Алтын күз Тәрбие сағаты

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бөбек лүпілі» балалар бақшасы












«Алтын күз»





Мерекелік іс - шара





Жауаптылар: Дуисенбаева Н.Ж.

Бекишева М.А.












2015-2016



«Алтын күз» атты

мерекелік іс-шараның жоспары


Мақсаты: Күз мезгілінде болатын өзгерістер жайлы білімдерін кеңейту.

Табиғаттың сыйын балалар өз көздерімен көріп,дәмін татып,күз байлығын,

әсемдікті сезіне білуге ,көргендері туралы әңгімелей білуге үйрету.Тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және тәжірибе алмасу.

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналармен әріптестермен қонақтар! Сіздерді «Алтын күз» атты мерекелік іс-шараға келгендеріңізге қуаныштымыз. Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата- аналар сіздерді бүгінгі алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық , мол бақыт, ашық аспан тілейміз

Жүргізуші :

Күз - бұл жаз бен қыстың арасындағы көпір. Таңатпай аяз бетімізді тондырса да, далада суық күн тұрса да, біз білеміз күз - тамаша мезгіл. Қандай жазушыны, ақынды, суретшіні алсақ та әқайсысы өз бетінше осы мезгілді көркем суреттейді.

Жүргізуші :

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

кетейінші осы отырған баршаңа,

- сіздерді әділқазыалқаларымен таныстырып өтейік:

  • Бөбек лүпілі балабақшасының меңгерушісі - Индира Қайратқызы

  • Әдіскер -Меруерт Советбекқызы

  • Тәрбиеші-Айнұр Сыдыққызы

Қош келдіңіз көрермен,

«Алтын күз» жобасына

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Керемет күзді» тойлаймыз.

- бүгін «Бөбек лүпілі» балалар бақшасында өткізіліп отырған«Күз кереметі» мерекелік іс-шараны бастауға рұқсат етіңіздер! Ортаға қатысушыларды шақырамыз!

  • «Айшуақ» тобының тәрбиеленушілері

  • «Балауса» тобының тәрбиеленушілері

  • «Балдырған» тобы тәрбиеленушілері

Бүгінгі мерекелік сайысқа 3 топ бағын сынамақшы

Мерекелік сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:


  1. Әр жұп өздерінің тақпақтарын айту(Айшуақ тобы,Балауса тобы)

  2. сәнді әлемін жобасын қорғау

  3. Өнер сайысы

  4. «Күзгі композиция» (әр түрлі жеміс жидектерден композиция құрастыру)

Жүргізуші:Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол - сәніміз

Туған өлке табиғатын аялап

Ұсынайық жүрек үнін бәріміз

-сайысымыздың алғашқы кезегін Тақпақ жарысына берсек.

1.Айшуақ тобының тәрбиеленушілерінің тақпақтарын тыңдайық

2.Балауса тобының тәрбиеленушілерінің тақпақтарын тыңдайық

3 Балдырған тобының тәрбиеленушілерінің тақпақтарын тыңдайық

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы 1-ші бөлім бойынша өз бағаларын берсін.

2-ші бөлім.Ортаға шығып сән әлемінің жобаларын қарсы алайық.

Музыка пәнінің жетекшісі Абайева Меруерт Алмабековна

Би

1 Айшуақ тобының «Күзгі сән»үлгісін қарсы алайық

2Балауса тобының

3Балдырған тобының

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы 2-ші бөлім бойынша өз бағаларын берсін

Жүргізуші: Өнерлінің жүзі жарқын,

Шығара білсе жарыққа

-сайыскерлерімізге өз өнерлерін көрсетуге кезек берейік

1 Айшуақ тобының «Күзгі вальс»биін қарсы алайық

2Балауса тобының «Балапан» биін қарсы алайық

3Балдырған тобының «Балақан» әнін қарсы алайық

Жүргізуші:Әділқазылар байқаудың нәтижелерін бағаласын.

Жүргізуші: «Күзгі композиция»

(әр түрлі жеміс жидектерден композиция құрастыру ата-аналармен жүргізілетін жұмыс)

1 Айшуақ тобының ата-аналарын қарсы алайық-

2Балауса тобының ата-аналарын қарсы алайық -

3Балдырған тобының ата-аналарын қарсы алайық-

Жүргізуші:Әділқазылар байқаудың нәтижелерін бағаласын.

Музыка пәнінің көркемдік жетекшісі:Абдырахманов Фархат

Жүргізуші:Бүгінгі сайыстық байқауымыз аяқталды.Қорытындысын жинақтау үшін әділ-қазыларға біраз уақыт берейік.

Жүргізуші:.

Әділқазылар алқасына сөз береміз. Ортаға қатысқан сайыскерлерді шақырып, марапаттау сөзі .

(жеңімпаздар марапатталады)

Жүргізуші:Жеңімпаз топты шын жүректен құттықтаймыз!

«Ортамызға қоңыр күз келсе де, күн суытса да, біз, барлықтарыңыздың көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болатынына сенеміз, себебі бүгін біз тамаша іс-шараға қатыстық!»- деген сөздермен бүгінгі байқау аяқталды.

Келесі кездескенше, сау болыңыздар!!!



© 2010-2022