Жоспар Ана тілім - бала тілім

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілім - бала тілім

Оқу іс - әрекетінің мақсаты: балаларға Қазақстан мемлекеті жайында, қазақ тілі жайында, толық түсінік беру. Балалардың сөйлеу қабілетін арттыру. Балалардың Отансүйгіштік, партиоттық сезімін ояту.

Көрнекілігі:Қазақстан Республикаының рәміздері туралы суреттер.

Тәрбиеші: Балалар, біз тәрбие сағатын бастамас бұрын, өзіміздің мемлекеттік әнұранымызды орындайық. ( Әнұран орындалады.)

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

-Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?

-Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.

-Күннің көзін көргенде сендер қалай қуанасыңдар?

-Алақай деп қуанамыз! ( Қол шапалақтау)

-Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз. Төменнен не көреміз?

-Жоғарыдан аспан , күнді, бұлтты, төменнен жерді, суды, шөпті көреміз.

-Ендеше біз аспанға, жерге, күнге және көруге келген қонақтарға сәлем беріп, қарсы алайық!

-Қуан шаттан ,алақай!

- Қуанатын күн келді!

-Қайырлы таң, қайырлы күн!

-Күліп шықты күн бүгін!

-Сәлеметсің бе? Есенсің бе? Амансыз ба?

-Бәріміз күндей жарқырайық!

-Бәріміз дос болайық!

-Бәріміз тату болайық!

-Балалар, біздің жеріміз, суымыз және орман - тауымыз, өмір сүріп сүретін ортамыз бәрімізге ортақ.

- Осыны ешқашан естеріңнен шығармаңдар!

-Жарайсыңдар балалар, орындарыңа отырып жайғасыңдар.

Алдымен өтке тәрбие сағатын қайталайық.

-балалар, біз күз мезгілімен танысқан болатынбыз,қане кім айтып береді?

-Қазір жылдың қай мезгілі екен?

-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Күз мезгілінде ауа - райы қандай болады?

-Ауа - райы салқын болады.

-жапырақтардың түсі қандай болады?

-Сары, қоңыр, сарғыш болады.

Балалар, неге біз күз мезгілін жоматр күз, алтын күз дейміз?

-Себебі, күзде астықтың барлығы піседі, жемістер және көкөністер де піседі.

-Жарайсыңдар балалар.

-балалар бүгін қандай мереке?

-Бүгін « Тіл » мерекесі.

-Дұрыс айтасыңдар, бүгін « Тіл » мерекесі.

Ал бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы « Ана тілім - бала тілім » деп аталады.

-Балалар , біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында.

-Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

-Астана қаласы.

-Қазақстан Республикасының рәміздері нешеу?

-Үшеу.

-Қане, кім маған атап береді?

-Елтаңба, көк ту, әнұран.

-Елтаңбаның сурреті, пішіні қандай?

-Дөңгелек, екі шетінде қос тұлпар, ортасында шаңырақ, астында Қазақстан деген жазуы бар.

-Ал тудың түсі қандай?

-Көгілдір, пішінәі тік бұрыш, ортасында күн сәулесі, сатында қыран құс, шеті өрнекпен өрнектелген екен.

-Балалар біздің ұлтымыз қалай аталады?

-Қазақ деп аталады.

-Қай тілде сөйлесеміз?

-Қазақ тілінде сөһйлесеміз.

-жарайсыңдар балалар, сендер еліміздің рәміздерін жақсы білетіндіктеріңді таныттыңдар.

Тосын сәт. Әже мен қоян кіреді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар?

-Біз орманнан сендерге арнайы келіп отырмыз.

-Мына менің көжегім орманнан жапырақ теріп алыпты, олар жай жапыра емес екен, сиқырлы екен.

-Қане, мен көрейінші, қандай жапырақ екен, ой балалар, бұл жапырақтың астында жазулар бар екен.

1- жапырақтың астында Қазақстан Республикасы жайынгда өлең - шумақтар айтып беріңдер - деген тапсырма жазылыпты.

Нұрым: Асқар тауым - Қазақстан

Әсем әнім- Астанам,

Қазақстан - отаным деп,

Әр қашан да мақтанам.

Сабина: Қазақстан жері - сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз,

Саясында жетілер.

Балдай бала шағымыз.

Әділжан: Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалайды шапағы.

Байтақ елем - ұлы Қазақстаным,

Ең бақытты балалардың Отаны.

2- жапырақтың астында Ана тіліміз туралы өлең шумақтар айтып беріңдер - деген тапсырма жазылыпты.

Інжу:Менің атым біреу - ақ,

Сөйлейтін де жазатын.

Тауып қойған тілеуі - ақ,

Қазақ деген өз атын.

Самат: Ақыл ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Әдем: Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

Мәншүк: Желеп - жебеп піріміз,

Таза болсын денеміз.

Жауқазындай жалындап,

Өркендесін тіліміз.

Сергіту сәтін орындау.

Ал мына жапырақта не жазылған екен. Отан туралы мақал - мәтел дер айтып беріңдер - деп жазылыпты.

Арай: Отан - оттан да ыстық.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

Венера: жері байдың - елі бай.

Өнерлі елден - өнерлі ұл - қыз шығады.

Сырым: Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Абзал:Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.

Жарайсыңдар балалар, сиқырлы жапырақтағы тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Бүгін « Тіл »мерекесі болғандықтан сендермен қазақ халқының ұлттық ойын ойнағым келіп тұр.

« Арқан тарту» ойыны.

Қорытынды : Ал , балалар келген қонақтарға алғысымызды білдіре отырып, бір мерекелік ән орындап берейік.

Ән:« Ана тілі»

Балалар өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білейік!



© 2010-2022