Сурет салу: Күз сыйы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу іс әрекеті: Сурет.

Тақырыбы: Күз сыйы

Мақсаты: Балаларды күзгі табиғат құбылыстарының ерекшеліктеріне байланысты көкөністермен таныстыру. Балаларға қияр мен қызанақты бастырма арқылы салуды үйрету. Көкөністер әсемдігін сезіну арқылы эстетикалық тәрбие беру. Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тіл байлықтарын дамыту.

Көрнекіліктер:Демонстрациялық материалдар, көкөніс суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: қызыл түсті, жасыл түсті гуашь, картоп, сүрткіштер.

Сабақтың барысы:

"Жүректен-жүрекке" жылулық шеңбері. Балалар жұптасып дөңгелене тұрады. Жұптасқан балалар бір-бірінің алақанын алақанға тосады, содан соң оң жақта тұрған бала оң жақтағы көршісіне бұрылып, алақандарын тосады. Бәрі қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Жыл мезгілін ,апта күндерін сұрау.

-Күз айында неше ай бар: 3 ай бар.

-1 аптада неше күн бар: жеті күн бар.

-Бүгін аптаның қаншасыншы күні: 2 күні.

-Бүгінгі күннің аты қалай аталады?

-Сейсенбі.

-Балалар,күз мезгіліне байланысты маған кім тақпақтар айтып береді?

Жансезім: Ой балалар, балалар.

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Дарын: Алма пісіп, алмұрт түсіп,

Күзде бақтар жайнайды.

Құстар қайтып, қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды.

-Өте жақсы балалар. Ал балалар өткен оқу іс-әрекетімізде қандай сурет салдық.

  • Түзу жолдар салдық.

  • Өте дұрыс балалар.

  • Балабақшамызға келетін түзу жолдар салдық.

  • Ал енді бүгінгі оқу іс-әрекетімізде көкөністермен танысамыз. Бәріміз тақтадағы суретке назар аударайықшы.

  • Суретте не бейнеленген екен?

  • Қияр мен қызанақтың суреті.

  • Өте дұрыс айтасыңдар балалар.

  • Ал ,енді балалар мына қиярға қараңдаршы, қиярдың пішіні сопақша, ұзыншақ келген, сырты бүжір- бүжір,ал түсі жасыл екен.

  • Ал қызанағымыз біздің дөңгеленген. Қызыл түсті екен.

  • Қияр мен қызанақты бір сөзбен айтқанда көкөністер дейміз балалар.

  • Ал, енді балалар сурет дәптеріміздің бетін ашып,суретімізді алдымызда тұрған картоппен бастырма арқылы саламыз.

Сергіту сәті:

Ерте тұрып күнде мен,

Терезені ашамын.

Сәлем беріп күнге мен,

Шаттық әнге саламын.

  • Өте жақсы балалар,біраз сергіп қалдық.

Тосын сәт:

Күз ханшайымы келіп, себетпен балаларға көкөністер алып келеді де жұмбақ жасырады.

Аспай піскен,

Шайнамай түскен.

(жемістер)

Күз ханшайымы балаларға сурет салуға көмектеседі.

  • Ал, балалар сонымен біз сурет дәптерімізге ненің суретін салдық?

  • Қияр мен қызанақтың суретін салдық.

  • Бұлар нелерге жатады?

  • Көкөністерге жатады.

Қорытындылау.

Дайын суреттерінен көрме ұйымдастырып, балаларды мадақтау .



© 2010-2022