«Қазақстан – біздің сүйікті, ортақ Отанымыз»

Раздел Дошкольное образование
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№249 мектеп-лицей



Тақырыбы:«Қазақстан-біздің сүйікті,ортақ

Отанымыз»

1-мамыр мерекесіне орай өткізілген іс-шара

Өткізгендер: Ж.Келжанова

Г.Құлманбетова





2012-2013 оқу жылы



Бекітемін:

Тақырыбы: «Қазақстан - біздің сүйікті, ортақ Отанымыз»

1 «А» сынып оқушысы: «Достық өлкесінің заңы» М.Шаханов өлеңін оқиды.

1-жүргізуші Ақжол: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

2-жүргізуші Қарақат: 1 мамыр - Халықтар бірлігі мерекесіне арналған : «Қазақстан - біздің сүйікті, ортақ Отанымыз»атты сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші - қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау - Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

2-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық - біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету - барша қазақстандықтардың борышы.

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр - Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

3 «Б» сынып оқушысы Сапарбай Қарақат «Менің Қазақстаным» әні айтылады.

1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

1-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

2-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің алтын ұстазымыз Күләш Бердікенқызы Мергенбаева апайға көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

/мерекелік лебіз/

1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

2-жүргізуші: Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

1-жүргізуші:Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.Осы жылдар ішінде еліміз «тәуелсіздікке» - қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің арқасында қол жеткізді. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.

2-жүргізуші: Ендеше,алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық дәстүрімізді ұсынатын, ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне алғашқы кезекті берейік. (4 «Ә» сыныбы)

1-жүргізуші: Құрметті лицейліктер! Бүгінгі мерекемізге біз түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

2-жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл - ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

1-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

2-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

1-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы,- дей отырып, Орыс мәдени орталығына сөз кезегін береміз. ( )

1-жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!

2-жүргізуші: Сөз кезегін Өзбек мәдени орталығына береміз./Өзбек халқының сәлемі/ /8 «Б» Бекзат,Назгүл

1-жүргізуші:Қазақ,қырғыз,,бір сананың егізі,

Екі жұрттың бірге екен негізі.

Қазақ озса - ол қырғыздың мерейі,

Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.

Қазақ- қырғыз туыссыңдар , доссыңдар,

Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.

Дос туыстар көп болса да дүниеде,

Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар. (ортаға 3«А» Бисембаев Ержан)

Франковский айтылады: 3 «А»,3 «Б» дан ұлдар шығады. (Әділет, Қолғанат, Дінмұхаммед, Бауыржан)

1-жүргізуші: Ақ қара деп алдымен, Елім бөлмес адамды,

Дәстүр, өнер, салтымен, Таңқалдырған ғаламды.

2-жүргізуші: Жырласа қазақ, түркімен, Молдаван,тәжік үн қосқан.

Дос жүректер біріккен, Мейірлері жарасқан.

Ортаға 5 «б» сыныбының оқушылары тәжік ұлтын және Америкадан келген 3 «А» сыныбының биші қыздарын шақырамыз.

1-жұргізуші: Жолым түсіп, тағдыр талап,

Грузин дос болдым қонақ

Қазағымдай кең пейілің,

Дастарханды жайдың мол- ақ.

2 жүргізуші: 7 «а» сыныбының оқушысына берсек.

2-жүргізуші: Италья - жайқалғанжасылорман.

Жасылорман - мәңгіжасыларман.

Шетінен ойшыл келер армандары -

Қойнында сан ұрпақтың жасы қалған.

(би көрсетеді 2 «В» сыныбының оқушылары)

1-жүргізуші:Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,

Украина туысымның бірісің.

Тұрды биік туымыздай бұл достық,

Ел басына төнгенде де ұлы сын. (7 «В» украйн өнерін көрсетеді)

(Нұрай, Гүлзира, Фархадали 3 тілде өлең мәнерлеп оқиды.)

1-жүргізуші: Тілегі бір,

Жүрегі бір.

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да,

Берік біздің іргеміз!

2-жүргізуші: Өз құттықтау лебізін білдіру үшін ортаға көршілес түрік мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз. (8 б әбдірахман немесе би)

1-жүргізуші: Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытқа.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл!

2-жүргізуші: Келесі кезекте ортаға қытай мәдени орталығының өкілдеріне береміз.

/қытай халқының лебізі/ /4-сынып/

1-жүргізуші: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,

Арғы тегі Алаштан тараған,

Керегесін ағаштан құраған елміз!

2-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

1-жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

2-жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!

1-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

2-жүргізуші: Ән «Көк тудың желбірегені» жеке дауыста 1-А сынып оқушысы

/ән орындалады/

1-жүргізуші: «Ел бірлігі - ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге - қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі.

2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!

2-жүргізуші: 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Қазақстан - біздің сүйікті, ортақ Отанымыз»атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

1,2-жүргізуші: Келесі кездескенше ,Сау саламатта болыңыздар!














© 2010-2022