Жеті лақ және қасқыр ертегісі тақырыбына арналған сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жеті лақ және қасқыр ертегісі

Сабақтың мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіну, негізгі ойды ашу, бала тілін жетілдіру. Ой - қиялын сөздік қорын дамыту. Ұйымшылдыққа, зеректікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: билингвалды - панорамалық сабақ

Әдіс - тәсілдер; кубизм, ойын, топтастыру тесті, сәйкестендіру стратегиясы

Сабақ кезеңдері.

1.Ұйымдастыру

Жылулық шеңбері

Армысың асыл күн!

Армысың, асыл жыр.

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым!

2. Жаңа сабақ

1 - топ. «Сәйкестендіру тесті»

Балалар үй жануарлары туралы берілген суреттерді бір - біріне сәйкестендіреді.

Жылқы - құлын, сиыр - бұзау, қой- қозы, ешкі - лақ, түйе - бота

2 - топ. «Кубизм стратегиясы»

Балалар текшені лақтыра отырып, төрт түлік малға сипаттама береді.

Мысалы: жылқы мінсең көлік, қымызы сусын, еті тамақ т. Б.

3.Сергіту сәті.

« Төлдер» ән

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың.

Секең - секең ей, лақ

Жүрмін саған кейіп - ақ

Тыным тапсаң болмай ма

Секірмей - ақ кей уақ.

5. Практикалық іс - әрекет \сахналау\

Балалар осы ертегіні рөлге бөліп, ертегіні сахналайды.

6. Қорытынды. \сұрақ - жауап\

Қасқыр қандай аң, ол қайда өмір сүреді?

Ешкі лақтарын қалай жақсы көреді?

Балаларды мадақтау.



© 2010-2022