ІІ-кіші топқа арналған ұиымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиалық картасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ІІ-кіші топқа арналған ұиымдастырылған оқу іс әрекетінің

технологиалық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Кішә сала: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Алтын жұмыртқа

Мақсаты: ауызша халық шығармашылығы туындысына деген қайырымдылық сезімін дамыту; кейіпкерлердің тәртіптеріне қарапайым мінездеме беруге үйрету.

Тәсілдер кезендері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Балалар, біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату, доспыз. Қане бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін, жақсы тілектер айтайықшы.
Жарайсыңдар, балалар! Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде қандай өзгерістер байқадыңдар, қандай ерекшелігі бар?
- Қандай мерекелерді тойладық?

- Күніміз жарық болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Деніміз сау болсын!
- Елімізде тыныштық болсын!

- Көктем мезгілі.

- Күн жылынып келеді, ағаштар бүршік жарады, құстар қайтып келеді.
- Аналар мерекесін, наурыз тойын тойладық.

Іздену-ұйымдастыруыш












Рефлективті-коррекциялаушы

- Ия, тіршіліктің бәрі оянып, жан-жануарлар төлдеп, құстар келіп, балапан шығарады екен. Сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Ия, тауық үй құсына жатады. Тауық не шығарады?
- Ендеше, мен сендерге "Алтын жұмыртқа" ертегісін айтып берейін.
Ертегіні үстел - үсті театры арқылы көрсетіп отырып әңгімелеу.
- Балалар ертегі не туралы екен?
- Онда тағы қандай кейіпкерлер бар?
Балалар, ендеше бір сәт балапандарға ұқсап қимыл жасайықшы.
- Балалар жұмыртқаның пішіні қандай?
- Түсі қандай?

Осы кезде тауықтың дауысы естіледі.
- Балалар, тыңдаңдаршы ненің дауысы естіледі?
Топқа қыт-қыттап тауық кіреді.
- Қыт - қыт - қыт, сәлеметсіңдер ме, балалар!Қандай әдемі балалар!
- Балалар, бұл біздің ертегіміздегі тауық емес пе?
- Ия, менің көп жұмыртқаларымды тышқан жарып кетіпті, соны құрастыруға көмектесесіңдер ме?

«Бөлігін тап» ойыны.

- Рахмет, сендерге балалар! Мен қуанып қалдым.
- Балалар, сендерге ана тауықта риза болып қалды, сендер өздеріңнің жақсы, ақылды балалар екендеріңді көрсеттіңдер, енді ана тауықпен бірге серуенге шығып «Балапандар» ойынын ойнайық.

- Торғай, қарға, тауық.

- Жұмыртқа шығарады.


- Алтын жұмыртқа туралы.

- Ата, әже, тышқан, тауық

«Шөжелер» әніне қимыл жасайды

- Пішіні сопақша

- Түсі ақ.





Ия, көмектесеміз.

Балалар бөліктерін тауып құрастырады.



Ойынға қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Білуге тиіс: ертегілерді тану және атау

Талапты болу: ертегіні тындау

Қолынан келуге тиіс: кейіпкерлердің тәртіптеріне қарапайым мінездеме беру






© 2010-2022