Ашық сабақ. Тақырыбы: Орыс халық ертегісі: «Мысық, әтеш және түлкі»

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Орыс халық ертегісі: «мысық, әтеш және түлкі»

Мақсаты: Балаларға ертегі мазмұнын түсіндіру, жақсы- жаман кейіпкерді анықтауға үйрету. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын толықтыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Бір- біріне деген достық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: көрсету, сұрақ- жауап,

Көрнекіліктер: үнтаспа, ертегілер суреттері, ойын тапсырмалары.

Қостілдік компонент: кошка- мысық, петух- әтеш, лиса- түлкі

Іс- әрекеттер кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Шаттық шеңбері.

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба Көк аспан!

Амансың ба , достарым,

Сендерді көрсем қуанам!

Бір- бірімен амандасып, жақсы тілектер айтады.

Ұйымдастыру- іздестіру

Негізгі бөлім. Тәрбиеші: Балалар, бүгін аптаның нешінші күні, қандай күн? Қандай жыл мезгілі? Қайдан білдіңдер?

- Дұрыс, күздің соңғы айында жерге қар түседі. Бірақ, балалар, біз оған қамықпаймыз. Бүгінгі іс әрекетімізде біз тез жұмыс жасап, бір- бірімізге, келген қонақтарға жылулық сыйлайық. Ол үшін маған қандай ертегілерді білесіңдер, соны атап беріңдерші!( Мақтақыз бен мысық, Ит пен мысық адамға қалай дос болды?, Шұбар тауық, Жеті лақ, Шалқан, Түлкі мен тырна, Бауырсақ) Өте жақсы. Енді бүгінгі тақырыпты ашу үшін, мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ жасыру: Өзі айлакер, өзі бір қу,

Жүрген жері у да шу. Ол не?(түлкі)

Еріксе, құйрығымен ойнайды,

Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды.(мысық)

Жолбарысқа ұқсайды,

Тек тышқанды ұстайды (мысық)

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай. (әтеш)


Тәрбиеші: Бүгінгі танысатынымыз орыс халқының «Мысық, әтеш және түлкі» ертегісі. Ертегіні мәнерлеп, дауыс интонациясымен оқу.

Сұрақ- жауап: 1. Ертегі кейіпкерлерін атаңдар.

2. Әтеш қайтті?

3. Түлкі не істеді?

4. Қайсы кейіпкер қатты ұнады? Несімен?

5. Қайсы ұнамады? Неліктен?

6. Кім айтып береді?

Тәрбиеші: Ендеше балалар, біз де түлкіге үй құрап көмектесейікші, санағыш арқылы пішін құрастыру. Қандай пішін шықты? (бесбұрыш)

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,

Құлпынайы бар екен.

Құлпынайды еңкейіп,

Теріп, теріп алайық!

Дидактикалық ойын: «Кім тез құрайды?» топпен жұмыс, екі топқа қиылған аңдардың суретін беру.

Өлең жаттау: Маған тура қарайды,

Бәлкім қамқор санайды,

Ертеңгісін тұра сап,

Беті- қолын жалайды.

Тыныштық сәті: (баяу музыка әуенімен көзімізді жұмып, орманды елестетеміз) Балалар,сендер көздеріңді жұмыңдар, көз алдарыңа орманды елестетіңдер. Орманда аңдар жүр. Орман іші жап- жасыл. Таза ауа, сайраған құстар үні, сылдырлап аққан судың сыбдыры құлаққа жағымды естіледі.Көзімізді ашайық. Қалай ұнады ма?

Тәрбиеші: Ендеше бүгінгі іс әрекетімізді: «Жақсы дос үшін жан пида» деген мақалмен аяқтайық. Бүгінгі тапсырмаларды жақсы орындадыңдар, мен де сендерге осы еңбектерің үшін бір- бір құлпынайдан бергім келіп тұр. Алда да осылай қызығушылық танытасыңдар деп сенемін!

Балалар оқуға байланысты атауларды айтады. айтады.



Суретте көріп тұрған ертегі кейіпкерлерін қатесіз айтады.




Ойласады, түрлі жауап береді



Тыңдайды, баяндайды



Аса ерекше қызығушылықпен

құрастырады


қимылмен көрсетеді


Тез құрайды

Бірге жаттауға талпынады


Рефлексифті- түзетушілік

Қорытындылау: Сұрақ- жауап.

  • Балалар, бүгін не туралы әңгімелестік? Не үйрендік?

Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Оқыған, естіген ертегі кейіпкерлерінің атауларын, сурет бойынша сөйлем құрай алады.

Игерді: Тақпақ, мақал жаттауды.

Істей біледі: Сұрақтарға жауап бере біледі.



© 2010-2022