Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс коучинг-сессия

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Күні:

Ясли-бақша әдіскері А.Р.Әбдірахманова


Тақырыбы: "Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс" коучинг-сессия

Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, серіктестікке тарту, балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты арттыру. Ата-ананың тәрбие мәселесіндегі психологиялық құзыреттілігін арттырып, баламен тиімді қарым-қатынас орната білу қабілетін дамыту. Ата - аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым - қатынаста болу. Психологиялық кеңес, ағарту қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым -қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру.

Түрі: Ересектер «Жұлдыз» тобының ата-аналарымен коучинг-сессия

Әдіс - тәсілі: коучинг, тренинг, ойындар, психологиялық жаттығулар, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: слайд, интербелсенді тақта, түрлі шарлар, видеоролик, жіп, ақ парақ, доп, ертегі суреттері

Жүргізуші: Құрметті, қадірменді аяулы Аналар!

Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз - деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, тек қана игі жақсылықтар тілеймін.

  • Бүгін сіздермен коучинг-сессия өткелі отырмыз. Коучинг-сессия дегеніміз не? - деп отырған боларсыздар. Соған тоқталып өтейік.

Коучинг соңғы кезде пайда болған жаңа ілім. Коучинг (ағылш. соасhing - бапкерлік) - бұл адамға өзінің жеке мақсаттарын айқындау мен оған қол жеткізуге кәсіби көмек. Ағылшын тілінде "соасh" етістігінің мынадай анықтамасын береді - "жаттықтыру, оқыту, ақыл қосу, бағыттау, деректермен қамтамасыз ету". Коучинг - бұл адамдардың өмірде, мансапта, бизнесте, оқыту дағдыларында, бала тәрбиелеуде ең жоғары нәтижелерге жетуіне ықпал ететін кәсіби қатынастар процесі. КОУЧИНГТІ жүргізетін адам КОУЧ деп аталады. Сонымен, коучинг тренинг мағынасымен ұқсас келетін технология. Сіздер бүгінгі коучинг-сессияда алған мәліметтеріңізді, бала тәрбиелеудегі проблемаларды барынша тиімді шешуге зор мүмкіндік аласыздар деп ойлаймын.

Құрметті ата-аналар барлығымыз интербелсенді тақтаға назарымызды салайық. Бала туралы видеороликті тамалашайық.

- Көңіл - күйлеріңіз қалай, жақсы ма? Ендеше, бүгінгі іс-шарамызды бастамас бұрын, әрбір ойынды ойнағанда мына ережелерді есімізге сақтап алайық, сонда ойынымыз сәтті өтеді.

ТРЕНИНГ ЕРЕЖЕСІ
*Күлімсіреу;
*Бір - біріне кедергі жасамау;
*Өзгенің пікірін сыйлау;
*Сөзді бөлмеу, тыңдау;

КЕЗЕҢДЕРІ

  1. Танысу

2. Энерджайзер «Менің күнім»

  1. «Менің сүйікті әндерім» жаттығуы

  2. «Құбыр» тренингі


  1. Психологиялық тренинг «Ақшақар» жіптік курс

  2. «Жүрек жылуы» жаттығуы

1.Танысу

Шарты: Ата-аналар өзінің есімін және жұмыс орнын немесе айналысатын қызмет түрін айтады.

2. Энерджайзер

Қазір «Менің күнім» атты энерджайзер өткіземін. Энерджайзер дегеніміз - психологиялық ойын деген сөз.

Шарты: Алдарыңызда тұрған параққа күннің суретін салып, жан - жағына шуақтарын салыңыздар. Дәл ортасына өздеріңіздің күндеріңіз ұлыңыз немесе қыздарыңыздың есімін жазып, сипаттап беріңіз. (3 минут)

Қорытынды. Балаларыңызға жылы сөздерді үнемі айтудан жалықпаңыздар

- Ата-аналарымыздың жұмысы дайын болғанша бір керемет әнге кезек береміз. «Жұлдыз» ересектер тобының тәрбиеленушісі Жанболатқызы Гүлнәзіктің орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.

3.«Менің сүйікті әндерім» жаттығуы

Шарты: Ата-аналарға әр түрлі суреттер таратылып беріледі, сол сурет бойынша әндерді ажыратып оқып беруі тиіс.

4.«Құбыр» жаттығуы

Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына орай)

Шарты: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәріздес иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады.

5.Психологиялық тренинг «Ақшақар» жіптік курс

«Жіптік курс» дегеніміз не? «Жіптік курс» бұл тренинг, топтық жаттығу, қызықты ойын, әсерлі ой бөлісу мен ғажайып сәттер. Аты айтып тұрғандай жаттығу жіппен байланысты.

Қажетті құралдар: жіп, қарындаш, бос шырын құтысы

Шарты: Жіп қатысушылар санына қарай бөлінеді. 8 қатысушы болса 4 бөлікке бөлінген 2м жіп қажет. Әр қатысушының қолында жіптің бір ұшы қалуы тиіс. Ақылдаса отырып жіптерді алмастырып, қар үлгісін жасайды. Ортасына қарындаш қойылады. Қарындашты жерге түсірмей құтыға салу қажет. Егер қарындаш жерге түсіп кеткен жағдайда ойын қайта басталады. Жаттығуды сөйлемей дыбыссыз өткізу, ойынның қызығушылығын арттыра түседі.

6.«Жүрек жылуы» жаттығуы

- Құрметті ата -аналар! Өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайырымдылық - қатігездікке, адалдық - арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. Ендеше бүгінгі коучинг-сессиядан алған әсерлеріңізді айтып, талдау жасасаңыздар.

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық,- деп шеңберге тұрып, шаңырақ құрып бір сөзбен қандай да бір жақсы тілек айтуымыз керек.

Әке, Ана үш - ақ әріп тіршілік,

Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.

Үш - ақ әріп дүниені танытқан,

Үш - ақ әріп қойған жыршығып - дей келе бүгінгі коучинг-сессиямызды аяқтаймыз. Құрметті ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рақмет.



© 2010-2022