Вариатив сабақ Сыйластық тағылымы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

НОВЫЙ ОРТА МЕКТЕБІ



«СЫЙЛАСТЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ»

арнаулы курс бағдарламасы

(5-6 жастағы балаларға арналған)

АҚТӨБЕ

2015

Ақтөбе қаласы, Новый орта мектебінің бастауыш сынып бірлестігінің

отырысымен ұсынылған.


Хаттама № 2015

Құрастырушы - автор: Нұрпейсова Агерке Алдашүкірқызы - Новый орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі

Пікір жазғандар:

Қаплиева А.Қ. - «Өрлеу» ҰБАО АҚ Ф Ақтөбе ОБПҚБАИ, кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент.

Есеева Т.Н. - Новый орта мектебінің бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі.

«Сыйластық тағылымы» тақырыбында арнаулы курс бағдарламасы мектепке дейінгі топтардағы 5-6 жастағы балалардың жас ерекшелігіне сай, әдептілік, адамгершілік, сыйластық құндылықтары арқылы тәрбиелеуге арналған.



Түсінік хат

Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеудің маңызы зор. Адамгершілігі мол иманды,тәрбиелі адам кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі,сол елдің мақтанышы. Сондықтан 5-6 жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне

сәйкес өзара сыйластық қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған «Сыйластық тағылымы» тақырыбына арнаулы курс бағдарламасын ұсынып отырмын..

Бағдарлама өнегелі өмірге сүйене отырып 3жылға бейімделіп аптасына 1рет 32сағатқа жасалынды.

Бағдарлама мақсаты - мектеп алды дайындық жастағы балалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынастарында сыйластық құндылығын дамыту.

Халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту.

Бағдарлама міндеттері:

  • 5-6 жастағы балалардың өзара сыйластық қарым-қатынастарының мәнін түсіндіру;

  • 5-6 жастағы балаларға сыйластыққа бағытталған нақыл сөздер мен мақал- мәтелдердің мәнін үйрету;

  • Халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі сыйластық тағылымына қолданатын бабалар құндылығын жалғастыру.

Күтілетін нәтиже

  • 5-6 жастағы балалардың сыйластық ұғымына деген дүние танымы, ой-өрісі кеңейеді;

  • 5-6 жастағы балалардың сыйластық, әдептілік мәдениеті туралы түсініктері дамиды;

  • 5-6 жастағы балалар бір-бірімен сыйластықта қарым-қатынасы артады;

  • 5-6 жастағы балалардың « үлкенге ізет, құрмет ету» түсініктері қалыптасады.

Бағдарлама аптасына 1 рет , барлығы 32 сағатқа құрастырылған..

Бағдарламаның мазмұны

Бұл бағдарлама мектепалды даярлық топ балаларының бойында адамгершілік, кішіпейілділік, ізеттілік қасиеттерін қалыптастырады.

Балаларды халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктерді үйренеді.

Балаларға өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы таниды.

Бұл бағдарлама өзара сыйластық қарым-қатынасын қалыптастырады.

Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін бойына сіңіреді.

Жақсы қасиеттерді ұғынып, рухани жан дүниесі дамиды.

Бағдарламаның құрылымы

«Сыйластық тағылымы» арнаулы курс бағдарламасы балалардың жас ерекшеліктеріне лайықталып аптасына 1рет 32 сағатқа негізделіп жоспарланған. Бағдарламаға мақал-мәтелдер, өсиет нақылдар, өнегелі әңгімелер, тақпақтар енгізілген.

Әр тоқсанға 8 сағаттан жоспарланып 4тарауға бөлінген.

Бірінші бөлімде сыйластық туралы ой өрісін кеңейтіп, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру.

Екінші бөлім адамгершілік құндылығы жөнінде түсінік бере отырып үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуін түсіндіру.

Үшінші бөлім ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңіріп, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу.

Төртінші бөлім «Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін» деген ұғымды ұстана отырып еңбекқорлық, қайырымдылық қасиеттерді бойына дарыту мақсатына бағытталған

Мектепалды даярлық тобына арналған «Сыйластық тағылымы» арнайы курс бағдарламасы

Сабақтың тақырыбы

Бағдарламаның мазмұны

Методикалық

әдіс

Сағат

саны

Ескерту

1

Сыйласаң-сыйлы

боласың.(өзара сыйластық қарым-қатынасқа негізделген қауымдастық)

Балалардың сыйластық

туралы ой-өрісін кеңейтіп,

ұқыптылық, достық,инабаттылық

құндылықтарын бала бойына

дарыту.

«Өмірлік сый»

Әңгімесі.Дидактикалық

ойын: «Сиқырлы

сөздер»

1

2

Сыпайы сөздер.

(жылы,жағымды,

мәдениетті сөйлеу)

Сыпайы сөздерді орнымен қолда-

ну,жақсы қасиетке үйрету, жаман

қасиеттен жиренту, ұстаз берген

тәлімдерін өз бойларына жинап,

өнегелі болу.

Мақал-мәтел,

дид ойын:

«Жалғасын тап»

1

3

Әдептілік-әдемілік.

(жасы үлкенге құрмет көрсету)

Балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды айыра білуге үйрету.

Көрініс көрсету

«Бала мен қария»

1

4

Әсемпаз болма әрнеге.

(жаман қасиеттерден аулақ

болу)

Адам болатын бала барлық жақсы

қасиеттерді үйреніп,жаман мінез,

жаман әдеттерден аулақ болуға

тырысу керектігін ұғындыру.

Мақал-мәтелдер,

ойын,сөзжұмбақ.

1

5

«Сіз» деген-әдеп,

«біз» деген-көмек.

(сыйластық,ұйымшылдық,

бірлік)

Балалардың «сыйластық», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту,

бірлесіп еңбек етуге. қызығушылығын арттыру.

Е.Өтетілеуовтың

«Бірлік» әңгімесін оқып беру.

1

6

Аталар сөзі-тәрбие көзі.

(ұлағатты,өнегелі,

нақыл сөздер)

Ұлттық дүниетаным негіздерін

қалыптастыру.Бабалардан қалған

ұлағатты сөздерді ұғындыру.

Сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Өсиет-нақылдар.

«Жалғастыр»ойыны

1

7

Кішіпейілділік-кісінің көркі.

(үлкенді сыйлай

білу)

Балаларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, еркіндікке машықтандыру.

Сұрақ-жауап,

ой бөлісу.

Мақал-мәтелдер

1

8

Адамгершілік-асыл қасиет.

(адамшылдық,жақсылық тілеу

қарым қатынастары)

Адамгершілік құндылығы жөнінде түсінік беру. Қарапайым инабаттылықты, шыншылдықты ұғыну.

Сөзжұмбақ.

Дид ойын:«Бойжазу»

1


9

Сәлем-сөздің анасы.

(шын жүректен

қарсы алу)

Балаларға әдептілік белгісі сәлемдесуден басталатынын,сәлемде сұлу сыр бар екенін.

ұғындыру.

Мақал-мәтелдер,

Ойын:

«сиқырлы таяқша»


1


10

Үлкенге құрмет,кішіге ізет.

(қошеметтеу,құрметтеу,

сыйлау,ізет көрсету)

Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру.

М.Төрежановтың

«Үш дос»әңгімесін

оқу. Дид.ойын:

«Құрмет-ізет»


1


11

Атадан жақсы ұл туса

(ақылды,өнегелі,үлгіболарлық)

Нақыл сөзді әр кез есте ұстап әкеден,анадан үлгі алуға тәрбиелеу

Ы.Алтынсаринның

«Әке мен бала»

әңгімесін оқу

1

12

Кешірімді бала -кішіпейіл бала.

(қарапайым,

кешірімшіл)

«Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.

Р.Әбілқадырова

«Кешірім»Әңгімесі

Сұрақ-жауап

1

13

Татулық- табылмас бақыт (бірін-бірі түсіне білу)

Ұл бала мен қыз бала арасындығы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру.Өзара сыйластық, қарым - қатынастарын дамыту;Инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Мақалдың мәнін

ашу:

Ер бала ата -анаға таяу, қыз бала үйге жаққан бояу.

1

14

Әдепті бала-арлы бала.

(көргенді,өнегелі,

тәрбиелі)

Жамандық пен жақсылықты, әдепсіздік пен әдептілікті, әдемілікті ажырата білу. Әдептілік-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, үлкенді сыйлау, кішіпейіл болу белгісі екенін ұғыну.

«Әдепті бала-арлы

бала,әдепсіз бала-

сорлы бала»

мақалының мәнін

түсіндіру

1

15

Жақсы сөз жанды жадыратар.

(жүйелі,орынды,

жылы сөйлеу)

Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту, жақсы сөздің адамдарға әсері туралы түсіндіру.

Ә.Дүйсенбиевтің

«Не деу керек»

өлеңі.«Сыпайы қоян»

ертегісін сахналау

1

16

Мейірімділік

(сүйіспеншілік,қамқорлық)

мейрімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту;мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Әңгіме:

«Сары тауық пен

балапандары»

1

17

Ашу дұшпан,ақыл дос

(ашуға бой алдырмай,

ақылға келу)

Ұстамдылық, сабырлылықтың мәнін түсіну.

Өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту

Ж Дәуренбековтің

«Сурет» әңгімесін

оқу.

1

18

Батамен ел көгер

(жақсы қасиетті ,өнегелі тілектер)

Балаларға бата туралы түсінік беру.Әр дәстүрге байланысты батаны әртүрлі жасауға және дастарқанға бата жасауға үйрету.

Біреудің асын ішіп отырып,оған ғайбат сөз айтпауға тәрбиелеу

Бата тілектер

жинағы.

1

19

Ата-баба дәстүрі

асыл мұра.(үлкендердің өсиет қылып қалдырған ақыл

кеңес,талап-тілектері)

Балалар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу.Бала ларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

Мақал-мәтелдер:

«Аталар мұрасы-халық қазынасы.»«Ата өнері-балаға мұра»«Асыл тастан,өнер

жастан шығады.

1

20

Тиым сөздер.

(тиым салынған іс әрекеттер)

Тыйым сөздердің өмірдегі тәрбиелік мәні туралы айта отырып, тыйымдар мен ырымдардың түрлерімен таныстыру, рухани жан дүниесін дамыту.

Қазақтың салт-

дәстүрлері жайлы

әңгімелеу Тұрмыстық- шаруашылыққа байланысты ырым тыйымдар.

1

21

Жақсылық жасау өз қолыңда.

(қайырымдылық,

мейірімділік)

Жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру, жақсылықты түсіну, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

«Жақсылық пен

жамандық»

ертегісі

1

22

Сабыр түбі- сары алтын

(шыдамдылық, төзімділік,

салмақтылық)

Сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығын түсіндіру; жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Әңгімелесу,мақал-мәтелдердің мағыналарын

түсіндіру.



1

23

Аялауды табиғаттан

үйренейік.

(қамқор болу ,мәпелеу)

Өзіңді өзгені аялаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

«Жанашыр»әңгімесін оқу.

1


24

Шыншылдық-адамдықтың белгісі(турашылдық, адалдық,

әділеттілік)

Шындық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылы ғын ашу.Шыншыл адам өз сөзіне берік, ісіне адал болу керектігін түсіндіру.

Ә.Табылдиев

«Ағайынды екі қыз» әңгімесі.«Түлкі мен ешкі»ертегісін сахналау

1


25

Еңбекқорлық пен еріншектік

(ерінбей адал еңбек ету)

Еңбектенудің адамға не үшін қажет екенін,еңбекқорлық адамды қандай қасиетке баулитынын түсіндіру.Еңбекқорлық пен еріншектіктің арасындағы айырмашылығын ажырату.

"Еңбексүйгіштік пен еріншектік" ертегісін оқу. Еңбекке байланысты мақал-мәтелдер.

1



26



Талаптыға нұр жауар

(жақсы қасиеттер

қалыптасуы)

Балаларға талапты,ынталы,әр кез жүктелген тапсырманы орын дауға талпынту. Талаптанудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру;

Б.Исаев «Мен талапты баламын»өлеңін оқу

мақал-мәтелдер

1


27

Дос тұтқанды қадірле

(ерекше құрметпен

қарау)

Достық ‒ адамдардың бір‒біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы,

татулығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы, қамқорлығының белгісі.

«Менің достарым»

тақырыбына әңгі-

ме құрастыру.

Мақал-мәтелдер

1


28

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

(бір-біріне сенім артып

бірлесіп іс атқару)

Бірлік туралы түсінік беру,

« бірлік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

А. Байтұрсынұлы «Аққу,шортан, Һәм шаян» мысалы.

1


29

Тегін білу тектілік

(жеті атасын,руын білу)

Балалардың отбасын, жеті атасын, қазақ халқының салтын, ата - тегін біліп, тілін, дәстүрін, құрметтей білуге баулу.

Е.Өтетілеуов

«Тегін білу тегін емес»

1


30

Жеті қазына

(жеті санын киелі деп білу)

Жеті санының киелі екенін және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың осындай таным түсініктері көптігін айтып,олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.

«Жеті қазынаның бірі»ертегісі

1


31

Қонақ жайлылық

(бауырмалдық, әдет,

салт-дәстүр)

Балаларға қазақтың салт-дәстүріндегі қонақ рәсімін тереңірек таныстырып білімдерін кеңейту.Жалпы қазақ қонақжайлылығы туралы толық мәлімет беру.

Қазақтың дастарқаны жайлы әңгімелеу.

Мақал-мәтелдер

1


32

Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен

(жаман әдеттен аулақ болу)

Жақсы, жаман туралы түсінік беру;жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;

жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.

В.Маяковский

«Жақсы деген немене,жаман деген немене»шығармасын оқу.Ойын «Не жақсы,

не жаман»



1








© 2010-2022