Разработка «Ана – аса қымбатты жан» Қызғалдақ балабақшасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ана - аса қымбатты жан»

Мақсаты: Балаларға көктем туралы , 8 - наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Отбасындағы ананың онын, анаға деген құрметті ұғындыру.

Ертеңгілік барысы: Залға тәрбиешілер кіріп ата-аналарға арналған жылы лебіздерін білдіреді. Ертеңгілік ашық деп жариялайды.

-Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар» Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз!

(Осы кезде тәрбиешнің жанына екі бала келіп)

Төрехан: Апай бүгін қыздардың мерекесі емес пе?

Тәрбиеші: Иә , Төрехан дұрыс айтасың.

Диас: Апай бүгін апаларымыздың, аналарымыздың мерекесі емес пе?

Тәрбиеші: Иә, дұрыс айтасыңдар балалар

Төрехан: Біз апаларымызға, аналарымызға, қыздарға арналған ертеңгілік өткізбекшіміз ғой.

Тәрбиеші: Иә, сендер бәрін дұрыс айтасыңдар.

Диас: Олай болса апай бүгін сіздің де мерекеңіз емеспе?

Төрехан: Бүгінгі ертеңгілікті біз өзімізүргізейік. Сізде біздің екініші анамызсыз. Отырып біздің өнерімізді тамашалаңыз.

Төрехан:

Пір тұтқан махаббаты адалдықты

Көкімен таң қалдырған талай жұртты

Қыздардың өмірімен өмір қызық

Қыздардың өмірімен ғұмір тәтті

Диас:

Мың бұралған арулар билей басып

Келеді міне ортаға толқып тасып

Аруларын сыйлаған халқым менің

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

Би: «Вальс»

Бегжан:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық алтын бақ.

Тамерлан:

«Ана» десем сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға ьерсе адамның мейірін

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Тосын сәт: Аналарға арналған видео.

Би: «Десанттар»

Диас:

Құрметті аналар ортаға Омар Төреханды «Анамның тілі» әнімен қарсы алайық.

Ойын: «Анам мені қалай еркелетеді»

Би: «Грибочки»

Тақпақтар:

Азамат:

Таңым болып атасың

Күнім болып батасың

Мейірімді анамсың

Бәрімізге панасың

Алихан:

Ананың біз гүліміз

Ана біздің күніміз


© 2010-2022