Қоршаған ортамен танысу. Жемістер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Жемістер.Алма

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды жемістердің түрлерімен таныстырып, оларды бір-бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету.

Дамытушылық:Балалардың сүйіп жейтін жемісі- алмамен жақын таныстыру, түстер туралы ұғымын бекітіп, ойлау қабілеті мен сөздік қорларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға баулу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, салыстырып әңгімелеу, санау, сұрақ- жауап.

Көрнекілік: жемістердің суреті салынған картиналар, мульяждар, жеміс түрлері, себеттегі алма.

Cөздік жұмысы: қызыл, сары, қызғылт сары.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберін құрып, қол ұстасып: «Қайырлы күн, бүгінгі күн шуақты да, нұрлы болсын",-деп, бір-біріне тілектер тілейді.

Балалар педагогпен бірге қосылып, би қимылдарын қайталайды.

Ұйымдастыру- шылық-ізденістік

1.Әңгіме жүргізу.

-Балалар,көзімізді жұмып, үстел үстіне қарайық, мына жеміс толы себетті бізге кім әкелді екен?

- Себетте қандай жемістер бар?

- Балалар, себетте алма, алмұрт, өрік бар екен.

Дидактикалық ойын:
«Тауып көрші, қай жеміс»
- Үлкен, дөңгелек,қызыл, тәтті, піскен - бұл...(алма).
- Үлкен, сары, ұзын, пальмада өседі - бұл...(банан)
-Үлкен, тоқсары, дөңгелек, піскен - бұл...(апельсин).


Артикуляциялық жаттығу:
Беттері -алмадай. Сендердің беттерің дөңгелек алмадай.
Екі ұртын үрлеу.( бұртиту).
Тіл - жапырақ алманың бүйірін жапты.
Тілді жоғары көтеріп және үстіңгі ерінді жабу.
Алмалар ағаштан шөпке түсіп жатыр:
« Бам- бом- бум!»Үлкен алманы бейнелеу(қатты), орташа(ақырын), кішкентай (баяу).
- Кәне кірпіге айтып берейікші, жемістер қайда өседі екен.


Үлестірмелі материалдармен жұмыс: «Жемістер қайда өседі?»
Тәрбиеші балалардың назарын ағаштарға аударады, фланелеграфта бекітіліп тұрған. Тәрбиеші: алма, банан, апельсин бақта өседі. Оларды бір сөзбен «жемістер» - деп атайды.
Үстелден қолдарыңдағы жемісті суреттен тауып алыңдаршы (бұл карточкалар фланелеграф үшін), әр жемісті өз ағашына орналастырыңдар.
- Алмалар қай ағашта өседі? ( алма ағашында)
- Апельсиндер апельсин ағашында өседі.
- Лимон қай ағашта? ( лимон ағашында).

Ойын: «Танып ал, атын айт».

Шарты:себетте тұрған жемістерді атап айтады.

Балалар себеттегі жемістерді

атайды.

Балалар педагогпен бірге қайталайды.(Алма, алмұрт, өрік,апельсин, т.б.).

Жемістерді дәл тауып айтуға тырысады.


Педагогпен бірге артикуляциялық жаттығулар орындайды.



Алма бақта, ағашта өседі.

Қызыл.

Алманың пішіні дөңгелек.



Балалар қызыға ойнайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Сұрақ- жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде

оқып-үйренгендерін пысықтайды.

Балалар жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: жеміс түрлерін атап, оның ішінде алманың түсін, дәмін ажыратып, пішінін қолмен көрсете;

Игереді: әр жемістің ағашын;

Меңгерді: жемістер жайында мағлұматтарды;



© 2010-2022