Өзін - өзі тану Менің балабақшам

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Әлеуметтік таным.

Ұйымдастыру оқу-іс әрекет түрі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы: Менің балабақшам.

Мақсаты: Білім тұралы мағлұмат беру. Сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту. Достыққа, бірлікке тәрбиелеу. Балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру, достық қарым - қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: Балабақша суреті, балабақша қызметкерлерінің суреті.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі

Өткен сабақты қайталау

Жаңа тақырыппен таныстыру.

Балалардың назарын

тәрбиешіге аудару.

Іздену ұйымдастырушы

«Ізгі сөздер»
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
«Қайырлы таң!»- деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!»- тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!»- деп кіремін.

Тәрбиеші ұжымдық жұмыс арқылы балаларға балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстырып, оларды бағалауға, құрметтеуге үйрету мақсатында «өз үйім - менің бірінші үйім, балабақша - екінші үйім»деген тақырыпта әңгіме жүргізеді.

- Балалар балабақша дегеніміз не?
- Балабақшада біз не істейміз?
- Ал балабақшаны біз екінші үйіміз деп айта аламыз ба?
- Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды?
- Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді?
- Қане, олар кімдер және не істейді екен?

Жүректен жүрекке шеңбері. Алдын ала берілген өлеңді жатқа айту.

Балабақша туралы әңгімелейді.

Тазалықшы - екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза болсын деп бөлмемізді жуып, тазалайды.
Аспазшы - біз үшін дәмді тамақ әзірлейді.
Дәрігер - сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды.
Кір жуушы - біздің сүлгілерімізді жуып береді.
Тәрбиеші апайлар - сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.

Жүректен жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығармыз.
Бізді жақтап отырған,
Сендерге де мың алғыс!

Рефлексті коррекциялау

Қорытынды. Балалар бүгінгі сабақта не жайында әңгімелестік?

Білуі керек: Балабақша туралы.

Болуы керек: Балабақша суреті, балабақша қызметкерлерінің суреті.

Баланың қолынан келуі: Әңгіме құрап айту, өлеңдерді жатқа айту.


© 2010-2022