Сценарий утренника Жыл басы - Наурыз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жыл басы-Наурыз

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру,елін Отанан сүюге,ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.Имандылық,инабаттылық,

ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиеші:Жер әлемді жайнатып,әнші құстар сайратып,наурыз тойын

тойлатып ,Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын!

Ақ мол болсын!Армысыздар құрметті қонақтар.

Ямышев сәбилер бақшасының меңгерушісіне сөз беріледі.

Шаттық шеңбер: Дөңгеленіп тұрамыз

Керегені құрамыз

Уық болып иіліп

Киіз үйді құрамыз.

Құрметті қонақтар,сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы-Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

Көрініс.

(Шал қолында қамшы бар,қой жайып жүреді)

Шал: Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым,

бақтым еңіреп бақтым» деген осы ғой.Уһ ,әбден шаршадым,дем

алайыншы-деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.

Мыстан:Уһ,бәлем қолыма түстің бе?

Шал: Ойбай,ойбай жіберші,қылқынып барамын.

Мыстан: Сен маған не бересің?

Шал:Бір атар қой беремін.

Мыстан:Жоқ ,маған қой керек емес,балаңды бер әйтпесе жібермеймін.

Шал: Жәрәйді,жалғыз Дидар деген ұлым бар еді,соны ал.

Мыстан: Оны қалай бересің?

Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар,соны саған беріп кетейін

Балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.Міне алтын сақа -деп

қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.

Мыстан алтын сақаның жанында отырады(бала сақасын іздеп шығады)

Бала: Апа,апа анау сақамды алып беріңізші?

Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын,тұрсам отыра алмаймын,өзің ал.

Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады.Осы кезде қыздар Дидарды іздеп шығады.

Аружан,Айша: Дидар,Дидар қайдасың?Біз сені іздеп жүрміз.

Осы кезде ортаға Мыстан шығып,қыздарды қорқытады.Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.

Мыстан:Сендерге Дидир керек болса,менің шартымды орындаңдар.

Аружан,Айша: Орындаймыз,апа орындаймыз.

Мыстан:Онда маған Наурыз туралы тақпақ айтып беріңдер.

(Балалар жаттаған тақпақтарды айтады)

Әділжан: Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын.

Ернар: Қош келіпсін Наурыз

Арман тойы халықтың

Қуанышы халықтың

Құтты болсын қадамын!

Асылхан: Ұлыс күн құтты болсын

Келе жатыр күніміз

Халық сүйген мейрамды

Қарсы алайық-Наурызды!

Рамазан: Наурыз келсе,кұт келгені,халайық!

Есік ашып,шашу шашып

Ел боп қарсы алайық

Дильнур: Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық наурыз көжеден.

«Наурыз» Р.Рымбаеванын өлеңімен ортаға көжені әкеліп ауыз тигізеді.

Мыстан: Жарайсыңдер!

Аружан/Айша: Апа,енді Дидарды жібересіз бе?

Мыстан: Жоқ, маған өнерлерінді көрсетіндер,енді айтыс тындағым келіп отырмын Ақындарын бар ма?

(балалар айтыс өнерін көрсетеді)

Ельназар мен Райханнын айтысы.

Ельназар: Ельназар ұлың болам

Әке,шешем мақтаған

Жарыс десе жайнаймын

Намысымды қорғаймын.

Райхан: Өнердің ашып есігін

Шешендік сөзбен көсілдім

Таныстырсам өзімді

Райхан менің есімім.

Ельназар: Көріп тұрсың сұлуым

Жігіт деген атым бар

Болашақта халқыма

Президент болу арманым.

Райхан: Әнде айта аламын

Биде билеп аламын

Өзім бала болсамда

Таудай үлкен талабым.

Мыстан:Ой сендерде ақындарда бар екен.

Аружан/Айша:Енді Дидарды жібересіз бе?

Мыстан: Жібермеймін(ойланып тұрып) кәне ұлдарынның күшін сынып көрейінші (белінен арқан шешіп береді)

Ұлттық ойын: «Арқан тартыс»

Мыстан: Қандай күшті балалар .Бірақ мен Дидарды жібере алмаймын,менің қарным ашты.

Қыздар ақылдасады.

Қыздар:Апа, мынау ұялы телефон,мұнымен барлық жермен сөйлесе аласың,өлең тындайсын,ойын ойнайсын,суретке түсесің.

Мыстан:Кәне, әкел бері көрейін.

(мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Дидарды алып шығып кетеді)

Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар (деп жүгіреді)

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!

Дендеріңіз сау,мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын!

Қош,сау болыңыздар,халайық!

Көріскенше,күн жарық болсын!

Дильнурдың әжесі шашу шашады.



© 2010-2022