- Преподавателю
- Дошкольное образование
- Разработка по математике на тему 7 саны және цифры
Разработка по математике на тему 7 саны және цифры
Раздел | Дошкольное образование |
Класс | 13 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Исакулова Г.М. |
Дата | 16.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Математика | Уақыты: | Кабинет: 216 | Мұғалім: Каленова Шолпан | |
Сабақтың атауы | 7 саны мен цифры | |||
Сілтеме | Ғаламтор сайттары, «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру» әдістемелік құралы, | |||
Сабақтың жабдығы | Интерактивті тақта, электронды оқулық, кеспе сандар, суреттер, дидактикалық материалдар. | |||
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі |
| |||
Топқа бөлу | Қима қағаздарды құрастыру арқылы топтардың атын шығару І топ «Жеті қазына» ІІ топ «Жеті ата» ІІІ топ «Жеті күн» | |||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | |||
Ынтымақтастық атмосферасы | І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Біз балдырған баламыз, Оқып- білім аламыз. Математика пәнінде Тапқыр, алғыр боламыз. Жарайсыңдар балалар. Орындарыңа жайғасыңдар. Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет. Ережелер : | Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады, оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады | ||
Өткен сабақты еске түсіру |
3 6 4 2 5 3 1 2 4 5 3 4 - Талдағы алманы, алмұртты санау. - Қоянның себетіндегі сәбіздерді санау. Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларға жұлдызшалар үлестіріп беру. | Балалар сұрақтарға жауап береді. 6- ға дейін тура және кері санайды. Ойынды бәрі бірге ойнайды. Ойын арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытады. Алма, алмұрт. сәбіздерді санап, санын айтады.
| ||
Сергіту сәті | Көк аспанға қараймыз, Келген құсты санаймыз. Бір, екі, үш. Жинап алдық күш | Балалар қимылмен көрсетеді
| ||
Қызығушылықты ояту | Ой шақыру.Сабақты бастамас бұрын электронды оқулық арқылы жеті санының пайда болуын, және оның жазылу таңбасын көрсету. 7+ 6 + 1 =
| Балалар интерактивті тақтадан тапсырманы көреді. Сұрақтарға жауап береді.
| ||
Мағынаны тану
| 1. Міне балалар сендер не интерактивті тақтадан не көріп не байқадыңдар? Бізге таныс емес жаңа сан шыққанын көрдіңдер. Ол санымыз 7 саны екен. Олай болса жеті саны қалай пайда болды? Біз оны тапсырмаларды орындау арқылы білетін боламыз. +=7 4+3=7 + =7 5+2=7 + =7 6+1=7 2.Қараңдаршы балалар 7 цифры неге ұқсайды? Дұрыс айтасыңдар балалар шалғыға ұқсайды екен. 3.Олай болса 7 цифрын жазып үйренейік. Бәріміз оң қолымызға қаламсапты ұстап ауаға жазамыз. Енді мен тақтаға 7 цифрының қалай жазылатынын жазып көрсетем. Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларға жұлдызшалар үлестіріп беру.
| Балалар тақтадан не көргендерін айтады. 7 санының пайда болуымен танысады. Тапсырмаларды бірге орындайды. 7 цифрын ауаға жазып үйренеді. | ||
Сергіту сәті | Аспанға қарап ай көрдім, Төменге қарап жер көрдім. Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдім! | Балалар қимылмен көрсетеді
| ||
Кітаппен жұмыс | Әліппе -дәптердегі тапсырманы орындау. № 1 тапсырма. Суретке қарап жасырынған цифрларды тауып, бастырып сызу. Неше құмырсқаның жүгі жоқ? № 2 тапсырма. 7 санының құрамын анықтауға арналған тапсырма. 7 санын қандай сандардан құрастыруға болатынын ата. № 3 тапсырма. Тиінге жаңғақтарды себеттерге бөліп салуға көмектесейік. № 4 тапсырма. 7 цифрын жазуға және бастыруға арналған. Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларға жұлдызшалар үлестіріп беру. | |||
Ой толғаныс | Қазақта халқы ежелден «Жеті» санын кие тұтқан. Біз тобымыздың атауының мағынасын ашып, танысамыз.
2. 7 санына байланысты мақал - мәтелдер айтып беру. 1. Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер. 2. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді. 3. Жеті атасын білмеген жетесіз. 3. «Жеті қазына» - Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, берен мылтық «Жеті ата» - Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. «Жеті күн» - Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
| Балалар 7 санының киелі сан екенін үйренеді. Әр топтың аттарының мағынасын ашып, танысады. Жеті санына байланысты мақал- мәтелдер жаттайды. . | ||
Сабақты қорыту | «Сиқырлы сандық» ойыны арқылы сабақты пысықтау. | Ойынды ойнап, жұмбақтардың шешуін табады. | ||
Бағалау | Мадақтау.Топтарды мадақтап жұлдызшалар үлестіру. | Жұлдызшаларды дәптерлеріне жапсырады. | ||
Кері байланыс |
| Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |