын балаларыңызға жылы сөз айтасыздар. Мысалы: «Б»әрпі түскен ана: Ботам, балапаным, базарым - баласының аты Альтаирым - менің.

Жүргізуші: Ал енді қадірменді аналар мен әжелер, ұлдарымызбен қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би «Вальс»

Жүргізуші: Мен үшін не керек- бәнін іздеп табасың

Айналайын анашым, жұмысыңа барасың

Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың

Құрметті,аналар мен әжелер, және де біздің ару қыздарымыз, сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз! Әр қашанда гүл сияқты жайнай беріңдер! Ал біздің мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Сіздерге келгендеріңзге көп рақмет. Сау болыңыздар!

5


© 2010-2022