Жиын. Бір-көп. Заттарды ортақ қасиеттеріне қарай біріктіру

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: Жиын. Бір - көп. Заттарды ортақ қасиетіне қарай топтарға біріктіру.

Мақсаты:а)балаларды заттар тобының (жиынның) ортақ белгілерін тауып, заттарды белгілі бір қасиетіне қарай «үлкен», «кіші» деген топтарға біріктіре алуға үйрету; бір жеке затты тауып көрсету; бір элементтен тұратын жиын туралы түсінік қалыптастыру; «бір» және «бірнеше» ( «көп» ) терминдерін енгізу;ә) дәптерде берілген тапсырмалармен жұмыс істеу қабілетін арттыру; балалардың зейіні мен талқылау қабілетін дамыту;б) үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері.



Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық-

қозғаушылық

«Анамызға дастарқан жаюға көмектесейік» ойыны. Себетке жазық немесе көлемді материалдар салып әкелеміз (жемістер, көкөністер, тәтті тағамдар, қарбыз). Балаларға ойын ойнауды ұсынамыз.

Балалар ойынға құлшына кіріседі.

Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

-Анамызға себеттегі заттарды шығарып, оларды топтастыруға көмектесейік. Бәріміз бірге орындайық. Балалар, сендер қандай ұсыныстар айтар едіңдер?

Жиынды ішкі жиындарға бөлуге көмектеседі: көкөістер, жемістер, тәтті тағамдар, қарбыз.

-Біздің қолымызда неше жеміс бар?

Олар көп пе әлде бірнешеу ме?

-Көкөніс, тәтті тағамдар нешеу екен ?

-Қарбыз туралы не айтуға болады?

Қарбыз нешеу екен?

Педагог балаларға жаңа дәптерді қарап шығуды ұсынады. Екі бетке орналасқан сабақ тапсырмаларымен таныстырады. Дәптерді қалай пайдалану керектігін үйретеді. Бірінші шартты белгімен ( «қоршап сыз»- ) таныстырады және балаларды тапсырманы шартты белгбалаларды тапсырманы шартты белгі бойынша «оқып шығуға» үйретеді. Ұжымдық жұмысты жалғастыру үшін

1-тапсырманы орындауды ұсынады.

Балаларға тапсырманы орындауға уақыт береді.Балалардың қолындағы ұсақ бұлшық еттерді дамыту үшін сергіту сәтін өткізеді.

Балаларға төмендегі жаттығуларды орындауды ұсынады:

  1. «Қоян» -жұдырығымыз түюлі. Содан соң сұқ саусақ пен ортаңғы саусағымызды шығарамыз.»Қоян» құлағын шығарды.

  2. «Сақина»-жұдырығымыз түюлі.

Бесбармақ пен сұқ саусақтарыңды бір-біріне қосыңдар.

  1. «Саусақтардың сәлемдесуі»-алақанымызды жоғары көтеріп , саусақтарымызды бір-бірімен айқастырамыз.

Заттарды көкөніс , жемістер , тәтті заттар деп бөлу керектігін айтады.Заттар тобын бір сөзбен атайды.

Қарбыздың қандай топқа жататынын табуға қиналады.

Қарбызды бөліп қояды-ол біреу.

Сөз арасында «көп» және «бірнеше» сөздерін қолданады. Оларды санына қарай бір-біріне қарама-қарсы қояды: жеміс -көп , ал қарбыз-біреу. Көкөніс көп , ал қарбыз біреу және т.б.



Дәптерді ашып , 1-тапсырманы орындайды.

Саусақтарын жаттықтырады:



Балаларға 2-тапсырманы ұсынып ,»боя» деген шартты белгімен таныстырады. Тапсырманы жеке орындауға және алмалар мен алмұрттарды белгісіне қарай топтастыруға уақыт беріледі. Содан соң сұрақ қояды:

-Әр топта неше үлкен және кіші алма бар екен?

Балаларды сөз арасында :»бірнеше» немесе «көп» , «бір» деген сөздерді қолдануға итермелейміз.

Сергіту сәтін өткіземіз.



2-тапсырманы орындайды , бір зат пен көп (бірнеше) затты бояйды . Заттарға: «Кішкентай» алмұрттар мен бір үлкен алмұрт» деген атаулар береді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Бүгін қандай сөздер кездестіргенін сұрайды. Балаларды «анасына көмектескені үшін» мақтайды. Олардың тақырыпты қалай түсінгенін сұрайды. «Жапсыр» деп аталатын жаңа шартты белгімен таныстырады және жапсырманы қай жерден табатынын ,3-тапсырманың сол жағына көп алма , оң жағына бір алма жапсыру керектігін түсіндіреді. Тапсырманы орындағаны үшін балаларға алғыс айтады , сабақтан кейін оқу құралдарын мұқият жинап қою керектігін түсіндіреді.

Қорытады ,ойыннан алған әсерлерімен бөліседі.3-тапсырманы орындай отырып , жаңа тақырыпты қалай түсінгендерін айтады. Оқу құралдарын үстелдің шетіне жинап қояды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: «бір» және «көп» , «бірнеше» терминдерін;

Игереді: заттарды белгілі бір қасиетіне (белгісі) қарай топтастыру туралы жалпы түсінікті , баспа дәптерімен жұмыс істеу жөніндегі түсінікті;

Меңгереді: бір затты көрсетуді, заттарды бір белгісіне қарай топтарға біріктіруді.












© 2010-2022