Воспитатель Средней группы Урок

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Павлодар облысының білім беру департаменті

Педагог мамандар біліктілігін арттыру институты

«Ертіс» қоғамдық балалар қоры






Өзін-өзі тану курсы бойынша

Ашық сабақ


Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»


Воспитатель Средней группы Урок
















Өткізілген сынып:1-сынып

Өткізген:Кабашева Галия Булкаировна

Ақсу қаласының гимназиясы








Павлодар, 2007жыл


Тақырыбы: Табиғатты аялайық.

Мақсаты:

-Балаларды туған елінің табиғатымен таныстыру.

-Табиғат әлеміне танымдық қызығушылықтарын арттыру.

-Табиғатқа деген қамөорлық, сүйспеншілік сезімдерін ояту.

Әдіс-тәсілдер:

сұхбат,әңгіме, сәйкестіру,ой-шабу, шығармашылық

ізденіс, салыстыру.

Құрал-жабдықтар:

«Қазақстанның табиғаты» бейнекөрініс, «Табиғат үндері» аудиожазда,

Түрлі-түсті ленталар.

Сабақ барысы

Шаттық шеңбері

-Сәлеметсіңдер ме, балалар,Сендермен кездесуге қуаныштымын.Бүгінгі күн біз үшін қызықты да,қуанышты да болатынына сенемін.Махаббат періштесі баршамызды шеңберге шақырады.

Шеңбер бойлап жүреміз

Әр гүлге көңіл бөлеміз.

Сұлулық пен махаббатқа

Сеніп, біз өмір сүреміз.

Әңгімелесейік

-Балалар,сендер қай мемлекетте тұрасындар?

-Қазақстанда.

-Қазақстан жері,табиғатты туралы не білесіңдер?

Балалардың жауаптары

Қазақстан елінің табиғаты бай және ерекше. Өткені бізде кең байтақ дала да, шалқыған өзен-көлдер де, жайқалған орман да ,асқар биік таулар да бар. Ұлан-байтақ күн сәулелі жерімізде алуан түрлі аңдар мен құстар мекендейді.

-Балалар,қалай ойлайсыңдар табиғатты не үшін сүйесіңдер?

Балалардың пікірлері,ойлары.

Шығармашылық тапсырма

-Айналадағы қоршаған табиғат қандай болады?

Өлі тірі

Балалар өлі,тірі табиғат заттардың суреттерін салады.

Осы табиғат заттарын адам бойындағы қасиеттермен салыстырып көрейік

  • Мысалы: Күннен- мейірімділік қасиетін көруге болады.Күн жылулық береді.Мейірімді адамның жүзінен жылулық көрінеді.

  • Тас-қаталдық қасиетін білдіреді.

  • Гүлдер-әсемдік,әдемілік қасиеттерін білдіреді. Бұл қасиеттерді қыздардың бойынан көруге болады.

Өлі және тірі табиғаттың қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

  • Бүкіл тіршілікке су,ауа,күн,жер керек.

Сергіту сәті:

Ойын-тренинг «Қырықаяқтың саяхаты»

Балалар бір-бірінен соң тұрып, әртүрлі орталықтарға қарай жылжиды.Бір-бірінен айырылмай қиындықта қалай көмектесетінін көрсетеді.

Тыңдайық-ойланайық «Гүл және қар» В.А.Сухомлинский.

Бұл қыста болған оқиға.Маржан шанамен сырғанап ойнап жүрген еді.Үйге қайтып келе жатқанда ол жұпаргүл түбінің жанынан сыңған бұтақты көреді.Маржан бұтақты үйіне алып келеді.Гүлсауытқа су құйып,бұтақты салып қояды.

Бірнеше күннен кейін бұршақ бүршік атып,жасыл жапырақтар шыға бастады.Бір күні Маржан бұтаққа қарап,өз көзіне сенбей таң қалады.Жапырақтардың арасынан жаңадан көкшіл гүл өсіп келе жатыр екен.Маржан гүлсауытты терезенің алдына қойды.Бұтақ даладағы қарлы кілемге қорқынышпен қарап тұрғандай болды.Сондықтан Маржан гүлге қарап: «Мұңайма, көктемнің келуіне аз уақыт қалды»-дейді.

  • Суық қыста сынып қалған бұтақ қандай күйде болады?

  • Ал жапырақтар мен гүлдері шыға бастағанда ше?

  • Маржан оған :»Мұңайма, көктемнің келуіне аз уақыт қалды» дегенде бұта қандай сезімде болды?

Ойын: «Тапқырлар».

Балалар 2-топқа бөлініп сұрақтарға жауап береді.

  • Күн жарқырап тұрғанының себебі неде?

  • Жаңбыр жауғанының себебі.

  • Қар жауғанның себебі.

  • Тайғақ болудың себебі.

  • Қар ерудің себебі.

  • Мұздың қату себебі.

  • Ағаш бүршік атудың себебі.

  • Құстардың ұшып келуінің себебі

  • Терезенің қырау басуының себебі

  • Жапырақтардың сарғаюының себебі.

Қортынды.

-Балалар табиғатты қорғау керек пе?Неден қорғау керек?

Бір-біріміздің қолымыздан ұстайықшы.Бірге болған қандай тамаша!

Табиғат та бірлікті,татулықты қалайды.Сондықтан табиғатқа,жерімізге қандай тілектерің бар?

Жүректен-жүрекке.

Шеңберге байланған түрлі-түсті ленталарды табиғатпен байланыстыра отырып,балалар өз тілектерін айтады.

Мысалы: Көк-аспанымыз ашық болсын,сары-көңіліміз шат болсын,жасыл-орманымыз жайқалып өсе берсін,ақ-жүрегіміз таза болсын,тоқсары-отбасымыз аман болсын

Воспитатель Средней группы Урок

















Табиғат ол анамыз.

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз.

Шаттық әнге саламыз.



© 2010-2022