«Сыңғырла, күміс қоңырау!» ертеңгілік

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КМҚК «Дәншік» балабақшасы



«Балбөбек» ересек тобы

«Сыңғырла, күміс қоңырау!»

Білім күніне арналған тематикалық сабақ

Тәрбиеші: Кезенбаева Л.Ж.





Самар ауылы

2015-2016 оқу жылы

Білім күніне арналған салтанатты шара

«Сыңғырла, күміс қоңырау!»

1 қыркүйек - Білім күніне арналған тематикалық сабақ
Мақсаты:
1. Бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән - мағынасын ұғындыру;
2. Мәдениетін қалыптастыру;
3. Мерекелік көңіл - күй сыйлау.

Тәрбиеші:

- Қош келдіңіздер, құрметті балалар, барша қонақтар!
Бүгін - 1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық бақшамыздың әнұранын!
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші:

- Білім бастауы - балабақшада. Ендеше бүгінгі мерекеде тағы бір
әнімізді балабақшамызға арнайық!
Ән «Бақытты баламыз»

Тәрбиеші: Енді біздің балалардың білім туралы мағлұматтарын тыңдап көрейік (балалар сурет бойынша өз ойларын ортаға салып,түсініктерін кеңейтеді)

Әдемі:

Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!

Ән «Әрқашан күн сөнбесін»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Өнерлерің өрге жүзсін! Бүлдіршіндеріміздің өнер,
білім үйреткен, сүйікті балабақшамызда , жаңа оқу жылында тағы да бас қосып отырмыз!

Жаңа оқу жылын қоңыраудың сыңғырымен бастау - жылдар бойы жалғасын тауып келе жатқан қалыптасқан дәстүр. Ендеше биылғы 2015 - 2016 оқу жылының қоңырауын қағуды кішкентай бүлдіршініміз Елдараға ұсынамыз!
Алғашқы қоңырау соғу салтанаты
Тәрбиеші:

Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Арнұр:
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады!
Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен тамам. Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Баршаңызды балабақшамыздың білім бағына шақырамыз!
Балаларды мейрамдарымен құттықтап, «Отбасының бірлігі болса, мықты болады» дегендей оқу іс-әрекетін аяқтау.















«Кім жақын,не қымбат,не қиын?»

Қазыбек бидің жауабы.

Бір күні Қазыбек биге бір адам «Кім жақын,не қымбат,не қиын?» деген сұраққа жауап беруін сұрап өтінеді. Сонда Қазыбек былай деп жауап қайтарған екен:

«Тату болса,ағайын жақын,

Ақылшы болса ,ағайың жақын,

Бауырмал болса,інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын.

Жан серігің жас кезіңнен

Бәрінен де әйелің жақын.

Алтын ұяң -Отан қымбат,

Құт берекең - атаң қымбат,

Аймалайтын -анаң қымбат,

Асқар тауың -әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.

Таусылмайтын дау қиын,

Шанышқылаған сөз қиын,

Дәл осындай жағдайда,

Пана болмас өз үйің.

Жазылмаса, дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын,

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын,

Тентек болса,ұл қиын,

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың!» -деп жауап берген екен.



© 2010-2022