Методическая разработка Гимнастика для глаз, Аманкарагайский детский сад Бөбек

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аманкарагайский детский сад «Бөбек» Аулиекольского акимата

Бірлескен қызмет

«Көз, құлақ және мұрын әрқашанда сау болу керек»

Бағдарламаның мазмұны:

- Балалар бойынан салауатты өмір салтын сақтау әдетін қалыптастыру.

- Қоршаған ортамен таныстыратын сезім мүшелері туралы білімдерін толықтыру.

  • Негізгі қозғалмалы сапаларды дамыту.

  • Көзге арналған гимнастиканы балалардың өз бетімен жасай білу қабілетін жетілдіру.

  • Қоршаған ортаға деген бақылаушылық, қызығушылық және мейірімділік қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Құралдар мен көрнекіліктер:

  • Саяхатқа арналған құрал-жабдықтар.

  • «Сиқырлы дәрілік қорабша»

  • Көзге арналған алгоритмдік жаттығу.

  • Табиғаттың түрлі дыбыстарының жазулары.

Алдын-ала жасалатын жұмыс: «Біз қалай естиміз» әңгімелесу, Д/о «Не пайдалы, не зиянды», Д/о «Мұрын сәндік үшін емес», күнделікті көзге арналған жаттығуларды орындау.


Іс-әрекеттің мазмұны:

Тәрбиеші: Балалар, бүгін сауысқан бізге жаңалық әкелді. Ертегілер елінде үлкен қайғы, барлық ертегі кейіпкерері ауырып қалыпты. Біз оларға қалай көмектесе аламыз? (балалардың жауаптары)

-Жолға жиналу керек. Өзімізбен не алу керек? (Балалар көп заттардың ішінен өздеріне керек деген заттарды таңдап, олар не үшін қажет екендігін сұрастыру)

- Өзімізбен бірге «сиқырлы дәрілік қорабшаны» алайық, қажет болып қалады.Енді дайынбыз, жол шығуға болады.

Тәрбиеші қолында жол көрсететін жіп орамасын ұстап тұрады. Жолда әр түрлі кедергілер кездеседі. («Бұлақты аттап өт», «Бір тастан екінші тасқа секіру», «Өт және тиіп кетпе»).

Тәрбиеші:

- Қараңдаршы, біз қандай әдемі шалғынға келдік, бұл не үй пе? Қызық мұнда кім тұрады екен? Қанеки сиқырлы сөздерді айтып үйді өзімізге қарай қаратайық.

Балалар: (хормен) Үй, үй орманға артпен, бізге алдымен қарашы!

Үйден Жалмауыз кемпір шығады.

Жалмауыз кемпір: Орманда жүрген кім? Ештеңеде көріп тұрған жоқпын. Көзім нашар көретін болды, алдағы уақытта мүлдем көре алмайтын шығармын.

Тәрбиеші: Сен көзіңді сақтап жүрсің бе?Көздің көруін қалай сақтай білуің білесің бе? Жалмауыз кемпір: Мен қайдан білейін? Мен орманда тұрамын ғой.

Тәрбиеші: Ал біздің балалар біледі.Балалар, Жалмауыз кемпірге көздің көруін қалай сақтау керектігі туралы үйретейікші.

Балалар:

  • Жарығы нашар бөлмеде кітапты жатып оқуға болмайды.

  • Кәр қолмен көзді уқалауға болмайды.

  • Көзді қатты соқтығыстан және үшкір заттардан қорғау керек.

  • Көз үшін таза сумен жуған пайдалы

  • Теледидарды күніне 1 сағаттан артық көруге болмайды.

  • Тамаққа қажетті мөлшерде өсірілетін азық-түліктерді көп қолдану керек, (сәбіз, пияз, қызанақ)

Жалмауыз кемпір: Мен есіме сақтаған сияқтымын. Егер мен нашар көріп жүрсем не істеуім керек?

Тәрбиеші: Біздің сиқырлы дәрілік қорабшанда саған көмектесетін көзілдірік пен дәрі бар. Балалар Жалмауыз кемпірге түймедақтың тұмбасымен көзді сүртіп, оған көзілдірік тағып, сәбізден ауыз тигізеді.

Жалмауыз кемпір: Рахмет! Мен енді жақсы көретін болдым.

Тәрбиеші:

- Ал көздің көруі жақсару үшін балалар қазір көзге арналған жаттығуды қалай жасау керектігін үйретеді.

Балалар Жалмауыз кемпірге жаттығуды көрсетеді:

- Көзді жұм, содан кейін аш (5) рет,

- Көздерге айналдыру жаттығуларын жасаймыз: солға-жоғары-оңға - төмен-оң,а- төмен, жоғары- солға (10 рет)

- Қолдарымызды алға созамыз. Саусақтағы тырнаққа көңіл аударамыз, тырнақты баяу мұрынға жақынндатамыз, ақырын артқа алыстатамыз. (5 рет)

- Терезеге 1 минут қараймыз.

Жалмауыз кемпір балалармен қоштасады, сиқырлы жіп орамы оларды әрі қарай апарады. ( «Тастан тасқа секіру», «Бөренеден өт» жаттығулары). Кенет қатты музыка естіледі. Орманнан Бапы хан шығады. Ол басың ұстап, ыңылдайды.

Балалар: Саған не болды?

Бапы хан: Ә?! Не?! Ештеңе естіп жатқан жоқпын! Және басым ауырып тұр!

Балалар Бапы ханның маңдайына орамжапырақтың жапырағын басады..

Балалар: Сенің басың ауырып, құлағыңның естімей қалғаны, қатты дыбыстардан.

Бапы хан: Қатты музыканың қатысы неде?! Мен сендерге сенбеймін!!!

Балалар: Ауаның кішкентай бөліктері құлақ дабылына соғылып, дыбыс миға барады. Егер дыбыс қатты шықса онда құлақ дабылына дыбыс мың шақты кңшкентай бөренелер ұрып жатқандай болады. Қатты дыбыстарды құлақ дабылы жарылып кетуі мүмкін.

Бапы хан: Мен музыканы осылай ұнатамын. Маған не істеу керектігі туралы кеңес беріңдерші?

Балалар: - Орман шуы, құстардың үні, бұлақтың сылдыры - бұларда музыка, оларды тек ести білу керек. Мұндай музыка тыныштандырады және күш береді. Музыка қатты болмауы керек. Біреумен сөйлескенде ақыры, әдепті сөйлесу керек. Айқай-шудан да бас ауруы мүмкін.

Барлығы бір-екі минут табиғат үндерін тыңдайды. Балалар Бапы ханмен қоштасып, әрі қарай кетеді.

Алдарыңнан киіз үйді көреді. Есігінде өрмекші тры құрылған. Ішінде біреу жөтеліп, түшкіріп жатыр. Алдар Көсе шығады.

Алдар Көсе: Міне, ауырып қалған шығармын. Күні бойы жөтеліп, түшкіріп жүрмін.

Тәрбиеші киіз үйге бас сұғып, ол да түшкіре бастайды.

Тәрбиеші: Қандай шаң! Сен суық тигеннен түшкіріп жатқан жоқсың. Соңғы рет киіз үйде қашан соңғы рет жинадың?

Алдар Көсе: Есімде жоқ... Бес немесе он жыл бұрын.

Тәрбиеші: Онда бәрі түсінікті. Балалар енді түшкірмеу үшін және жөтелмеу үшін қандай іс-әрекет жасауға кеңестер береді.

Балалар: Дем алу мүшелерін сақтау керек: күнде отырған бөлмеңді жинап, терезені ашып желдету қажет. Егер киіз үйде бөлме өсімдіктері болса, онда ауасыда таза болар еді.

Балалар Алдар Көсемен қоштасып, топқа оралады.

Тәрбиеші: Енді бізге топқа оралуға сиқырлы жіп орамы және сиқрлы сөздер көмектеседі: Сиқырлы жіп айнал, айнал, Балаларды топқа апар.

Балалар бұл сөздерді қол ұстасып қайталайды.

Тәрбиеші:- Міне енді біз өз тобымыздамыз. Бүгін біз сендермен екі маңызды іс атқардық: ертегі кейіпкерлеріне көмектестік және өз көзіміздің, мұрнымыздың және құлағымыздың қалай сақтау керектігін еске түсірдік.

© 2010-2022