Ашық сабақ Білім беру саласы: Таным ҚМҰҚ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта

Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру. Тақырыбы: Қызықты математикалық ойындар Мақсаты: Заттарды санауды үйретуді жалғастыру. Екі топтағы сандарды санау. Саны жағынан аз топқа жетпей тұрған затты қосу. Балалардың тәулік бөліктері туралы түсінігін нығайту. Заттардың орналасу ретін сөзбен баяндауды жалғастыру. Орталықтарға бөлу арқылы дидактикалық ойындарды ойнай отырып, алған білімдерін тиянақтау. Ойын арқылы балалардың зейінін, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту. Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Ғажайып сәт, слайд,әңгіме құрастыру, сұрақ-жауап, ойын Көрнекі құралдар: Дидактикалык ойынның картатекасы. Қос-тілділік: үшбұрыш- треугольник, тіктөртбұрыш -прямоугольник, шеңбер- круг, сопақ- овал, шаршы -квадрад.

Мотивациялық қозғаушы. Әуенмен залға кіру. Ғажайып сәт.

-Балалар, байқайсыңдарма, бүгін біздің залымыз қандай әдемі. Кеше ғана бұл жерде ештеңе болмап еді ғой. Жердегі, үстел үстіндегі жапырақтар қайдан пайда болды деп ойлайсыңдар?

-Түстері қандай әдемі?

- Кәне, кім күз туралы тақпақ айтады?

-Жарайсыңдар.Балалар, байқаймын бұл жапырақтар жәй жапырақтар емес сиқырлы екен. Жапырақтар бізге тапсырмаларын алып келген екен. Тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба? Ендеше, ғажайып тақтаға назар аударайықшы

Ғажайып тақта. 1-тапсырма. №1 Слайд

Балалар мына суретте суретші қай суретте таңертеңгі уақытты, қай суретте түскі, қай суретте кешкіні, қай суретте түнді бейнелегенін табыңдаршы? Неліктен?

Жарайсыңдар. Бұл суретті тәулік деп атаймыз.Тәулік төрт бөліктен тұрады екен. Таңертең, түс, кеш, түн.

2-тапсырма. №2 Слайд

Тиін мен кірпі күз түсе қысқы азықтарын жинапты.

-Тиін төменгі сөреге 4 жаңғақ, ал кірпі жоғарғы сөреге 5 алма қойыпты, жаңғақ қанша, алма қанша?

Қасысы аз, қайсысы көп? Олардың саны тең болу үшін не істейміз?

Яғни, 1 алманы алып тастаймыз. Неше алма болды неше жаңғақ болды? Немесе 1 жаңғақ қойсақ жаңғақтар нешеу болады? Екеуіде теңесті. Жаңғақ қанша болса, алма сонша болады.

3-тапсырма.

Ойын «Сөйлемді аяқта»

-Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды, .... жасаймыз.

-Таңғы асты таңертең, ал түскі асты,.... ішеміз

-Кешке кешкі асты ішеміз, ал .... ұйықтаймыз.

-Ал енді балалар, тәулікті ретімен атап көрелікші.

Таңертең, түс, кеш, түн.

Сергіту сәті.

4-тапсырма. №3 Слайд

Ойын «Бұл не?»

Жарайсыңдар, балалар. Сендер жапырақтардың берген тапсырмаларын орындадыңдар. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде алған білімдерімізді ойын арқылы түйіндейік. Ол үшін біз ойын орталықтарына бөлінеміз.

1-орталық «Шығармашылық орталығы»

-Мен сендерге сөз жұмбақ жасырамын.

Азамат, Марат, Айдар,

Келді аралап базар

Әқайсысы өлшеп,

Сатып алды көйлек.

Азамат жасыл жейде сатып алды. Азаматтың сол жағында қызыл жейде кейген Айдар тұр. Ал оң жағында сары жейде кейген Марат тұр. Балалар кәне өлең желісі бойынша ортадағы жейдені

жасыл түспен, оң жақтағы жейдені сары түспен, сол жақтағы жейдені қызыл түспен бояңдар.

-ортадағы жейде, оң жақтағы жейде, сол жақтағы жейденің түстері қандай?

Ашық сабақ Білім беру саласы: Таным ҚМҰҚ

2-орталықта «Көңілді қыстырғыштар» ойыны

Тапсырма: затты санмен сәйкестендіру.

Ашық сабақ Білім беру саласы: Таным ҚМҰҚ

3-орталықта «Тәуліктер» ойыны

Ашық сабақ Білім беру саласы: Таным ҚМҰҚ

Тапсырма: Тәулік бойына не істейміз? Карточкаларды жапсыру.

4-орталықта «Логика» ойыны

Пішіндерді өз орына қою.

Ашық сабақ Білім беру саласы: Таным ҚМҰҚ

-Жарайсыңдар, балалар. Бүгінгі оқу іс-әрекетімізге, ойынға жақсы қатыстыңдар. Осымен бүгінгі ашық шарамыз аяқталды

Күтілетін нәтиже: Біледі: тәулік бөліктерін, заттардың орналасуын сөзбен баяндауды (солжақта, ортада, оңжақта); Игереді: Саны жағынан аз топқа жетпей тұрған затты қосуды, топтарды теңестіруді; Меңгереді: тәулік бөліктері туралы түсінікті, заттарды санауды, ойын арқылы алған білімдерін тиянақтай білуді;





© 2010-2022