Қош бол даярлық - сценарий

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қош бол, даярлығым!

Жыл бойы жүргізілген жұмысты қорытындылау мақсатында «Қош бол, даярлығым!» тақырыбында даярлықпен қоштасу ертеңгілігін өткіздім. Ертеңгілікте балалар тақпақтар, әндер айтып, би биледі, көрініс көрсетті. Ойын арқылы тапсырмалар орындап, алған білімдерін көрсетті.

Тақырыбы: «Қош бол, даярлығым!»

Мақсаты: Жыл бойына алған білімдерін пысықтау, ертеңгі Қазақстанның болашағы екендігін ұғындыру, өздерін қадірлей білуді үйрету.
Көрнекілік: «Қош бол, даярлығым!» атты қабырға газеті , шармен әсем безендірілген сынып.

Тәрбиеші:

Уа халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Бүлдіршінің ортада
Тілашарын алайық

Музыка ойналып, ортаға балалар шығады.

Қымбатты ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін біз жыл бойы мәпелеп өсірген, тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-ші сыныпқа шығарып салғалы отырмыз.

Даярлықпен қоштасуға арналған «Қош бол, даярлығым!» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

Қарсы алыңыздар 2015 жылдың балдырғандарын!
(балалар шармен кіріп жарты шеңберге тұрады)
Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті,міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!




Аяулым:Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізде есен-сау бармысыздар.
Таусылмастай ағытып ой-арманның,
Ал достарым, қысылмастан сөйлегін

Алуа:Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңнен көрем шаттық, арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Асылхан: Құтты болсын қадамдарың қонақтар

Біздің тойдың көрермені болыңдар

Тамашалап балалардың өнерін

Марқайып, алақанды соғыңдар

Алмас : Күннің нұры шуақты,

Өтті сәби күндерім.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді

Адель: Қуан шаттан алақай,

қуанатын күн бүгін

Даярлықты қимай біз,

қоштасатын күн бүгін

Қ.Алихан: Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше,

Даярлықпен қоштасатын

Бүгінгі той ерекше.

И.Аружан: Бірге болсын ойымыз

Құтты болсын тойымыз

Бүлдіршіндер шаттана

Ән айтады мақтана.

Н.Алихан: : Бүгін қызық, бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Әнге салып, би биле
Жалғастырып ойды ой.

Камила:
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып,ән жаттап,
Оқып, жазып үйрендік.

Есенгали:
Сүйген өз қыз,өз ұлын,
Бөбегім деп аянбай
Даярлық өз үйім.
Тәтем болды анамдай

Тамирис:
Мен қайырымды баламын.
Тек жақсылық ойлаймын.
Кішілерге қамқормын,
Біріншіге дайынмын

Хор: «Балдырған» әні

У.Аружан:Оқимыз, білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Даярлықпен қоштасып

Мектепке кетіп барамыз

Даниял:Сыйластықты білеміз,

Достықты біз сүйеміз
Ата-ананы сыйлаймыз

Ұстаздарды тыңдаймыз

Тамирис:Біз балауса баламыз

Жетілді ой санамыз

Бал күндерді қиялдап

Мектепке кетіп барамыз.

Тәрбиеші:Өнер десе өрілген

Биіктерден көрінген

Бишілерді шақырсақ

«Көбелектер» биімен

«Мектеп алды даярлық» тобының бишілері «Көбелек» биі.

Даяна:Даярлығым сүйікті

Ән салдырды, билетті

Шынықтырып денеңді

Шымырлыққа үйретті.

Максим:Қош даярлық тобымыз

Ардақтаймыз атыңды

Ізгіліктің басы боп

Мені мектеп шақырды.

Ш.Аружан:Көк жүзінде самғаңдар

Мұхиттарды жалғаңдар

Күллі әлемді шарлаңдар

Ғарышқа да самғаңдар


Тәрбиеші: Әсем әнмен арайлап таң атады,

Бар жүрекке нұрын құйып жатады.

Мерекеге арналған әсем әнмен,

Аяулымды шапалақтап қарсы алайық.

Ән: «Ертегілер әлемі»

Сахналық қойылым: Цифрлар:

Есенгали:
Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.

Камила:
Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрағым.
Бірді бірге қосқанда
Мен шығамын шырағым.

Тимур:
Екіден соң әрқашан,
Үш саны мен тұрамын.
Орныма барамын,
Екі айшық саламын.

Адель:
Үш сызықтан таяғым,
Оқушылар қояды.
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы.

Шыңғыс:
Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Санашы бір қолыңның саусағын,
Оңай табасың бесті.

И.Аружан:

6 саны: Мен өзімді қатарға
Бестен кейін тұрамын
Басым бірден басталып
Нөлмен бітер аяғым

Ағзам 7 саны:

Қара мына қызықты
Көсеуді ұмытты
Жазылғанда қос дөңгелек
Бел ортамнан сызықты

Алуа 8 саны:

Менің атым сегіз
Жетіден соң десеңіз
Жеті болам бір тартсаң
Мен боламын сегіз

Асылхан 9 саны:

Сегізден кейін тоғыз
Алтыны төбесінен тұрғыз
Сонда боламын тоғыз

Аяулым 10 саны:

Әліппеде О-ға ұқсаймын
Санда 0-ге ұқсаймын
Жеке тұрсам мәнім жоқ
Бір орынды ұстаймын

Амир:

Әрбір сөздің мәнерін

Үйреткен көп өнерін
Адам етіп баптаған

Анамыз саған мың алғыс (Хормен)

ән: «Балапан»

Ойын: «иа, жоқ» балалармен

1. Мектепке біз барамыз ба?

2. Кілең бестік аламыз ба?

3. Айтқан тілді аламыз ба?

4. Ақылды бала боламыз ба?

5. Танартен ерте тұрамыз ба?

6. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

7. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

8. Екі алғанда жылаймыз ба?

9. Оқушы біз боламыз ба?

10. Тәртіпті боламыз ба?

Ата аналармен ойнау:

1. Балаңызға әрқашан тірексіз ба?

2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз ба?

3. Тамағын уақытылы бересіз ба?

4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?

5. Сериал көріп жатасыз ба?

6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?

10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Ән: «Ақ мамам» даярлық сынып оқушылары

Камила:Қуантып, әрі қинайды
Даярлықтан алыс кеткенім
Қажет қой бірақ білімнің
Теңізінен өткенім.

Досхан:Үлкендердей тап- таза
Бормен жазар тақтаға
Үлгілі бала боламын
Жүретіндей мақтана.

Ш.Аружан: Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс
тәрбиешіммен мен мақтанам.

Алмас: Күннің нүры шуақты
Сергітеді денемді
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді.

Алуа: Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығармыз
Қуантып ата - ананы
Таза сәби жүрекпен
Айтамыз сізге мың алғыс

Ерасыл:Тәрбиеші мен күтуші
Апамыздай біздерге
Тек жақсылық тілейміз
Рахмет айтып сіздерге.

У.Аружан:6-жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата-ананы
Мектепке кетіп барамыз

Би: «Қоштасу вальсі» даярлық сынып

Тәрбиеші:Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа енді жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер!

Айналайын балалар,

Алда Мектеп - Ана бар,

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар, даналар - дегендей мектепалды даярлық тобының «Қош бол, даярлығым» атты ертеңгілігімізді жабу үшін және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді мектеп-лицей директоры Смаилова Күлімкөз Қаирбаевнаға беріледі.













© 2010-2022