Қатынас Тіл дамыту Тақырыбы: Сөйлейтін кубик

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Екінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші сала: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Сөйлейтін кубик»

Мақсаты: «А,і,ү,о,и» дауысты дыбыстарды қайталау, есте сақтау қабілетін жетілдіру. Артикуляциялық және дауысты аппаратты дамыту.

Алдын - ала жұмыс: Балаларды дұрыс айтуға дағдыландыру

Сөздік жұмысы: уууууууу; ииии; лиии лиии лии; дииин дииин диии; ға- ға-ға.

Көрнекі құралдар: Суреті бар куб.

Билингвальдық компоненті: Куб - куб

Сөйлейтін - говоряши

Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің басқарымдық іс - әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

I кезең-

мотивациялық-

қозғаушы

Тәрбиеші топка текшені әкеледі:

- Бұл жайғана текшее емес бұл сиқырлы сөйлейтін текше.

Балалар тәрбиешіні тындайды.

Сиқырлы текшені қарайды.

II кезең-ұйымдастырушылық -ізденушілік.




















III кезең-

Рефлексивті- түзеуші


Паровоздың суретін көрсетеді.

«Балалар бір заманда, Тіл паровоздың қалай өлең айтқанын естиді. Ол өлеңді былай айтады: уууууууу. Паровоз өленді қалай айтады? Ууууу - паровоздың өлеңі. Тілге бұл өте ұнады. Ол осы созылмалы және көтеріңкі дыбысты өлеңді жаттауға шешім қабылдады. Алғашқыда Тіл өлеңді бәсеңдеу айтып көреді, міне осылай: уууууу .Ал содан соң, сенімді көтеріңкі дауыспен айта бастады. Сендерде паровоздың әні шықсың десеңдер, еріндеріңді созып сыбызғы түріне келтіріп уууу деп айтындар»

Қасқырдың суретін көрсетеді.

«Тындандар, ормандағы аш қасқыр қалай ұлыйды: ууууу. Қорқынышты!»

Бие мен құлынды көрсетеді.

«Нендей жануарларды көріп тұрсындар? Жылқыны біз бие деп те айтамыз. Неге? Өйткені бие құлындайтын жануар. Бие, деп бәріміз айтайық. Бие көңілденіп, өзінің төлін шақырады. Иииии дыбысын айтқанда, дыбыс созылып, ерніміз жіңішкеленіп, екі езуімізге дейін созылады екен. Ол дауысты дыбыс, балалар. Ал құлыншақ жүгіріп келгенде иаи деп дауысын кісінеп шығады»

Сылдырмақтың суретін көрсетеді

«Сылдырмақтың өлені аттардың өлеңіне кішкене ұқсас болады. Тыңдандар: лиии лиии лии. Осылайша ынталанып өлең айтады кішкентай сылдырмақтар. Қалай олар өлең айтады? Үлкендеу сылдырмақтар басқа өлең айтып шығарады: дииин дииин дииин. Үлкендеу сылдырмақтар қалай өлең айтады? Қазір мен сендерді тексерейін, кім кішкентай әсем сылдырмақ, ал кім дауысты үлкендеу сылдырмақ»

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнаң жел есиеді.

Кішкентай ағаштар

Үп үлкен боп өседі.

Қарғаның суретін көрсетеді

«Қарқ-қарқ-қарқ -деп қарға қарқылдайды. Қарға қалай қарқылдайды? Ол өз балапандарын шақырады.»

Қаздың суретін көрсетеді.

«Қаздар қанқылдайды «ға- ға-ға» Балапандарды тыныштандыру үшін ана қаз әндетеді «ға-ға-ға»

«Кім шақырды?» ойының ойнауға ұсыныс жасайды.

Көгершін гур-гур; әтеш ку- ка-ре-ку; қарға қарқ-қарқ.

Топ топ, топ топ, балақан,

Өзің жүріп көре ғой. Шақырады кәрі апаң,

Топ топ басып келе ғой.

Топ топ топ, топ топ топ.

Балаларды мадақтайды.

Паровоздың суретін қарайды.

Тәрбиешінің артынан қайталайды.



«Ууууууууууууу»


Қасқырдың суретін қарайды.

«Уууууууууууу»

Бие мен құлыншақтың суретін қарайды.

«Бие»

«Ииииииииииии»


Сылдырмақтың суретін қарайды


«Лиии лиии лии».


«Дииин дииин дииин».


Тәрбиешінің артынан қайталап қимылдарды орындайды.

Қарғаның суретін қарайды.

«Қарқ-қарқ-қарқ»

Қаздың суретін

«Ға- ға-ға»


Тұрған бала, одан ненің дауысын естігенін анықтайды. Егер тапса, оның орның құстың даусын салған бала алады. Ал егер таппаса, басқа жүргізуші бала таңдалады.

Тәрбиешімен бірге айтады

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: паровозды, биені, қарғаны, қасқырды, сылдырмақты, қазды тану және атау

Түсінеді: дыбыстарды айталады

Қолданады:дауысты дыбыстарды а, у, и, о айту.


© 2010-2022