Д дыбысы және әрпі Сауат ашу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САУАТ АШУ ЖӘНЕ ЖАЗУ

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 23.11.15

Білім беру салалары:

Бөлімдер: Сауат ашу

Тақырыбы: Д дыбысы және әрпі

Мақсаты:

Білімділік: Д дыбысымен, әрпімен таныстыру, сөзге дыбыстық талдау жасату, сөзді буынға бөлгізу, өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, таныстырылған дауысты дыбысты қызыл текшемен белгілеуді үйрету. Д әрпінің жазба түрін жазуды үйрету.

Дамытылушылық: Балалардың білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. Балаларды сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйретіп, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды сыпайылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекілік, ойын

Жаңа сөздер: доп, дән, домбыра, дастархан, т.б.

Қолданатын көрнекіліктер: ойыншықтар, кеспе әріптер қалтасы, текшелер, үлестірмелі суреттер, түрлі-түсті борлар, әліппе-дәптер, Сауат ашу «дидактикалық материалдар».

Әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату,

түрткі болу



Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу









Ұйымдастыру

Әнұран айту

Өткенсабақты қайталау

«Дыбыстар еліне саяхат»

Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстарды бөліп өз үйлеріне орналастыруды сұрау.

Балалар менің қолымдағы не нәрсе

-«Доп» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?

-Дұрыс, біз осы Д дыбысының әрпімен танысамыз.

-Д дыбысының айтылу артикуляциясын көрсетіп, балаларға қайталатады. «Дала» деген сөзді буынға бөлгізу. Дәптер бойынша жұмыс Д дыбысы дауыссыз дыбыс. Ол сөйлемнің барлық жерінде кздеседі.

«Балапан» сиқырлы әріптер дәптерімен жұмыс.

-Балалар, мына дәптерімізден Д әрпін тауып алып, Д әрпін жазамыз.

Сергіту жаттығуы

Дидактикалық ойын: «Жасырынған әріпті тап»

Жұмбақтар жасыру

Тиіп кетсе ән салған

Дауысына ел тамсанған (Домбыра)

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды (Дастарқан)

Бала біткен соғады,

Жеңіл шарды домалақ.

Ұрсаң ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап (Доп)

-Осы жұмбақтардың шешуіндегі сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?



Доп

Д дыбысы естіледі.

Да-ла







Д әрпінен басталып тұр.

Рефлексия- түзету жұмыстары (коррекция)

Сұрақ-жауап.

Балалар Д қандай дыбыс?

Д дыбысы сөздің барлық жерлерінде кездеседі ме?

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді. Д-дауыссыз дыбыс

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балалар «Д» дыбысынан басталатын сөздерді біледі.

Түсінігі : Балалардың Д дыбысы кездесетін сөздер жайлы түсінігі бар.

Орындай алады: суреттер арқылы сөйлем құрауды, Д дыбысыңың дауысты дыбыс екенін, Д дыбысы бар сөздерді буынға бөлуді орындай алады.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.


© 2010-2022