Тақырыбы: Дені саудың-жаны сау

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өтілетін орны: Спорт зал
Тақырыбы: «Дені саудың-жаны сау» спорттық жарысы.
Мақсаты: Оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Түрі: жарыс
Көрнекілігі: жіп, доп, сыпырғыш
Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.Кіріспе сөз.
3.Спорттық жарыс.
4.Қорытынды.

II .Мұғалім сөзі: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.

Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Бүгінгі Даярлық "а" сыныбының «Дені саудың-жаны сау» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшы балаларды шақырамыз.

Қарсы алыңыздар.
«Барыс » тобы.
Топ басшысы: Алуадин Мұхаммед
Мүшелері:

1.Аманбайқызы Мөлдір
2.Амандықұлы Абдурасул
3.Енбай Батырбек
4.Есқуат Аманбек
5.Жан Ақерке

Топ ұстанымы: Жүзден жүйрік танылады сайыста,
Ұмтыламыз біз ешкімнен қалыспай.

«Тұлпар» тобы.
Топ басшысы. Құлжарас Аян
Мүшелері:

1.Қадирбекова Назерке
2.Қайдар Ғажайып
3.Қайдар Шадияр
4.Умиршин Мерей
5.Қалекеш Жанел

Топ ұстанымы: Мақсаты бірдің - рухы бір

«Жас қыран» тобы.
Топ басшысы:Сардарбек Нұрбек
Мүшелері:

1.Омарқызы Малика
2.Мұрат Асылай
3.Сағынғали Азамат
4.Тлеген Үміт

5.Наурызұлы Ақпан

Топ ұстанымы: Қыран болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.


Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып кетейік.

Қазақ тілі қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі:Раукенова Нүргүл
Даярлық "А"сыныбының мұғалімі:Жолдыбаева Гүлшат

Құрметті қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
III. Сайыстың бағдарламасы.
1 «Кенгуру»
2. «Сенбілік»

3."Кім жылдам?"

Сонымен бірінші ойынымыз
1. «Кенгуру» допты аяқ арасына қыстыра тұрып, секіру арқылы белгілі мәреге барып,жүгіріп кері қайтады. Ең соңғы ойыншы ойынды аяқтайды.
Бірінші сайыс бойынша бағаланады

2. «Сенбілік» Балалар қолдарына сыпырғышты алып,допты сыпырғышпен итеріп әкеліп,келесі ойыншығы беріп,ойынды жалғастырады.Сонғы келген ойыншы ойынды аяқтайды.

Екінші сайыс бойынша бағаланады

3."Кім жылдам?" Балаларға әр түрлі заттардың суреттері беріледі.Сол заттардың санын есептеп шығарып,бос орынға жазады.Ең соңғы ойыншы ойынды аяқтайды.

Үшінші сайыс бойынша бағаланады

Өнерге биік сенеміз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Даярлық «А» сынып оқушыларының орындауында «Толағай» әні.

IV.Марапаттау.
V. Қорытынды. Сөзді әділ-қазы алқасына береміз.
Құрметті оқушылар! Сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар!



© 2010-2022