Табиғат тақырыбына арналған сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Табиғат

Сабақтың мақсаты:

Туған жердің табиғатын қамқорлықпен қарау, тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру.

Табиғат байлығын қорғай білуге, оны аялап ұстауға тәрбиелеу.

Табиғаттың сұлу көркәне, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, сандар

Әдіс - тәсілдер: ойын, тренинг,ассоциация

Сабақтың барысы:

Тренинг «Түн»

1.Күнге қандай тілек айтар едіңдер?

Балалардың жауабы

Жаңа сабақ. Тәрбиешінің түсіндірмесі

Табиғат екіге бөлінеді: тірі және өлі табиғат

Тірі табиғатқа - адам, жануар, өсімдік жатады. Бұлар өседі, өнеді.

Ал, өлі табиғатқа жер, су, жұлдыз, ай, күннің жылуы, жарығы жатады, олар өнбейді, өспейді. Жел, жаңбыр, боран, қардың еруі, судың тасуы бұлар табиғат құбылыстары

Қазір қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

Табиғат бұрышындағы ауа райын белгілеу

Көктем мезгілінде күн жылынады, бұтақтар бүршік жарады, жер көктейді, құстар жылы жақтан ұшып келеді, алғашқы жәндіктер пайда болады. Адамдардың еңбек ету тіршілігі басталады, жер жыртады, егін салады.

Ойын: «Сандар арқылы сөз табу»

Әлемдегі тіршіліктің төрт құдіреті күн, жер, су, ауа1.Күн жер бетіне нұр сәулесін, нұрын шашады.2.Табиғаттың басты байлығы жер.Жербіздіңбасты байлығымыз, қазынамыз. Адамдар, жануарлар, өсімдіктер өз көрегін жерден алады.

3.Су тазалық пен денсаулық Аузымызды жауып, танауымызды үшін қажет.Сусыз тіршілік жоқ.

4.Ауа . Аузымызды жауып, танауымызды қысып, дем алмай тұрайықшы. Жер бетіндегі тіршілік иесі ауамен ғана өмір сүреді.

Сергіту сәті «Сылдырайды мөлдір су»

Дидактикалық ойын: Егер де _____ не болар еді

Тәжірибе. Судың қасиеті

1.Су түссіз, мөлдір

2.Суда дәм де, иіс те болмайды

де, иіс те болмайды

3.Су өзінің көлемін сақтамайды

4.Суда кейбір нәрселер ериді, кейбіреуі ерімейді

Пошта жәшігі (сұрақтар алу)

1.Құстың ұясы

2.Суды ластау

3.Талдың бұтағын сындыру

Сөзжұмбақты шешу

1.Өртесең де өртенбейді,

Не тот басып шірімейді.

Өн бойына су сіңбейді

Ылғал тартып ірімейді.

2.Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

3.Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді

Аузы жоқ ұлиды.

4.Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

5.Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.

6.Өсіп тұрған бұл не

Жаз болса жайнап

Саясына ән салып,

Құстар жүрген сайрап.

7.Үлкен - үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлттқа тиеді

Бауыры жатыр көгеріп.

1.Тас. 2. Ауа. 3. Боран. 4. Пияз 5. Ағаш 6. Қар 7. Тау.

Қорытынды.

Қазақстан Республикасының өз Ата заңы бар, онда қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа қамқор болу туралы айтылған, өсімдіктерді бей - берекет жұлмау,бүлдірмеу, жәндіктер мен құстарға тиіспеу. Сондықтан қоршаған ортаны ластамай, оған қамқор болуымыз қажет екен.



© 2010-2022