Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Ұшақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.

Тобы: ІІ кішілер тобы

Күні

Тәрбиеші:Ихсангалиева.А.

Білім беру саласы: _ «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі:Жапсыру.

Тақырыбы:__«Ұшақ».

Мақсаты: көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау; аспан денелерін ажырата білуді үйрету:

Ұшақ бөлшектерін рет ретімен орналастыра білуді үйрету; жұмысты ретімен атқара білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:әуежай бейнеленген картинаны талдау, суретке қарап әңгіме құрастыру.Көлік түрлері жайында әңгімелеу.

Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материялдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: қалақ.

Биллингвальді компонент: ұшақ- самолет, аспан- небо.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі



Жұмбақтар:

Құстан аумайды,

Көкте заулайды.

(Ұшақ)

Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)

Балалар ұшақтар қайда ұшады?

Ал сендердің ұшқыш болғыларың келе ме?

Балалар тәрбиешінің жасырған жұмбақтарын шешеді: Ұшақ,Ұшқыш.


Аспанда ұшады.

Иә, мен өскенде ұшқыш болғым келеді.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Ұшқыш болу үшін не істеу керек?

Ендеше, біз нағыз ұшқыш болу үшін өзімізге ұшақ жасайық. Ұшақ жасау үшін мына суретке назар аударайық.

Сөздік жұмыс: қалақ.

Суретте нелер бейнеленген? Ендеше, фонға ұшақтың қанатын жапсырамыз, одан соң, ұшақтың қанатын сәл төмнірінек ұшақтың құйрығын жапсырайық, қанаты мен құйрығының үстіне ұшақтың негізгі бөлігін жапсырамыз.Ұшақтың негізгі бөлігінің ішінд адамдар отырады, ал олар қайда ұшып бара жатқанын білу үшін оларға терезе керек.

Балалар үлестірмелі атериялдағы суретке қарайды.

Қайталайды: қалақ.

Суретте аспан, ұшақ, бұлт, Күн бейнеленген.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, оның айтыуы бойынша

.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Олай болса терезесін жапсырайық.Ұшағымыз ұшу ұшін оның алдыңға жағына қалағын (пропеллер) және оны ұшаққа бекітіп тұратын дөңгелекті жапсырамыз. Ұшағымыз дайын болды.

Билингвальді компонент: ұшақ самолет,

Аспан небо.

Сергіту сәті:

Аспан,аспан,арайлым.

Саған жие қараймын,

Сені көзбен шаламын,

Мен ғарышкер боламын.

Тәрбиеші оқу іс әрекеті барысында көмек сұраған балалармен жеке жұмыс өткізеді.

Балалардың жасаған жұмыстары тақтаға ілініп, талданады.

жұмысты орындайды.

Өздері дайындаған ұшаққа қызыға қарайды.

Қайталайды: ұшақ самолет, аспан небо.

Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл қозғалыстар жасайды.

Балалар берілген нұсқау бойынша жапсыруды асырады.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі





Қорытынды.

Балалар, бүгін ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде не үйрендіңдер?

Ұшақ жапсыру қызық па екен?

Тәрбиеші балаларды марапаттайды, дайындаған жұлдыздарды балаларға таратады.

Ұшақ жасауды үйрендік. Иә, өте қызық. Балалар жұлдызша алғандарына қуанады.

.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: ұшақтың бөліктерін, оларды рет ретімен жапсыруды;

Түсінеді: ұшақтың әуе көлігі екенін, аспанда ұшатынын; беріген тапсырманы тыңғылықты орындауды;

Қолданады: жапсыру барысында ұшақ бөліктерін ретімен орналастыруды.


© 2010-2022