Көңілді Мәре (2 класс)

Раздел Дошкольное образование
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Көңілді мәре»

Сабақтың мақсаты:1Балалардың денелей дамуы мен денсаулығын жетілдіруге атсалысу, сондай-ақ дене және ақыл-ой өрісін аттыру.

2.Достық, патриоттық қабілетінің жетілуіне байланысты оқушының жеке тұлғалық тәрбиесін қалыптастыру.

3.Оқушының дене шынықтыру жаттығуларын өз бетінше жасауына қабілеттілігі мен икемділігін арттыру. Техникалық қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау.Денсаулығын тексеру.Арнайы спорт киімдеріне, оның тазалығына баса назар аудару.

Мұғалімдер:Кожаев М, Смагулова Салтанат

Өткізілетін күні:05.10.2015 жыл

Өткізілетін орны:Спорт зал

Көрнекілік құралдары: Доп, ысқырық, арқан, тұрақ белгілері

Жарысқа қатысушылар: 2 «Б» сынып оқушылары

Кіріспе бөлімі:1.Сыныпты қабылдап алу

2.Сыныппен сәлемдесу, кіріспе сөз «Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай өткізіліп отырған «Көңілді мәре» жарысына, қош келдіңіздер!»

Жарыстың өткізілуі:

І.Әділқазыларды сайлау.

Ашық жарқын жүзді,

Әділ қазылар біздің.

Әділ баға берерге,

Шақырайық төрге.

Әділқазылар үшеу болады.Әрқайсысы ең жоғарғы 5-ұпайдан белгілеп отырады.

ІІ Командамен таныстыру. I топ: «Тұлпар»

Тұлпар тобының ұраны: «Тәуелсіз елдің тірегі - білімді ұрпақ»

II топ: «Сұңқар»

Сұңқар тобының ұраны: «Егеменді елдің тірегі - оқу мен білімнің тереңділігімен өлшенеді». Екі топ ұрандарын айтады.

ІІІ. «Допты алып жүру» ойыны.Ойыншы алаңдағы белгілердің арасынан допты еденге бір қолмен немесе екінші қолмен ұрып жүру керек.

ІV. «Паравоз» жарысы, бұл жарысқа ұлдар ғана қатысады.Жүріс арқылы бір-біріне кезек пен қосылу арқылы.

V. «Допты аяқпен алып жүру» ойыны,бұл ойынға қыздар ғана қатысады.Оыншы допты екі аяғының ортасына қысып, секіру арқылы допты түсірмей белгіленген жерге барып, қайтуы керек.

VІ.Логикалық сұрақтар.

I топқа II топқа

1.Аулада 3 үйрек 1. Оң асықтың үшеуін

Қорада 5 үйрек Досың сұрап алады

1 үйрек тығылды Айтшы сонда нешеуі

1 үйрек жығылды. Өз қолында қалады? 7 асық

Қалғаны неше үйрек? 6 үйрек

2.3+4=7 2.6+4=10

4.Зат есім дегеніміз не?4.Етістік дегеніміз не?

5.Ауаның қасиеті?5.Судың қасиеті?

(Көзге көрінбейді,түссіз,иіссіз,дәмсіз) (Түссіз,иіссіз,пішіні болмайды)

VІІ. «Арқан тартысу» ойыны.Екі топтың қыздары екі рет тартысады, егер тең түссе соңғы рет тартысады.Одан кейін ұлдар да қайталайды.

VІІІ.Ұлдардың қыздарға арнап «Қара жорға» биін билейді.

ІХ.Әділ қазылар есебі мен марапаттаулар.

Х.Жарысты қортындылау.

ХІ.Спорт залдан шығаруды ұйымдастыру.

© 2010-2022