Алтынсын ғой тәрбие сағаты

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алтынсың ғой, Анашым!

Мақсаты: Ана ұғымының мән-мағынасын ашу, аналарына деген сүйіспеншілігін

арттыру, өнерлерін көрсету арқылы ардақтауға, құрметтеуге үйрету.

Мұғалім: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Құрметті ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар, ару қыздар! 8-наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын. Сіздерге ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілейміз. Бүгінгі «Алтынсың ғой, Анашым» ертеңгілігін сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

1-оқушы: Таймас

Бәрі де ана, бір өзіңнен басталады,

Сен деп жазды алғаш-өлең дастанды.

Қуандым ба,

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

2-оқушы: Гүлдана

Күнім дейсің мені

Күн мейірі сенде.

Күннің ыстық лебі,

Құшағыңа тең бе?

Айналайын ана!

3-оқушы: Жансая

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар.

Ана деп бас иеді күллі халық.

4-оқушы: Маржан

Біз ғана қадір тұтқан балалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген- тіршіліктің тірегі,

Армысыңдар қасиетті аналар.

5-оқушы: Ерден

Сендерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар

Мұғалім: Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам, ақ мамам

Сені көрсем қуанам.

Сен керексің қайда деп балаларыңыздың орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыз.

7. Мұғалім: Бүгінгі мереке күні аналарымыздың анасы әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтаулар сіздерге арналады. Құрметті әжелер!

Ән «Асыл әже»

8-оқушы: Аружан

Әжем мейрамыңмен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

Әжетай сені жақсы көремін деп,

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

9-оқушы: Жансұлу

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге,

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.

10-оқушы: Марат

Менің әжем, ақ әжем.

Ұл мен қызы бағы әжем.

Ертегі айтып берші десең,

Айтып берер тағы әжем.

Мұғалім: Ақ әжемді әрқашан,

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Биді билеп беремін деп, Жансаяның биін қабыл алыңдар.

11-бала: Нияз

Жүре берсең қасымда

Әйбат анам қуанам

Ботаң деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам.

12-бала: Әсет

Тау қопарып, тасты үгіп,

Тұрғыздың сен де қала

Күн алыста ал анам

Ылғи менің қасымда.

13-бала: Динара

Ақыл құйған санама

Күннен де артық расында.

Күн алыста ал анам

Ылғи менің қасымда

Мұғалім: Бізде қаншама ару қыздарымыз бар. Аналар қандай әдемі болып кеткен, ал біздің қыздарымыз аналарының қалай жұмысқа жиналатынын көрсетпекші.

«Менің анам жұмысқа қалай жыналады?» ойынын ойнату.

14-бала: Дильнара

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам.

15-бала: Әсем

Ана көркі көгінің,

Ана нұры жерінің.

Ана бағы баланың

Мақтанышы елімнің.

16-бала: Қуандық

Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасын

Еңбегіңді ақтайтын

Аман болшы анашым.

17-бала: Дарина

Шалқып-тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз

Ана, сені құттықтап

Әндетеміз бәріміз.

Хор: «Құттықтаймын мама мерекеңізбен»

Ал енді ару қыздарымыздың орындауында қазақ биін тамашалаңыздар.

Мұғалім: Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз деп, осымен сіздерге арналған ертңгілімізді аяқтаймыз. Құрметті аналар бүгінгі мерекелеріңізге арнап балалар сіздерге сыйлықтар дайындады. Қабыл алыңыздар.

Сөз беру. Бата.








Жамбыл бастауыш мектебі



















Алтынсың ғой,анашым!

\Тәрбие сағаты\.






















Өткізген:Какенова А.С

2012 оқу жылы

© 2010-2022