Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Құзыреттілік : Таным

Кіші сала : Айналамен танысу

Тобы: Ересек

Тақырыбы: Жабайы аңдар

Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсінік беру. Жабайы аңдардың қыс мезгіліне қалай дайындалатынын түсіндіру.

Міндеттері:1. Жабайы жануарлардың табиғат ерекшеліктеріне қарай өзгеретінін немен қоректенетінін түсіндіру.

2. Балалардың ойлау, үш тілде сөйлеу қабілеттерін мнеможол,мнемотехника, тілтұмар электронды кітап, слайд, дидактикалық ойындар арқылы дамыту.

3. Табиғатқа, жабайы жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: апан

Үштілділік: Күз - Осень -Autumn, түлкі - лиса - fox, қоян - заяц - hear,

аю - медведь - bear, қасқыр - волк - wulf.

Көрнекі құралдар:текшенің алты жақ бетінде отбасы, жануарлардың суреттері бейнеленген, мнемотехника, мнеможол, мозайка, слайд, тілтұмар.

Әрекеттің кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Талаптандыру, дәлелдеу

Шаттық шеңбері:

Гуд монин, гуд монин,

Гуд монин, ту ю.

Гуд монин, гуд монин,

Айм ги эд ту си ю.

Балалар өлең жолдарын айтып, қимылмен жасайды.

Ұйымдастыру ізденіс.

-Сұрақ - жауап:

-Жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын атап беріңдерші?

-Ал, қазір балалар біз слайд бойынша күз мезгілі туралы айтамыз.

Слайд №1.Суретте күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін көріп тұрсыңдар?

-Сары жапырақ орыс тілінде, ағылшын тілінде қалай айтылады?

-Қызыл жапырақ ше?

-Дұрыс, өте жақсы.

Слайд № 2. Күз мезгілінде жиі- жиі не жауады?

-Жаңбыр сөзі орыс, ағылшын тілінде қалай айтылады?

-Дұрыс айтасыңдар. Күз мезгілінің табиғат ерекшеліктерін білдік.

-Қыс мезгіліне адамдар ғана емес, жабайы аңдар да дайындалады.

Тілтұмар слайды №3: Суреттен қандай жабайы аңдарды көріп тұрсыңдар?

-Осы аңдарды орыс, ағылшын тілінде айтайықшы.

-Балалар неге оларды жабайы аңдар дейміз?

Тілтұмар слайды № 4: " Кім не жейді? "

Аю не жейді?- Аю бал жейді.

Кірпі алма жейді.

Алма сөзі ағылшынша қалай айтылады?

Тиін жаңғақ жейді.

Жаңғақ орысша қалай айтылады?

Слайд № 5 ." Кім не істейді?"

-Қоян не істейді?

-Тиін не істейді?

Сергіту сәті:

Ини мини, мани му,

Кач зэ вуль, бай зэ ту.

Иф хи холэс, лэт хим гоу

Ини мини , мани му.

Жұппен жұмыс:

-Д/ойын: " Кімнің құйрығы ?"

Шарты: Текшенің алты жағына бейнеленген жануарлар суреті, екінші текшеде жануарларға жетіспейтін мүшелері бейнеленген сурет бойынша туып алып қою. Оны үш тілде айту.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

-Д/ойын: " Кім не істейді?"

Шарты: отбасындағы адамдардың не істейтінін текше бойынша тауып көрсету, оны үш тілде айту.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

- Сұлба бойынша жұмыс:

" Түлкі " туралы сұлба бойынша айту.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

-Мнеможолмен жұмыс:

" Аю " туралы айтып беру.

-Қазір жылдың күз мезгілі.

Күз - осень - оутум.

-Қыркүйек, қазан, қараша

-Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түсіп жатыр.

-Сары жапырақ - желтые листья - йеллоу лифс.

Қызыл жапырақ - красная листья - рэд лифс.

- Күз мезгілінде жаңбыр жауады.

-Жаңбыр - дождь- рэйн.


-Қоян - заяц - хэа, Аю - медведь - веа, түлкі - лиса - фокс, қасқыр - волк - вульф.

-Олар орманда өмір сүреді.

-Бал - мед

-Алма - эйпл

-Жаңғақ - орешек.

-Қоян жүгіреді - заяц бегает - хэа э ран.

-Тиін секіреді - белка прыгает - скуэрл э джамп.

Балалар өлең қимылына сәйкес қимылдар жасайды.

-Балалар түлкіні, қасқырды жұптасып құрастырады.

Балалар жұптасып жануарлардың дене мүшелерін тауып алады.




-Қыз секіреді. Девочка прыгает. э джамп.

Түлкі - үй жануары емес, жабайы аң. Ол орманда тұрады. Денесі сопақша, басы домалақ. Төрт сирағы бар. терісі қалың. Құйрығы үлкен, мамықты.Түлкішектерін сүтпен қоректендіреді.

Түлкі қоян, тышқан, тауықты жейді.

-Қыс мезгілі. Аю қыс мезгілінде ұйықтайды, апанында.

Қорытынды

Бүгінгі оқу іс - әрекетінде не істедік?Алгоритм бойынша қорытындылау.

Балалар алгоритм бойынша жауап береді.

Күтетін нәтиже : Біледі:

-Жабайы аңдардың қыс мезгіліне қалай дайындалып, немен қоректенетіндерін.

Игереді:

- Слайдпен, тілтұмар электронды кітаппен жұмыс істеуді.

-Аңдар аттарын, күз мезгілінің ерекшеліктерін үш тілде айта білуді.

Меңгереді:

- Текшемен, мнеможолмен, сұлба бойынша жұмыс істеуді.


© 2010-2022