Ертеңгілік. Мектепалды даярлық тобы Алтын күз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Сынып іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңесі, яғни жемістермен көкөністер салынған себеттер.

Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасып болған соң сыныпқа балалар кіріп орындарына тұрады.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің 0 б мектепалды даярлық тобында өткізілгелі отырған Алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз!

Тәрбиеші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам. Армысыздар қонактар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жоооқ.

Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз,

Сайраңдаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!

Тәрбиеші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Алтын күз»

1 оқушы: Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау,

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау! Назым

2 оқушы: Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді,

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді? Бахтияр

3 оқушы: Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді,

Осы ма, осы ма күз деген,

Бақшаға баратын бізбенен. Дилара

4 оқушы: Сары теңге жапырақ,

Бояған ба көл бетін?

Тоңазыпты топырақ,

Ызғарлы екен желде тым. Дархан

5 оқушы: Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын. Ердаулет

Тәрбиеші: «Қолшатыр» биі (Назым, Дана, Ляззат, Дилара)

6 оқушы: Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты. Назерке

7 оқушы: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап. Ляззат

8 оқушы: О, алақай тамаша,

Шашу шашады жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап! Ибрагим

9 оқушы: Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды,

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды. Милана

10 оқушы: Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз. Еркебұлан

Ән: «Көбелек» орындайтын: Амангелді Самира

Тәрбиеші: Балалар енді мен сендерге көкөністерге қатысты жұмбақтар жасырамын.

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана. (Орамжапырақ)

Өсем бақша-бауыңда,

Қатты ұқсаймын қауынға

Жемек болып шикілей

Күлкі болма қауымға. (Шалқан)

Мен бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Венегретте үстелде. (Қызылша)

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен күйімде,

Жейді бәрі сүйсіне (Қияр)

11 оқушы: Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның. Гүлім

12 оқушы: Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ. Максим

13 оқушы: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз. Дана

14 оқушы: Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз. Райымбек

Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ойын: «Кім жылдам?»

15 оқушы: Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дәриядай шалқар күз. Альмира

16 оқушы: Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді. Амиржан

17 оқушы: Күз сыйы бәрі де,

Табиғат дәулеті.

Туған жер әрі де,

Күзбенен сәулетті. Ақерке

18 оқушы: Сары алтыннан бұрымда,

Сары пүліш көйлегі:

Алтын күзді шынында,

Ару дерсің бейнелі. Аружан

Тәрбиеші: Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)

Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың. Самира

Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім. Жасмин

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін. Қыдырәлі

Алма: Мен алмамын, алмамын

Таңдайда калар бар дәмім. Санжар

Күз: Өте тамаша, балалар! Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенін табу.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап корейік. «Ұйқасын тап» ойыны

1.Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе

Аузынан кетпес бал дәмі

Оның аты (шабдалы)

2.Кіп-кішкене болса да,

Ағаштың басын иеді.

Жемістерін айырып,

Танисың ба? (шиені)

3.Жапырақты тасалап,

Өсетін жері- бақша-бақ

Күрең қызыл шіркін-ай

Оның аты (таңқурай)

Би: «Жапырақтар»

Тәрбиеші: Алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып.

Тәрбиеші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!




© 2010-2022