Ашық сабақ Жабайы жануарлар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай ауданы әкімшілігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Гүлдер» балабақшасы

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны




«Жабайы жануарлар»

2 кіші «Балапан»тобы




Тәрбиеші:Досмухамбетова Күмісай

Мухамедгалейқызы


Затобол кенті

Білім беру саласы: «Қатынас» ,«Таным» ,«Шығармашылық»

Бөлімі. Тіл дамыту.

Тақырыбы: Орманға саяхат.

Мақсаты:Жабайы жануарларды атай білу, «Үлкен-кіші» ұғымдарын таныстыруды жалғастыру. Баланың сөздік қорын молайту,дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру,ойлау қабілеттерін дамыту.

Аңдарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: орман бейнесі, жануарлар суреттері, аю,қоян,түлкі,қасқыр.

Әдіс-тәсілі:көрсету,сұрақ-жауап,

-Балалар ,қане шеңбер жасап тұрайық.

Шаттық шеңбер:

Армысың,алтын күн!

Армысың, асыл жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қосқан

Міне, менің алақаным!

-Балалар сиқырлы орманға серуенге барамыз ба?

Орманға барар алдында бір-біріміздің қолымыздан ұстап «Балақан» өлеңін айтып аттанайық.( музыка қосамын)

Музыкалық залға кіреміз,орман ағаштары көрінеді.Балалар біз орманға келдік.Залға аю келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Сәлеметсің бе,аю!

-Аю,аю, бізбен бірге жүрші!

-Егер маған тақпақ айтып берсеңдер, мен сендермен бірге жүремін.

-Тақпақ:Тауға шықсаң-қалың қар,

Сайға түссең-қалың қар,

Шырша үсті-қалың қар.

Байқаңдар,қар астында

Ұйықтап жатқан аю бар.

-Балалар, мен сияқты жүре аласыңдар ма?

Балалар аю тәрізді жүреді.

-Аюдың баласы-қонжық.

-Ол нені жақсы көреді?

-Бал жақсы көреді.

Залға қоян келеді

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Сәлеметсің бе, қоян!

-Қоян,қоян ,бізбен бірге жүрші!

Маған тақпақ айтып берсеңдер, мен сендермен бірге жүремін.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

-Қоянның баласы-көжек,

-Ол нені жақсы көреді?

-Сәбізді.

-Балалар, мен сияқты жүре аласыңдар ма?

Балалар қоян тәрізді жүреді.

-Балалар,аю,қоян ойын ойнайық.

Ойын: «Кім тапқыр?»-балаларға аю,қоян,түлкінің суреттерін беремін,суретте бейнеленген аңның қасына тұру керек.

-Бұл не?

-Қасқыр нені жақсы көреді?Қасқыр қайда мекендейді?

Мына өлеңді жаттайық:

Мен-көкжал қасқырмын,

Малшыны састырдым,

Аш болсам, ұлимын,

Ауылды торимын.

Дидактикалық ойын: «Жабайы жануарлар мен үй жануарлары»-топтап жинау,оларды неге үй,жабайы деп бөлетінін айтады.

Ойын: «Жасырынған аңды тап?»-аю,түлкі,қоян,қасқыр .

Көлбең, көлбең,көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Қасқыр қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

Аңдар қоштасып кетеді.

Бірінің артынан бірі жүріп топқа барады.

Қорыту:

-Балалар біз қайда бардық?

-Қандай жануарларды көрдік?

Серуен сендерге ұнады ма?

Қандай өлең жаттадық?

Мақтап ,мадақтау.



© 2010-2022