Көркем әдебиет. Тақырыбы: Жайлау

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көркем әдебиет . Тақырыбы: Жайлау

Мақсаты: Шығарма кейіпкерлерінің жүріс-тұрысына

Міндеті:

1.Қазақт даласына жыл басы Наурыз мерекесінің келгенін айту.

2. Наурыз- жыл басы, көктемнің алғашқы мерекесі екенін білу.

3. Ұлттық салт - дәстүрді қадірлей білуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, оқу, түсіндіру

Ұйымдастыру кезеңі: топ

Көрнекіліктер: үлестірмелі суреттер

Билингвальды компонент: көктем - весна - spring,

Тәрбиешінің әрекеті

Шаттық шеңбері

Көктем келді, құс келді,

Ойнаймыз біз саз илеп,

Біздің жаққа құс келді,

Былтыр кеткен қаз - үйрек. Балалар шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды.

Кіріспе бөлім.

-Балалар, Наурыз мейрамын қалай түсінесіңдер?

-Наурыз айы сендерге ұнай ма? Ұнайды.

-Наурызды біз қалай айтамыз? Жыл басы

-Ендеше балалар, мына өлең шумағына назар аударып көрейік.

Наурыз тойы

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз.

Көшеге тал егеді,

Жарқырап тұр күніміз.

Жайқалсын жас гүліміз.

Бақта бұлбұл сайрасын

Сәнді көктем нұрымен

Наурыз тойы жырымен

Көңіл күндей жайнасын. Балалар ұйып тыңдайды. Балалар бірге қайталайды.

Сергіту сәті:

Бүгінгі ел ішінде,

Дәстүрді жалғастырған

Ей, менің асқар тауым

Қазақы дастарқаным.

Сұрақ - жауап.

-Өлең шумағы нені білдіреді?

-Өлең жолдары ұнады ма?

-Наурыз - думан мерекесін бүкіл халық тойлайды. Қазақ даласына жаңа жыл, ұлыстың ұлы күні, күн мен түн теңелетін кезі келді.

Мал төлдеп , қозы - лақтар ойнап, табиғат оянатын кез.

-Ата - бабамыз осы мерекені ауыл - ауылда тойлап, қазақтың ұлттық ойындары ойналады.

Қазақтың ұлттық киімдері киіледі.

Жеті тағамнан жасалатын наурыз көже пісіріледі.

Ұлттық киім киеміз, дастарқан жайылады.

Қорытынды: Бүгінгі оқу іс - ірекетінде не туралы әңгімеледік?

Балалар сұрақтарға жауап береді.



© 2010-2022