Поурочный по математике на тему цифра 7

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бисеналина Дамегуль Нагиевна

№ 41 «Назерке» МДҰ тәрбиеші

Білім беру саласы: Таным (мектепалды даярлау тобы)

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: 7 санының құрамы

Мақсаты: 7 санын шығарып алу жолымен таныстыру; есептер шығара білу дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен тапсырмаларды орындай білуге дағдыландыру. Өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.

Ватманға салынған сурет, фланелеграф, түрлі-түсті қағаздан қиылған гүлдер, жеті күлте, цифрлар кассасы, үлестірмелі жолақшалар, таяқшалар.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы:

- Балалар біз сендермен «Жеті күлте Сәулегүл» ертегісін оқыған едік. Ондағы кейіпкерлер естеріңде ме?

/қолында жеті күлтелі гүлі бар қыздың суреті тақтаға ілінеді/

- Женя әрбір күлтені жұлған сайын қандай сөздер айтқан еді, айтып беріңдерші?

Балалар:

Ұш, ұш күлте жапырақшам

Батыс пен Шығысты шарлап,

Солтүстік пен Оңтүстікті

Қайт, тезірек аралап,

Орындалсын көздегенім.

Болсын менің өз дегенім,

Әмір етші өтінем.

- Балалар, бүгін бізде қонақта Жеті күлте Сәулегүл. Ол сендерге қызықты тапсырмалар ала келді және оны орындауды өтінеді.

- Әже Женяға жеті күлтесі бар гүл сыйлады, өзінің тілегі орындалу үшін екі күлтесін жұлып алды. Сонда неше күлте қалды?

Балалар жолақшада 7-2=5 тапсырманы орындайды.

Женя ауырған баланы кездестірді, оның қолында бір ғана күлте қалды. Сонда Женя нешеуін жұлып алған? Алтауын 7-6=1

- Келесі тапсырманы орындаңдар (әрбір күлтеде цифрлар жазылған карточкалар)

1. Сандарды рет бойынша атаңдар.

2. Қосындысы жеті болатын сандарды атаңдар.

3. Жетіге дейінгі сандарды атаңдар.

- Балалар Жеті күлте сендерді ғажайып Білім еліне баруды ұсынады. Біз онда сиқырлы сөзді айтқанда ғана бара аламыз. Сиқырлы сөзді айтып қана қоймай, қимылмен көрсетеміз.

Ұш, ұш күлте жапырақшам (қолдарын жоғарыға көтеріп бұлғайды)

Батыс пен Шығысты шарлап, (бір қолмен Батыс, бір қолмен Шығысты көрсетеді)

Солтүстік пен Оңтүстікті қайт тезірек аралап (екі қолды шеңбер тәрізді айналдырады)

Орындалсын көздегенім,

Болсын менің өз дегенім.

Міне Білім еліне келдіңдер. Балалар қонжықтың суретіне назар аударамыз.

- Қонжықтар жаңа білім алуға көмектеседі. 7 санының пайда болуы қонжықтың санына қарай анықталады.

4+3; 5+2; 6+1

7 қонжықты екі топқа қалай бөлуге болады? деген сұраққа жауап алынады. (6+1, 5+2, 4+3, 7-4, 7-5, 7-6)

- Ал, балалар қонжықтарға рахмет айтайық.

7 - жеті заттың санын білдіретіні айтылады. Аптада 7 күн бар, кемпірқосақтың түсі де - 7, әр жұмада анамыз 7 шелпек пісіреді.

Тапсырма: Балаларға таяқшалардан 7 таяқша санап алып, 6 таяқшаның төбесіне 1-ден бастап 7 ге дейінгі сандардың кеспе цифрларын қойып шығулары тапсырылады.

Ребус: 7 лақ

- Сонымен неше санымен таныстыңдар?

- 7 санымен

- 7 саны неше бірліктен құралады?

- Ауада жазып көрсетейікші.

- Балалар сендер Жеті күлте Сәулегүлдің тапсырмасын орындадыңдар. Ол сендермен қоштасады.


© 2010-2022