Мектепке дейінгі даярлық тобына арналған Сары алтындай Алтын күз атты ертеңгілік

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сары алтындай Алтын күз»

Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар сахнаға шығады.

Вальс билейді

Жүргізуші: Қош келдіңіздер ата-аналар!

Армысыздар ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар жас достар!

Хормен: Алғыс саған Алтын күз атты мереке құтты болсын!

Жүргізуші: Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Ертеңгілікті бастайық

Хор: Ән «Сары күз».

Жүргізуші: Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі. Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі. Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді.Олдай болса, құрметті қонақтар кішкентай балапандар күз мезгілінің ерекшеліктері туралы не айтар екен:

Қыдыр: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Толғанай: Алтын,сары,қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады жалтырап

Б.Айару: Еңбек қызып қырларда

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді

Сап-сары боп тұрғанда

Бейбарыс: Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілд

Рахман: Ой,балалар,балалар

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты

Ой,балалар, балалар

Ойналық та күлелік

Енді оқуға кірелік.

С.Аяру: Күз келді,сары күз келді

Тау ызғарлы түз желді

Тыраулатып аспанда

Тырналарын тізді енді

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Жүргізуші: Алқаптан бидайды,

Қоймаға жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатам күзді мен, - дегендей бәріміз де күз мезгілін жақсы көреміз. Ендеше қошеметпен қол соғып Күз ханшайымын ортаға шақырайық.

Күз ханшайымы: Саламатсыздар ма, балалар? мен күз ханшайымымын.

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Күз жыл мезгілінде қандай айлар бар?

Осы айлар туралы не білесіңдер?

Жүргізуші: Саламатсыз ба, күз ханшайымы. Төрлетіңіз. Біздің балалар бұл айлар туралы тақпақ біледі.

Қыркүйек

Шоғы толған гүлдей жайнап

Жарқырады Алтын күз

Сайраңдап күліп ойнап

Келіп кетті қыркүйек

Қазан

Қазан айы молшылық

Дәулет қорын қалады

Заңғар көкке қол созып

Құстар ұшып барады

Қараша

Құстар қайтты қыс болды

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсіп, гүл солды

Қараша ызғары басталды

Жүргізуші: Балалар Күз ханшайымы сіздерге күз мезгілінің ерекшеліктері туралы тапсырма алып келіпті. "Күз белгісі неде?"

Күз ханшайымы тапсырманы интерактивті тақтадан көрсетіп балаларға орындатады.

-Күзде жапырақтар ………….(сарғаяды).

-Күзде күн суып …………( жаңбыр жауады).

-Күзде құстар …………….(жылы жаққа ұшып кетеді).

-Күзде жемістер мен көкөністер………….(піседі).

тапсырмадан кеін күз ханшайымы шығып кетеді.

Жүргізуші: Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Әнін шырқап салайық.

Хор: Ән «Жаңбыр»

Жүргізуші: Тамаша. Келесі кезекті ұлдардың әніне бергім келіп отыр. Ән "Асыл әжем, ақ атам"

Жүргізуші: Ду қол шапалақ. - Балалар сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?

- Иә.

- Олай болса мен жұмбақ жасырамын.

Жұмбақтар шешу

Бойын жерге жасырған

Бұрымы бар жасылдан

(сәбіз)

Ұзын мұртты сарылар

Қойнында дәні бар

(бидай)

Бақшадан келген ала доп

(қарбыз)

Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады

(пияз)

Жүргізуші: Өте жақсы, жауаптарың дұрыс.

Әуенмен Дара кіреді: Саламатсыздар ма, балалар. НЕLLО, НЕLLО.

Жүргізуші: - Балалар, Дара бізге қонаққа келіпті. Біздер Дараға арнап ағылшын тілінде тақпақ, ән айтып берейік.

М.Нұрасыл: Sing the song

Something bright in all

Flowers in the summer

Fires in the fall

Али: Rain on the green grass

Rain on the tree

Rain on the house top

But not on me

Алия: Rain rain go to spain

Form weather

Come again

Жүргізуші: Өте жақсы.Ендеше ағылшын тілінде ән айтайық.

Жүргізуші: Дара, саған балалардың ағылшын тілінде орындаған әні ұнады ма?

Дара: Иә.

Жүргізуші: Балалар, Дара бізге ойын әкеліпті. "Көкөністер мен жемістер" ойыны.

Дара: Балалар өте жақсы ойын болды. Менің кетуім керек сау болыңыздар!

Жүргізуші: Келесі кезекте тақпақ. Ортаға...

Тоғжан: Қызыл қырман басында

Ақ бидайды сапырған

Диқандардың қасында

Күз есепші отырған

Ашылып күз құшағы

Еркенұр: Жүрді еріп бізбенен

Жапырақтар ұшады

Жез алқадай жүздеген

Жайдар күз,алтын күз

Аяулы күз,алтын күз

Дәнге толып ен далам

Дариядай шалқыған

Хиуаз: Бұлттанып заңғар аспаным

Толтырды жасқа жанарын

Құстар да қайта бастады

Суықтың сезіп хабары

Айша: Қамба толды астыққа

Алғыс саған Алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап бидай алдық біз

Индира: Алақай, алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті, дән пісті

Айтамыз алғысты

Іңкәр: Бүгін мейрам,бүгін той

Қуаныш күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой

Жүргізуші: Келесі кезекте тамашалайтындарыңыз "Төрт жыл мезгілі" көрінісі. Ду қол шапалақ.

Жүргізуші: Көрініс қоюшыларға қошемет. Өте жақсы. Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі, жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз, жемістер мен көкөністер піседі.

- Балалар, тақтаға назар аударайық. Жемістер мен көкөністерді атап, сипаттап беру керексіздер.

Алма - жеміс. Алма домалақ. Түсі қызыл. Дәмі тәтті.

Қияр - көкөніс. Пішіні сопақша. Түсі жасыл.

Шие - жеміс. Қызыл шие. Бес шие. Қышқыл шие.

Мынау - сәбіз. Сопақша сәбіз.сары сәбіз. Үлкен сәбіз.

- Өте жақсы. тақпақ айтылып, әндер орындалды, ойындар ойнадық, ендеше қыздардың "Қазақ биін" тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Ду қол шапалақ қыздарға. Кезекті ойынңа берейік. Ойын "Орныңды тап"

- Күз жыл мезгіліне біздің қыздарымыз өздерінің күзгі киім сән үлгісін дайындап келіпті. Қарсы алыңыздар! Сән үлгісі

Жүргізуші: Керемет, қандай әдемі сән үлгіс, жарайсыңдар.

Ортаға тақпақ айтуға Аяжанды шақырамын.

Аяжан: Күзді күтіп жатамын

Жиып нәрді бойыма

Асқабақпын,жараймын

Қыстай сақтап қоюға.

Нұрай: Бақшаларда тізіліп

Қаперсіз мен жатамын

Қабат-қабат киініп

Қырыққабат атандым

А. Дарья: Шиемін мен шиемін

Піскенше тон киемін

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемін

Ж. Дарья: Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім

Аян: Өзім шебер жүзіммін

Толып-пісіп үзілдім

Бақшасында бағбанның

Моншақ болып тізілдім

Алмас: Көк сүңгідей өскенде

Жайқалам жел ескенде

Ұрмай-соқпай жылатам

Турағанда кескенде

Жүргізуші: Келесі кезекте керемет әнге бергім келіп отыр. Қарсы алыңыздар қыздардың орындауында ән "Мереке".

Жүргізуші:Ду қол шапалақ.Орындарыңызға отыра қойыңыздар қыздар.

Ән "Күз сыйы"

Жүргізуші: Қошемет. Өте жақсы. Кезек ата - аналарға келді. Ортаға 8 ата - ана шыға қойсын.

"Алтын күз" сөзін шығару

Жүргізуші: Өте жақсы. Осымен "Алғыс саған, Алтын күз"атты мерекеміз өз мәресіне жетті. Аман - есен жүздескенше, қош сау болыңыздар!

Ата-аналарға сөз беру

Күзбен қоштасу

Хор: «Алтын күз» әні



© 2010-2022